Х.Жер мәселесі. орналастырылуға және алдағы уақытта қырғыздар біржола әкеліп қоныстандыру тоқтатылуға тиіс. учаскелер байырғы халыққа берілсін. Жерді пайдалану шаруашылығы жерінің құрамына қарай жергілікті жер (земстволар) қорына түседі. Халықтың көбею шамасына (өсуіне) қарай аталған жер қорынан жерсіз немесе жері аз батырақтарға жер беріледі. Қорытынды Ә.Бөкейханов басқарған қазақ зиялылары 1905 жылы құруға әрекет жасағанда оның ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанды буржуазиялық қатынастарға бейімдеуге құруды ойластырды. Ал Ә.Бөкейханов пен оның серіктестерінің 1905-1917 жылдардағы көзқарас эволюциясы 1917 жылғы шілдеде ұлттық-демократиялық мақсат-мүдделерді көздейтін Алаш саяси партиясын құруға алып келеді. «Алаш» шын мәніндегі дәстүрлі саяси партия болып қалыптасып үлгермегеніне, іс жүзінде саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға өту «кезеңін» бастан кешірген өтпелі саяси ұйым болғанына қарамастан, қоғамдық-саяси өмірге араласа бастаған кезден түбірлі екі ұлттық мақсатты – қазақ халқын отарлық езгіден құтқаруды және қазақ қоғамының өркениетті елдер қатарына жеткізуді өзіне басты нысана етіп белгіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |