Әлеуметтік педагогика – білім саласы Оқу нәтижелері



Дата03.01.2024
өлшемі12.62 Kb.
#488435
түріСабақ
1 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы


№1 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Әлеуметтік педагогика – білім саласы


Оқу нәтижелері:
- осы тақырып бойынша кілт сөздердің тізбесін және анықтамалардың тізбесін жасай алады;
- әлеуметтік педагогиканың идеяларын зерттеп мен жинақтап, қорытындылай алады.

Тәжірибелік сабақтың тапсырмасы:


1.Әлеуметтік педагогиканың идеялары мен тәжірибесінің тегі – кесте түрінде ақпаратты беру.
2. Әлеуметтік педагогиканың мәні мен мазмұны – конспектілеу.
3. Әлеуметтік педагогиканың объектісі мен пәні – байланысын сызба арқылы көрсету
4.Әлеуметтік педагогика - әлеуметтену процесіндегі тұлғаның, қоғамдық топтардың әлеуметтік басталуының және одан әрі жетілдіруінің теориясы мен тәжірибесі – баяндама әзірлеу.
5.Әлеуметтік педагогиканың негізгі категориялары, атқаратын міндеттері – кесте әзірлеу.
6.Әлеуметтік педагогиканың құрылымы мен алатын орны – сызба әзірлеу.
7.Әлеуметтік педагогиканың зерттеу әдістері – презентация жасау.
Бағалау критерийлері:
Практикалық сабақ студенттің сабақтағы белсенділігіне және практикалық тапсырмалардың дұрыстығына байланысты ең көп дегенде 100 баллмен бағаланады.
Практикалық сабақтың теориялық сұрақтарына жауаптарды бағалау критерийлері. Теориялық сұрақтарға жауаптарды бағалау кезінде келесі критерийлерді басшылыққа алу қажет: толықтығы, қисындылығы, жауапты құрудағы жүйелілігі, зерттелетін оқу пәнінің терминологиясымен еркін жұмыс істеуі, жауабын өмірден алынған мысалдармен растау, ұсынылған ақпаратты талдау, жалпылау, салыстыру, қорытынды жасау, сөйлеу сауатты, стилистикалық тұрғыдан дұрыс құрылған.
Практикалық тапсырмаларды бағалау критерийлері. Практикалық тапсырмаларды шешуді бағалау кезінде келесі критерийлерді басшылыққа алу қажет: тапсырмаларды шешудегі толықтығы мен жүйелілігі, жеделдігі, шығармашылығы, шеберлігі, ақыл-ой карталарын, диаграммаларды, кестелерді және т. б. құрастыру кезінде мәселені дұрыс шешу.
Педагогикалық жағдайларды шешуді бағалау критерийлері. Педагогикалық жағдайларды талдауды бағалау кезінде педагогикалық жағдайларды талдауды бағалаудың келесі критерийлерін басшылыққа алу қажет: педагогикалық жағдайды жедел талдай білу; нормативтік-құқықтық құзыреттілік; педагогикалық ғылымның негіздерін білу; кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешу шеберлігі; кәсіби педагогикалық мәселені шешуге инновациялық және креативті көзқарас.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет