Әлеуметтік педагогиканың туындауы мен дамуы Оқу нәтижелері


Мейірім және қайырымдылық дәстүрінің дамуы



бет3/3
Дата03.01.2024
өлшемі24.5 Kb.
#488436
1   2   3
2 Дәріс тақырыбы

Мейірім және қайырымдылық дәстүрінің дамуы. Халқымызда «мейірімділік», «қайырымдылық» деген екі ұғым адам санасында ерте заманнан орын тепкен ұғымдар. Олар мағынасы жағынан бірдей болып көрінгенімен мазмұны жағынан екі түрлі: мейірімділік - адамның ішкі жан дүниесіне қатысты болғандықтан психологиялық жүгі бар ұғым ретінде ол адамға деген сүйіспеншілік, қүрмет, жанашырлык, ізеттілік қарым-қатынасты бірдіреді. Ал қайырымдылық - мейірімділік ұғымының сыртқы көрінісі, басқаша айтқанда, мейірімділіктің іс жүзінде орындалуы, накты жәрдем, көмек беру, қолдау көрсету. Ол материалдық көмек, жеке куш жүмсап көмектесу, талпынысын қуаттау болып табылады.
Қазіргі кезде әлеуметтік көмек жұмыстарын Қазақстан Республикасында Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі атқарады. Ол халықты еңбекпен қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіру, халықтың әлеуметтік көмекке мұқтаж қатарына әр түрлі комек ұйымдастыру, және мемлекет тарапынан осы мақсатқа бөлінген қаржы-қаражатты орынды жұмсап, нысанаға жетуін қадағалау секілді т.б. жұмыстарды ұйымдастырадыжәне қадағалайды.
Қайырымдылык, мәселелері заң негізінде шешіліп, Қазақстан Республикасының Конституциясының (1995 ж.) 17 бабында «ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік не адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге, не жазалауға болмайды» делінген. Осыған орай Қазақстанда 1998 ж. азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттермен жәбірлеу түрлеріне қарсы конвенция қабылданған. Осыған орай кейінгі кезде азаптаулардың түрлерін психикалық азаптау және тән азабын тартқызу деген екі топқа боліп қарастыру туралы мәселелер көтерілуде.Әлеуметтік педагогикалық жұмысқа байланысты ересек адамдар мен балалардың психикалық ауытқуы себептері мен салдарын нақтылау және іс-шара ұйымдастыруда Бұл аса маңызды.
2001 жылы «Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы» қабылданды, Онда «әлеуметтік қорғау -бұл әлде бір жағдайларға (кәрілік, мүгедек, денсаулық жағдайы, асыраушысынан не жұмысынан айрылуы) және өзге де заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын, әрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе» деп көрсеткен.
Қазақстан халықаралық еңбек үйымының мүшесі болып табылады. Оның анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды:
- тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру;
- негізгі әлеуметтік қатерлердің алдын алу, ол туындаған жағдайда сол қатер салдарынан айрылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру;
- халықтың әлсіз топтарына әлеуметтік көмек;
- азаматтардың тегін білім және медициналық, қызметтерге қол жеткізуі;
Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып әлеуметтік қорғаудың мынадай тиімді жүйесі анықталған: 1) мемлекеттік жәрдемақылар; 2) міндетті әлеуметтік сақтандыру; 3) жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру; 4) әлеуметтік көмек сияқты негізгі элементтерді қамтиды.
Онда еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айрылған жағдайдаәлеуметтік қорғау, жұмысынан айрылу жағдайында әлеуметтікқоргау, қартайған кездегі әлеуметтік қорғау, аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтікқорғау қарастырылган.
ҚР 2001 жылы қабылданған «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңда осы көмекті алу құқығы және оны уәкілетті орган жүзеге асырады делінген. Атаулы көмек жергілікті бюджет қаражатынан бөлінеді. Бұл жан басына шаққанда табысы «облыстарда және Астана, Алматы қалаларында белгіленген кедейшілік шегінен төмен адамдарға (отбасыларына) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем» деп көрсетілген.
Осы негізде көптегсн балалар үйі, балаларға арналған әр түрлі қорлар мен ұйымдар, аудандық құқық қорғау мекемелері жанынан балалар және жасөспірімдермен жұмыс істеу орындары, созылмалы және айығуы қиын аурулар үшін тегін емдеу мен дәрігерлік пункттері, бос уақытты ұйымдастыру орталықтары, аудан, ауыл аймақ әкімшілік-терінде әлеуметтік жұмыстарды ұйымдастырып, үйлестіріп отыратын арнайы бөлімдер қызмет ете бастады.
1995 жылы әйгілі «Бөбек» қоры, халықаралық балалар қоры кешенді де жүйелі, әрі мақсатты жұмыс жүргізе бастады. Олардың бағдарламалары «жетім балалармен жұмыс», «ата-анасының қамқорлығынан ажыраған нәрестелерді бағып-қағу», «кіші жастағы мүгедек балалармен жұмыс», «туа біткен созылмалы не айықпайтын ауруға ұшыраған балалармен жұмыс», «психикасы мен ақыл-есі кем балалармен жұмыс» секілді кептеген мәселелерді қамтиды.
1995 жылы БҰҰ қабылдаған бала қүқығы туралы Конвенцияда «отбасына бала тәрбиесінің міндеті жүктеледі және оны толық жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуы керек. Бала ерекше көмек және қамқорлыққа қүқылы; бала тұлға ретінде толық және жан-жақты дамуы үшін отбасындағы қарым-қатынастың түсіністікте, бақытта, сүйіспеншілікте болуы бала өз алдынша күн көруге даяр болып, достық, еркіндік, тендік рухында тәрбиеленіп, игі қасиеттерді бойына дарытуы тиіс» делінген.
Сондай-ақ, мұнда баланың мүддесін қорғау, ата-аналарының құқығы мен міндеттерін орындауы, әр баланың өмір сүру құқысы, баланың денсаулығын сақтау, өз ата-аналарын білу құқысы, отбасы тәрбиесі т.б. қатысты бір топ мәселелерді қарастырған.
Осыған орай елімізде әлеуметтік көмек көрсету бағытындагы әр түрлі мекемелер: отбасы және баланы әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау орталықтары, заң бұзған балалар және жасөспірімдермен жұмыс мекемелері, тәртіп бұзған балалармен жұмыс, «қатарға қосу» (реабилитация) орындары мен қараусыз, не жетім қалған балаларға арналған «Балалар үйі», «Бебектер үйі», балалар үйі түлектеріне арналған «Жастар үйі», «Қарттар үйі», әлеуметтік жатақханалар, сенім тслефондары, әлеуметтік-медициналық қызмет, педагогикалық, психологиялық көмек көрсету жұмыстары ұйымдастырылуда.
Әлеуметтік медицинада созылмалы, не айыкпайтын аурулар мен әлеуметтік аурулар, мысалы, СПИД, радиация, өкпе сырқаты, психика кінәраты т.б. ауруларды тегін емдеу пункттер мен оларга тегін дәрі-дәрмек, шприц секілді қажетті заттар беріп қызмет көрсететін орындар пайда болды. Психологиялық көмек тек миына зақым келген, психикасы бұзылған адамдар емес, сонымен бірге уақытылы күйзеліске ұшыраған сәттерде қолдау керсететін психологтардыңжұмысы арқылы кәрсетіледі. Педагогикалык көмек - отбасы, мектеп мұғалімдері мен оқушылар және басқа да адамдарга арналған педагогикалық білімін толықтыру және көмектесу қызметі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет