«Емдеу ісі» мамандығының 0301013 «Фельдшер» біліктілігі бойынша оқу-жұмыс бағдарламасы негізінде жасалған



бет4/26
Дата03.10.2022
өлшемі104.91 Kb.
#461826
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
kazak tili

3.Жазылым:

  • жоспар түрлерін құру (күрделі, тезистік, тірек-схема түріндегі жоспар);

  • ауызекі сөйлеу стилінде әлеуметтік жағдайларға сай мәтін құрастыру;

  • ресми қарым - қатынас аясында ресми құжат түрлерін жазу: сенімхат, кепілхат, өтінім, тапсырыс, келісімшарт, еңбек шарты, шарт, еңбек келісімі, мәтіндер құрастыру;

  • ғылыми стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, баяндама, мақала, лекция, баяндама тезистері, аннотация, түйіндеме, рецензия, мәтіндер құрастыру;

  • публицистикалық стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, мақала, репортаж, сұхбат, ақпарат, информациялық хабар, очерк жазу;

  • көркем әдебиет стилінің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып мәтіндер құрастыру (таңдау бойынша);

  • мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау;

  • көтерілген мәселе бойынша академиялық тұрғыдан эссе жаза білу,

  • мәселенің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдап жазу;

  • оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу;

  • әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу.



Жасай алуы тиіс: тындалым бойынша студенттер бейтаныс көлемі: 200-250 сөзден тұратын мәтінді таспадан тыңдап, оның мазмұнындағы негізгі және қосымша хабарды түсіне білуі тиіс;
-оқылым әрекеті бойынша студент мәтінді оқып, мазмұнын және негізгі тақырыбын түсінуі тиіс;
-айтылым бойынша студенттер өздеріне ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, сұхбат, монолог құра білуі тиіс;
-жазылым бойынша жұмысты орындауда студенттер тандаған тақырып мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша баяндай білуі және сонымен қатар өзінің осы тақырып бойынша жеке көзқарасын жеткізе білуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет