Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы бекіту туралы



бет1/3
Дата09.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#124416
  1   2   3
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес және аудан әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 298 қаулысын қарай келіп аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

Негіз: 2015 жылғы 17 ақпандағы Қазақстан Республикасы Премьер Министрдің орынбасары Б.Сапарбаевтың тапсырмасы және Қазақстан Республикасы Үкіметі мәжілісінің 20 ақпандағы 2015 жылғы №10 хаттамасы.

2. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 30 қазандағы №226-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2793 санымен тіркелген, аудандық «Серпер» үнжариясында 2013 жылдың 21 қарашасында №48 санында жарияланған) шешімі қолданыстына жойылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ш. Жәлелов) жүктелсін.

4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Аудандық мәслихаттың

ХХІІ сессиясының төрағасы Б. Абдулов
Аудандық мәслихат хатшысы Р. Сұлтанияев

Аудандық мәслихаттың

2015 жылғы " " __________

_ шешіміне қосымша




Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы (бұдан әрі - қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді.



1. Жалпы ережелер
2. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

1) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

3) ең төмен күнкөріс деңгейі - облыстағы статистикалық орган есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы- отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

6) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

7) уәкілетті орган - жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;

8) уәкілетті ұйым - "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

9) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасыларының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

10) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

11) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі – ШАК) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім шартының талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем;

12) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім шарты – шартты ақшалай көмек тағайындау үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;

13) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар кешені;

14) әлеуметтік бейімдеу шаралары – арнаулы әлеуметтік қызметтер сапасы негізінде әлеуметтік орта жағдайына бейімдеу мақсатында көрсетілетін, олардың жеке мұқтажына байланысты сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен қарастырылған (тұрғын үй көмек, жергілікті атқарушы органның шешімімен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілетін әлеуметтік көмек) ықпал ететін заңнамада көзделген өзге де шаралар.

15) ассистенттер – шартты ақшалай көмек алу үшін кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) жүгінген үміткермен консультациялар өткізу, әңгімелесу, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын іске асыру кезеңінде адамды (отбасын) сүйемелдеу, атқарылған жұмыс туралы мониторинг жүргізу және есеп жасау үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі шарт негізінде тартатын адамдар;

16) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар – шартты ақшалай көмек алу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгінген үміткермен консультациялар өткізу, әңгімелесу, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын іске асыру кезеңінде адамды (отбасын) сүйемелдеу, атқарылған жұмыс туралы мониторинг жүргізу және есеп жасау үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі шарт негізінде тартатын, халықты әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы органдары мен ұйымдарының және өзге де ұйымдардың мамандарымен өзара іс-қимыл жасайтын адамдар;

17) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысатын және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;

18) жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

19) жүгінген күні – барлық қажетті құжаттармен уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне шартты ақшалай көмек тағайындауға өтініш берілген ай;

20) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем;

3. Осы қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі-ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне, ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстың жергілікті атқарушы орган бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
7. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

3) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.

Азаматтарды мұқтаж санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітеді.

Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

8. Шартты ақшалай көмек өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен, отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің (адамның) жұмыспен қамтуға жәдесдесудің белсенді шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделу шартымен әлеуметтік келісім шартқа (әрі қарай – әлеуметтік келісім шарт) отырған тұлғаларға (отбасыларға) ұсынылады.

9. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін әлеуметтік келісім шарт негізіндегі шартты ақшалай көмектен басқа, арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

11. Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған әлеуметтік келісім шарт негізіндегі шартты ақшалай көмек мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыста белгіленген ең төменгі күнкөріс дейгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

12. Отбасының (адамның) жан басына шаққанда орташа табысы әлеуметтік келісімшарт негізінде шартты ақшалай көмек алуға үміткердің өтініш берген тоқсанның алдындағы 3 айда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.

Бұл ретте жиынтық табыс Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі №237-ө бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылы 28 тамызда №5757 болып тіркелген) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережісіне сәйкес есептеледі.

13. Шартты ақшалай көмек отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және үміткердің өтініші бойынша ай сайын немесе үш ай үшін бір мезгілде төленеді.

Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі шартты ақшалай көмектің бір реттік сомасы бұрынғы қарызды өтеу, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуға тиіс.

Шартты ақшалай көмек мөлшері отбасы құрамы өзгерген жағдайда, көрсетілген мән-жайлар орын алған сәттен бастап қайта есептеледі, бірақ оны тағайындаған сәттен бұрын емес.

Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын және шартты ақшалай көмек төленетін кезеңде атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады.



3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі
14. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

1) жеке басын куәландыратын құжатты;

2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы;

3) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

4) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты; ұсынады.

5) отбасы мүшесіне (қажет болған кезде) қамқоршылықтың (қорғаншылықтың) белгіленгенін растайтын құжат;

16. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

17. Үміткер шартты ақшалай көмек алу үшін жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе ол болмаған жағдайда ауылдық округ әкіміне жүгінеді.

18. Әлеуметтік келісім шарт негізіндегі шартты ақшалай көмек алуға жүгінген отбасына (адамға) уәкілетті орган, селолық округ әкімі не ассистент көмек көрсету шарттары туралы кеңес береді және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім шартына келісім берген жағдайда әңгімелесу жүргізеді.

Әңгімелесу жүргізу нәтижесінде:


  1. үміткердің шартты ақшалай көмек алуға құқығы;

  2. отбасы мүшелеріне олардың жеке мұқтаждықтары ескеріле отырып көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері;

  3. жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары айқындалады.

Әңгімелесу нәтижелері бойынша осы Қағидаға 2 қосымшасына сәйкес әңгімелесу парағы рәсімделеді.

19. Әңгімелесу парағына қол қойған үміткер Қағидаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес шартты ақшалай көмек алуға өтініш пен отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырады, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отбасы құрамы туралы мәліметтер;

2) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер.

Уәкілетті орган құжаттардың электрондық көшірмелері мен мәліметтердің сапасын және олардың өтініш беруші ұсынған құжаттардың түпнұсқасына сәйкестігін қамтамасыз етеді.

20. Өтініш беруші тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін оның қатысуымен уәкілетті органның қызметкері өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес мемлекеттік ақпараттық жүйелерге сұрау салуды қалыптастырады.

Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар сұратылған мәліметтерді растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде уәкілетті орган өтінішті осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналға тіркейді, содан кейін өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар үзбелі талон беріледі.

21. Уәкілетті орган немесе ауылдық округ әкімі құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде іс макетін қалыптастырады және «Өрлеу» жобасына қатысуға үміткер өтініш берушінің материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияларға береді.

22. Учаскелік комиссиялар құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушінің материалдық жағдайына зерделеу жүргізеді, және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша учаскелік комиссияның қорытындысын дайындайды және оны уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне береді.

23. Ауылдық округ әкімі өтініш берушілердің құжаттарын учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса, олар қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға береді.

24. Уәкілетті орган құжаттарды ауылдық округ әкімінен немесе учаскелік комиссиядан алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелері бар өтініш берушінің электрондық іс макетін қалыптастырады, отбасының әрбір мүшесіне арналған шартты ақшалай көмектің айлық мөлшерін айқындайды;

25. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына зерделеу жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

26. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

27. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге құзырлы уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

28. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

29. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

30. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

31. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні осы Қағидаға 12-қосымшаға сәйкес жазбаша хабардар етеді.

32. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.

23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

34. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығындарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.




4. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау.
35. Әлеуметтік келісімшарт негізінде төленетін шартты ақшалай көмек алуға құқығын анықтағаннан кейін өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін отбасы көмектің жеке жоспарды және денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы №88 бұйрығымен бекітілген «отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт және отбасы көмектің жеке жоспар нысанасын бекіту туралы» нысанға сәйкес, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау үшін шақыртады.

Бұл ретте, уәкілетті орган жіберілген адамдардың тізімін жұмыспен қамту орталығына береді. Жұмыспен қамту орталығы үміткерлердің тізімін алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуметтік келісімшарт (келісімшарттар) жасасады және әлеуметтік келісімшарттың (келісімшарттардың) көшірмесін уәкілетті органға жібереді;

Бұл ретте үміткерлер оның ішінде, өз бетімен жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар, осы Қағиданың 3 бөлімінде көзделген жағдайды және 1, 2 топтағы мүгедектерді, күндізгі оқыту түріндегі оқушыларды, студенттер, тыңдаушылар және магистранттар қоспағанда, бір жұмыс күні ішінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға әлеуметтік келісімшарт жасау үшін жұмыспен қамту орталығына жібереді не жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдама береді.

36. Жеке жоспар өтініш берушімен және (немесе) оның еңбекке қабілетті отбасы мүшелерімен бірге жасалады және табысы аз азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін кәсіби және отбасының әлеуметтік бейімделуі бойынша жоспарлы іс-шараларды қамтиды, дербес жағдайда:

1) уәкілетті орган және (немесе) жұмыспен қамту орталығының қолдауымен белсенді жұмыс іздеу және оларға ұсынылған жұмыс орнына жұмысқа тұру;

2) кәсіби дайындық, қайта даярлау және біліктілікті арттырудан өту;

3) жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру, жеке қосалқы шаруашылығын дамыту;

4) халықтың мақсатты топтарының мерзімдік скринингтік тексеруден өту;

5) отбасы мүшелерінің құрамында жүкті әйелдер болған жағдайда, денсаулықсақтау ұйымына жүктіліктің 12 аптасына дейін дәрігерлік тіркеуге тұру, акушерлік-гинекологиялың көмек көрсететін және жүктіліктің барлық кезеңінде бақылауда болу;

6) әлеуметтік мәні бар аурулар болған жағдайда ерікті емделу (маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез);

7) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және (немесе) мүгедектерді оңалту шараларын уақтылы алу;

8) уәкілетті органның ұйғарымымен табысы аз отбасылардың (азаматтардың) жеке қажеттілігіне байланысты аныңталған кәсіби және әлеуметтік бейімделу бойынша басқа іс-шаралар;

37. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, ауылдық кәсіпкерлікті дамыту, оқыту және ерікті қоныс аудару, сондай-ақ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де шаралар арқылы отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді көздейді.

38. Отбасы мүшелерін (адамды) әлеуметтік бейімдеу олардың жеке мұқтаждығына байланысты «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен қарастырылған әлеуметтік қолдаудың өзге де шараларын көздейді.

39. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу:

стационарлық, амбулаторлық (шипажайлық) емделу (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынғанкезде) кезеңінде;

жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын негізгі үміткерден (үміткерлерден) басқа, адамдардың үш жасқа дейінгі балаға, он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін міндетті шарт болып табылады.

40. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар тәжірибесінен өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.

Отбасының белсенділігін арттыру әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда, шартты ақшалай көмек мөлшері қайта қаралмайды.

41. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данадан жасалады, оның біреуі өтініш берушіге беріліп, тіркеу журналына қол қойғызылады, екіншісі – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты жасалған органда сақталады.

42. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттемелердің орындалу мониторингісі оны жасаған органмен жүзеге асырылады.

43. Уәкілетті орган отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының барлық бағытында сүйемелдеу және жеке жоспардың орындалуын бақылау, содайақ оның тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет