Еліміз егеменді Қазақстан мемлекеті болғанға дейін халқымыздың философиялық мұралары мен мәдени-тарихи қазыналарымыз, ұлттық салт-дәстүрлеріміз жөнді-жосықсыз төмендетіліп және осыған бағытталған саясат үстем болып келді



бет5/10
Дата31.03.2024
өлшемі108.41 Kb.
#497098
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
курсовойжанельадеб

М.Дулатовтың ұлықталуы
М. Дулатұлының еңбектері ел тәуелсіздік алғаннан бері үлкен көлемде шыға бастады. 1991 жылы шығармалар жинағының бір томдығы жарық көрді, ал 1996-1997 жылдары жинақтың екі томдық шығарылымы жарық көрді. М. Дулатұлы өмірі мен шығармашылығына ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірнеше кітаптар мен мақалалар жарық көрді.Міржақып Дулатұлы – алғашқы қазақ Конституциясы авторларының бірі. Тұңғыш қазақ математигі. Міржақып Дулатұлын ұстаз ретінде құрметтеген және бостандық пен теңдікті армандаған адамдардың бірі – Түркияның тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік болды. Ол 1917-1918 жылдары билікке келген кезде өзінің досы, профессор Тахир Шагатайға түрік тіліне аударып, «Оян, қазақ!» кітабын шығаруды тапсырды. Осы уақытта осы кітапқа еліктей отырып, «Түріктер, оян!» кітабы шығарыла бастады. Міржақыптың кітабы әлем халықтарына қатты әсер етті. Олардың қатарында Жапония да бар. Міржақып өзінің өлеңдерінде жапон халқының ерлігі мен ұлтжандылығын бірнеше рет дәріптеген. Осыған байланысты кейбір жапондықтар Міржақыпты рухани тәлімгер деп санайды. Сондай-ақ олар Міржақып Дулатұлына еліктеп, «Оян, жапон!» кітабын шығарды [14].М. Дулатұлының есімі қалпына келтіріліп, оның барлық шығармашылық мұралары қайта жарық көргелі бері, қоғамдық-саяси және әдеби-публицистикалық шығармаларын зерделеу мен оларды қоғамдық игілікке айналдыру үшін жеткілікті жұмыстар атқарылды.Бұл бағыттағы алғашқы маңызды қадамдар ретінде Қазақ КСР Жоғарғы Сотының 1988 жылғы 4 қарашадағы шешімімен оның азаматтық құқығының қалпына келуі және Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті шешімінің қорытындысы бойынша жүзеге асырылған жазушының шығармашылық мұрасын идеялық және саяси тұрғыдан ақталуын атауға болады.Осыдан кейін Міржақып Дулатұлының және Алаштың басқа қайраткерлерінің қоғамдық-саяси, әдеби-шығармашылық мұраларын кеңінен насихаттау бойынша белсенді жұмыс басталды. Тоқсаныншы жылдардың басында бірінші томдық, содан кейін екі томдық басылым жарық көрді. Тарихшылар мен әдебиеттанушылар оның қоғамдық-саяси және әдеби-публицистикалық жұмысын зерттей бастады.. 1997 жылы жапон ғалымы Уямо Томохико өз тілінде Міржақыптың саяси көзқарасы туралы ғылыми диссертация қорғады.Оның жалғыз мұрагері Гүлнар Міржақыпқызының ерен еңбегінің нәтижесінде оқырмандарға «Шындық шырағы» атты екі томдық естелік ұсынылды.Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2002-2004 жылдары Алаш ардагерлерінің арасында бірінші болып М. Дулатұлы еңбектерінің академиялық басылымы бес том болып басылды. Сонымен қатар 1993, 1994 және 2009 жылдары режиссер Қ. Омаров «Қазақтелефильм» киностудиясында «Міржақыптың оралуы», «Алаш туралы сөз», «Алашорда» фильмдерін түсірді.Осындай игі істердің және бір топ еріктілердің күш-жігерінің нәтижесінде, алыс Сібірдегі Карелия жерінде жатқан М. Дулатұлының мәйіті Торғай облысындағы туған жеріне қайтарылып, құрметпен жерленіп, қазақтың салт-дәстүріне сай басына кесене тұрғызылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет