Емдеу ісі (ккму)



бет7/29
Дата14.06.2016
өлшемі4.83 Mb.
#134610
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




№83

65 жасар ер адам, санаторлы-курортқа карта толтырғанда ЭКГ жасалды, онда атрио-вентрикулярлы блокада II дәреже 2-ші тип (Мобитц-2), өткізу 2:1, қарыншалар жиырылу жиілігі - 44 рет минутына. Сұрастырғанда шағымдары жоқ. Науқасқа не істеу керек

1



үнемі жұмыс жасайтын кардиостимулятор имплантациисы

2



қажет кезде жұмыс жасайтын кардиостимулятор имплантациисы

3



жоспарлы зерттеу мен динамикада бақылау

4



кардиология бөліміне шұғыл госпитализация

5



операция жасау




№84

Арнайы емес жаралық колиті бар науқаста клиникалық қан анализіне тән

1



гипохромды анемия

2



гиперхромды макроцитарлы анемия

3



лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы

4



лейкопения

5



а) және в) аталғандар




№85

Микронодулярлы (порталды) бауыр циррозына тән

1



бауыр жетіспеушілігі және аурудың ерте кезеңдерінде сарғаюдың пайда болуы

2



порталды гипертензия бауырдың функционалды жетіспеушілігінен бұрын болады

3



бауыр ұлғайған, ауырсынусыз, беті тегіс, жылтыр, шеті өткір

4



жұлдызшалы телеангиоэктазияларды болуы, алақанды эритемалар

5



б) және г) аталғандар




№86

10 жасар баланы обьективті зерттеу кезінде екі жақ қабырға астын пальпациялағанда ауыратын, кедірлі тығыз эластикалық масса анықталды. Созылмалы бүйрек жетіспеушлігінінің лабораторлы мәліметтері бар. Баллада не болуы мүмкін

1



екі еселенген бүйрек

2



бүйрек поликистозы

3



бүйрек мультикистозы

4



созылмалы пиелонефрит

5



бүйрек эхинококкозы




№87

30 жасар науқас, қант диабеті I тип бар, инсулин енгізген соң 3 сағаттан кейін комаға түскен. Бірінші кезекте қандай шараны жүргізу керек

1



ЭКГ түсіру

2



5% глюкоза ерітінідісін енгізу

3



инсулин (10-20 БІР) енгізу

4



қанда креатинин, электролиттер және глюкоза мөлшерін тексеру

5



20 мл 40% глюкоза ерітіндісін енгізу




№88

Тиреотоксикозды емдеуде мерказолилдің жанама әсері

1



гипокалиемия

2



қанда креатинин және зәр қышқылы мөлшерінің артуы

3



нейтрофилдер санының азаюы және агранулоцитоздың дамуы

4



гипергликемия

5



гипокальциемия




№89

47 жасар әйел адам жалпы тәжірибедік дәрігерге жүрек маңында физикалық жүктемеге байланысты емес, нақты емес сұғып ауыратындай сезімге, эпигастрийда ауырсыну, тітіркену, жылағыштыққа шағымданып келді. Анамнезінде - жиі суық тиіп ауырады. Соңғы кездерде шаршағыштық, тырнақтарының сыну, шашының түсуі пайда болған. Объективті қарағанда терісі құрғақ, боз, шырышты қабаттары бозарған. ЭКГ-да реполяризацияның арнайы емес өзгерістері. Қан анализі - гемоглобин 100 г/л. Гинекологиялық зерттеу - жатыр фибромиомасы 6-7 апта. Науқастың жағдайы немен байланысты

1



климакс

2



иммунодефицит

3



миокардит

4



гипотиреозбен

5



меноррагия нәтижесінде анемия




№90

8 жасар ұл балада тісін жұлған ойықтан ұзақ уақыт бойы қан кетуде. Соңғы 4 жылда арасында буындарына қан құйылу, қызыл иегінің қанауы болған. Осыған ұқсас симптомдар атасында байқалған. Объективті: жұлынған тіс ойығынан қан ағу, тізе буының аздап деформациясы, бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған, манжетті сынама теріс. Лабораторлы көрсеткіштер: НЬ 135 г/л, лейкоциттер 5,0 х 10 9 /л, тромбоциттер 250 х 109/л, қан ұйығыштығы: басталуы 10 мин, аяқталуы 19 мин, аутокоагуляциялық тест 15 с, қан ағу ұзақтығы 3 мин., протромбин индексі 90%

1



гемофилия

2



жедел лейкоз

3



протромбин комплексінің факторы дефициті

4



тромбоцитопатия

5



геморрагиялық васкулит (Шенлейн-Генох ауруы)




№91

Иерсиниоз кезінде болатын гематологиялық өзгерістерді көрсетіңіз

1



лейкопения, анемия

2



нейтрофилді лейкоцитоз

3



эозинофилия

4



ЭТЖ жоғарылауы

5



б), в) және г) тармақтарында аталғандар




№92

Лямблиоз кезінде қандай зерттеу тәсілдері нақты мәлімет береді

1



нәжісті себу, бактериоскопия

2



нәжіс микроскопиясы

3



дуоденалды сұйықтықтың микроскопиясы

4



эндоскопиялық зерттеу

5



б) және в) тармақтарында аталғандар




№93

42-жасар аңшы сол жақ білезік буынында түлкі қапқан. Науқасқа не істеу керек

1



жануардың бас миын гистологиялық және вирусологиялық зерттеу

2



жараны біріншілік өңдеу

3



алдын алу үшін сіреспеге қарсы сары су енгізу

4



антирабикалық вакцинация және антирабикалық иммуноглобулин енгізу

5



барлығы




№94

10 класс оқушысы кенет пайда болатын қалтырауға, шыдатпайтын бас ауыруға, шөлдеуге шағымданады. Ауырғанына бір күн болды. Дене температурасы 40,0° С. Есі шатасқан. Терісі цианозды, жамбасы, санында геморрагиялық бөртпелер, ұсақ нүктелі петехиялар 3-4 см-ге дейін. Бірен саран розеолалар және розеолезды-папулезді элементтер іште, арқада, қолда. Желке бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг симптомы күмәнді, пульс 120 рет/ мин, әлсіз толымды, жүрек тондары тұйықталған, АҚҚ 85/55 мм сын. бағ., ТАЖ 28 рет/ мин. Қанда : лейкоцитоз 22 х 10 9 /л солға жылжыған, ЭТЖ 26 мм/сағ. Науқаста болуы мүмкін

1



тұмау

2



септицемия

3



менингококкцемия

4



тромбоцитопениялық пурпура

5



Шенлейна-Генох ауруы (геморрагиялық васкулит)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет