Әлеуметтік келісім шарт Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы №20 жылғы



бет2/6
Дата02.01.2022
өлшемі22.22 Kb.
#452058
1   2   3   4   5   6
әлеуметтік келісім шарт

1. Келісім шарттың мәні

1. Осы әлеуметтік келісім шартқа қосымшаға сәйкес келісім шартқа ажырамас қосымша болып табылатын отбасының (адамның) өмірлік қиын жағдайдан шығуына арналған жеке жоспарға (бұдан әрі – жеке жоспар) сәйкес өтініш берушінің өмірлік қиын жағдайдан шығуына жәрдемдесу арқылы Талаптардың қатынастарын реттеу келісім шарттың мәні болып табылады.


2. Келісім шарт тараптарының міндеттері

2. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

1) ШАК тағайындауға өтініш берушіге консультациялық қызмет көрсетуге;

2) Әлеуметтік келісім шартты іске асыру кезеңінде әңгімелесуді өткізу, қажетті құжаттарды толтыруға жәрдемдесу, жұмыс іздеу, ассистентті/консульнатты тарта отырып келісім шарт бойынша міндеттемелерді орында жолымен отбасын сүйемелдеуге;

3) Жеке жоспарға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу (қажет болған жағдайда) жөніндегі іс-шараларды ұсынуды ұйымдастыруға;

4) Жеке жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыруға тартылған басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;

5) Отбасының (адамның) өзін-өзі қамтамасыз етуге шығуына жәрдемдесуге және келісім шарттың барлық қолданылу мерзімі ішінде ілесіп жүруді қамтамасыз етуге;

6) Ассистенттерді/консультанттарды тарта отырып, қатысушының және (немесе) оның отбасы мүшелерінің жеке жоспарды орындау жөніндегі келісім шарт міндеттемелерін орындауына ай сайынғы мониторинг жүргізуге міндеттенеді;

3. ШАК тағайындауға өтініш беруші және оның отбасы мүшелері:

1) Келісім шарт талаптарын және жеке жоспар бойынша іс-шалаларды толық көлемде орындайды және өмірлік қиын жағдайдан шығу бойынша белсенді іс-қимыл жасайды;

2) Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу нәтижесінде халықты қамту орталығы ұсынған жұмыс орнына жұмысқа орналасады;

3) Жеке жоспарда жоспарланған әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шараларды орындайды;

4) Халықты жұмыспен қамту орталығына шартты ақшалай көмекті тағайындауға және оның мөлшеріне әсер ететін мән – жайлардың басталғаны туралы, сондай-ақ банк шоты және (немесе) тұрғылықты жері нөмірінің өзгеруі туралы (тиісті өзгерістерді растайтын құжаттармен бірге) көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ақпарат береді;

5) Халықты жұмыспен қамту орталығына немесе аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне осы келісім шартта көзделген міндеттемелердің орындалуын мониторингілеу үшін қажетті құжаттар мен материалдарды уақытылы және толық көлемде ұсынады.

5-1) Алынған бір жолғы шартталған ақшалай көмекті нысаналы пайдалану бойынша және әлеуметтік келісім шартта берілген біржолғы төлемді нысаналы пайдалану мерзімі өткеннен кейін бір жұмыс күні ішінде ассистентті (консультантты) біржолғы шартты ақшалай көмекті нысаналы пайдалану туралы хабардар етуге және оған растайтын құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқаларын ұсынуға міндеттенеді;

6) Пайдаланылмаған немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған ақша қаражатын, сондай-ақ заңсыз алынған қаражатты, оның ішінде ШАК-тың заңсыз тағайындалуына алып келген дәйексіз мәліметтер анықталған жағдайда өтейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет