Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.
Мақсаты:
Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының мұқабасы, шарлар.
Жүргізушілер: Мансур, Айару.
І кезең.
1 жүргізуші:
*Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар!
Балалар , мектеп табалдырығын аттап, қолдарына тұңғыш рет ұстаған оқулықтары - Әліппе! «Әліппе» әріптерді үйреткен ғылымның атасы! Бүгін міне , Әліппені тәмәмдап, қоштасқалы отыр! Әліппемен қоштасу тойымыз құтты болсын! Ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
2 жүргізуші:
Қайырлы күн, уа, халайлық!
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар,ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
1-жүргізуші
Әліппемен қоштасып жатқан 1ә сынып оқушыларын және ұстазымыз - Фарида Жанұзаққызын қарсы алыңыздар!
(Қолдарында көк шарларын ұстап ортаға келеді)
Хор: «Менің атым Әліппе»
(Залдағы орындықтарға отыру)
2 жүргізуші:
Жұмбақ жасырайын шешіп алыңдар.
Іші толы әріпке
Білімдегі жарық не? (Әліппе)
Оқушылар хормен:
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті-Әліппе
Ол сүйікті-Әліппе
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!
Балалар ! Әліппе досымызды ортаға шақырайық»
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
1-жүргізуші:
--Құрметті Әліппе сіз шаршаған шығарсыз, келіңіз тойымыздың төріне шығып отырыңыз, балалардың сізге айтар алғысы мол,отырып,тыңдаңыз.
(Сахнада орындыққа отырады)
(Әліппе сахнаға шығады)
Достарыңызбен бөлісу: |