2.4 Пәнді оқытудың міндеттері: Аталған мақсатымызды айқындау үшін төмендегідей міндеттер белгіленді:
қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктерінде коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану дағдыларын қалыптастырады;
білім алушыларда қазақ тілін күнделікті өзі еркін қолданып жүрген қарым - қатынас құралынан енді оны тілдік заңдылықтар негізінде танып - білу дағдыларын қалыптастырады;
қазақ тілі жүйесін құраушы кіші жүйелерді, тіл бірліктерін және олардың табиғатын танып біледі;
тіл бірліктерінің қарым - қатынас құралы болу, ойды білдіру, таным құралы болу, ақпаратты сақтау құралы болу қасиеттерін функционалдық - коммуникативтік бағдарда танып біледі, соған лайықты машықтар мен дағдыларды қалыптастырады;
«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы білім алушының тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым - қатынасқа түсу қабілетін дамытуды және ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді көздейді.
2.5 Пәнді оқытудың соңғы нәтижелері:
Студент білуі тиіс:
1.тыңдалым және айтылым:
мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу;
мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала, бейнебаян) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;
тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық (отандық) мәселелермен байланыстыра білу, салыстыру;
мәтінде көтерілген мәселені, автор позициясын (қоғамдық - саяси, ғылыми) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.
2.Oқылым:
әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау;
таза ғылыми және публицистикалық стильдерін тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы);
әртүрлі стильдегі мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін таба білу;
ауызекі сөйлеудің стильдік бедерін дұрыс қолдану; публицистикалық шығарма тілінің стильдік бедерін дұрыс қолдана білу;
ресми ісқағаздар тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу; көркем әдебиет тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу;
әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау (фонетикалық деңгей, лексикалық деңгей, морфологиялық деңгей, синтаксистік деңгей негізінде);
Достарыңызбен бөлісу: |