Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы


Ұлт мәселесін шешудің принциптері



бет9/34
Дата14.03.2024
өлшемі0.52 Mb.
#495572
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
?ëåóìåòò³ê-ãóìàíèòàðëû? ï?íäåð êàôåäðàñû

5. Ұлт мәселесін шешудің принциптері. Ұлт мәселесін шешудегі кейбір саяси принциптер. Ең алдымен ұлттардың өзін - өзі билеу құқығы. Ол мәселе қазіргі уақытта нақтылы, ашық, тікелей қойылуының нәтижесінде республикалар өздерінің егемендігін, тәуелсіздігін жариялады, соның нәтижесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы пайда болды.
Ендігі принцип тіліне, дініне, нәсіліне, ұлтына қарамай ұлттардың толық тең құқықтығын қамтамасыз ету. Ол мемлекеттік дәрежеде халықтың қолдауымен шешілуге тиісті. Содан кейінгі принцип интернационализм.
Үлкен орын алатын мәселе халықтардың ұлттық мемлекеттік құрылымы. Ұлт саясатындағы маңызды мәселе ұлтаралық дау, жанжалдарды шешуде алдын ала зерттеу, оны шешудің тиімді жолдары мен әдістерін іздестіріп табу, дұрыс жүргізу. Ұлтшылдықтың барлық көрінісіне қарсы аяусыз күрес жүргізу. Қазіргі кезеңде біздің елімізде ұлт мәселесі ең күрделі мәселе болып отыр. Бұл проблема жайында жарияланған материалдар өте көп. Сондықтан біз бұл мәселеге көп орын бөлмеуді дұрыс көрдік. Ұлт саясаты жаңа Констиуцияда кең орын алады.
Біздің плюралистік даму жағдайымызда дін саласындағы саясатқа көңіл бөлу қажет. Дін тек қана құдайға сену, діннің әдет – ғұрпын сақтау емес, сонымен қатар мораль, адамгершілік туралы ойлар. Кеңес мемлекеті өзінің алғашқы жылдарында діни көзқарас, діни сенімге құқық береді. Бірақ оның ғылыми көзқараспен қарама – қарсы екенін еске ала отырып шіркеуді мемлекеттен, мектепті шіркеуден айыру туралы декрет қабылдады. Шіркеу мемлекеттік заң, қаулы қабылдау құқығынан айрылады, дінді дәріптеуге тежеу салынады. Сөйтіп діннің қанаушы таптың қызметін қолдануына шек келтірілді. Бірақ кейін жеке адамға табыну жағдайында дінді қудалушылық, діни сенімді қорлаушылық күшейді.
6. Ұлтаралық қарым- қатынас мәдениеті және оның азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайтудағы рөлі. Ұлтаралық қарым- қатынас мәдениеті және оның азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайтудағы маңызы зор. Кеңес Өкіметі тұсында Қазақстан көп ұлтты мемлекетке айналады. Қандай да бір қайшылықтар мен қайшылықтар болмасын, Қазақстанды мекендеген халықтар өзара достықта өмір сүрді. Бір бірімен қарым - қатынастары тығыз болды. Сөйтіп қазіргі өзара түсіністік пен азаматтық татулықтың негізі сол кезден бастап қалыптаса бастады.
Қазақстандағы экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асырудағы басты тұлға – адам. Біз құрып жатқан жаңа қоғамның ең жоғары құндылығы да адам. Қазіргі өзгерістің бәрі сол адам үшін, адамның игілігі үшін жасалып жатыр.
Елімізді мекендейтін 120 ұлт пен ұлыстың достығының кепілдігі барлық ұлт өкілдеріне деген қамқорлық Конституцияның бірқатар баптарында арнайы атап көрсетілген.
Ұлтына, нәсіліне, діни сеніміне қарамастан қазақтар мен басқа да ұлт өкілдері Қазақстан халқын құрайды.
Ұлт саясатындағы маңызды мәселенің бірі - азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді орнықтыру. Бұл келісім халықтардың экономикалық теңдігі мен мәдени дамуын, өзара достықты, ұлттық мүдделер мен ұлттық ерекшеліктерді, тілдердің еркін қолданылуын, ұлттардың бір – біріне деген құрметін еркін қолданылуын, ұлттардың бір – біріне деген құрметін қамтамасыз етеді.
Әрбір ұлттың өз ерекшелігі бар. Сондықтан ұлттық қатынасты жан – жақты дамыта отырып әрбір ұлттың, халықтың өзінің тарихи қалыптасқан дәстүрлері мен әдеп – ғұрыптарын сақтап, байыта түсуге толық жағдай жасалынады. Мұны біздің Республикамызды мекендейтін ұлттардың өкілдері күнделікті тұрмыста сезіне түсуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет