Әлеуметтік серіктестік



бет5/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
бәскеге (1)

Зерттеудің теориялық әдіснамалық негіздерін диалектикалық таным теориясы, жеке тұлғаның дамуы мен әрекет теориясы, біртұтас педагогикалық үрдіс теориясы, үздіксіз білім және кәсіби педагогикалық білім, тұлғаның шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы жайлы теориялар, «бәсекеге қабілеттілік»,
«бәсекеге қабілетті педагог», «әлеуметтік серіктестік» ұғымдарына қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектердегі ой тұжырымдар құрайды.
Зерттеу көздері: бәсекеге қабілеттілік, бәсекеге қабілетті педагог пен әлеуметтік серіктестік жайлы философтардың, психологтардың, педагогтардың, әдіскерлердің, экономика мен әлеуметтанушы ғалымдардың ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары (Заңдар мен бағдарламалар), Білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттары (тұжырымдамалар, бағдарламалар, стандарттар, оқулықтар, оқу құралдары және т.б.), ғылыми-педагогикалық мерзімді басылымдар.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:


Бірінші, теориялық-жобалаушылық кезеңде (2015-2016 жж.) зерттеу мәселесі айқындалып, ғылыми аппараты құрылды, тақырып бойынша отандық, алыс және жақын шетелдік материалдар жинақталып, талданды. Диссертациялық жұмыстың түйінді ұғымдарының өзара байланысы анықталып, терминологиялық өрісі кеңейтілді.
Эксперимент жұмысының жоспары, әдістемелік бағдарлама жобасы, диагностикалық әдістемелер әзірленді және айқындаушы эксперимент базалары айқындалып, жоспарға сай сауалнамалар алынып талдаулар жасалынды. Оқу орындарының педагог-психолог мамандарын даярлау үшін жасалған құжаттары зерделенді.
Eкінші, үлгілеуші кезеңде (2016-2017 жж.) Әлеуметтік серіктестік негізінде болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі, әлеуметтік серіктес мекемелерімен келісім- шарт жасалып, еріктілерден құралған «Кемел» ресурстық орталығының ережесі, бағдаоламасы бекітілді, жоспарға сәйкес қалыптастыру эксперименті жүргізілді, теориялық материалдар жүйеге келтірілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет