Әлеуметтік келісім шарт Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы №20 жылғы



бет5/6
Дата02.01.2022
өлшемі22.22 Kb.
#452058
1   2   3   4   5   6
әлеуметтік келісім шарт

5. Күтпеген жағдайлар

10. Талаптар су тасқыны, жер сілкінісі, жарылыстар, дауылдар, індеттер, эпизоотиялар, дүлей өрттер, ереуілдер, соғыс, көтерілістер сияқты осы келісім шартқа қол қойылғаннан кейін туындаған төтенше жағдайлар немесе еңсерілмейтін күш жағдайлары жағдайында міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

11. Күтпеген жағдайлар туындаған кезде осы Келісім шартқа сәйкес қандайда бір міндеттемелерді орындау осындай жағдайлардың туындауына байланысты мүмкін болмаған тарап күтпеген жағдайлар басталған немесе тоқтатылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

12. Осы келісім шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі күтпеген мән-жайлар, сондай-ақ осы мән-жайлардан туындаған салдарлар әрекет еткен уақытқа сәйкес кейінге қалдырылды.

13. Егер күтпеген жағдайлардың туындауына байланысты тараптардың осы келісім шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе ішінара орындау мүмкін еместігі _________ (кезеңін көрсету) астам болса, онда тараптар осы келісімшартты бұзуға құқылы.
6. Өзге шарттар

14. Келісім шартқа қосымша келісімге қол қою арқылы тараптардың келісімі бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.

15. Келісім шарт қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және «___» _________ 20 ___ әрекет етеді.

16. Отбасы (адам) осы Келісім шарттың талаптарын орындамаған кезде халықты жұмыспен қамту орталығы келісім шартты бір жақты тәртіппен бұзады.

17. Осы келісім шарт бірдей заңды күші бар екі данада жасалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет