Науқастың төсеніштерін ауыстыру, сақтау
ЕПҰ-ның соматикалық бөлімшелерінде науқастардың киімі мен төсеніштері аптасына 1 рет ауыстырылады. Бөлінділермен ластанған төсеніштер мен киімдер қажеттілігіне қарай, жиі ауыстырылуы керек. Бұл шараларды жүргізу кезінде жалпы қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
биологиялық сұйықтықтар мен ластанған киім, төсеніштерді ауыстырғанда қолғап кию қажет;
төсеніштерді сілкілеуге болмайды (қоршаған орта ластануын болдырмау мақсатында);
лас киімдерді клеенкалы немесе полиэтилен қаптарға салу қажет;
бөлімшеде лас киім, төсеніштерді ажыратуға болмайды;
лас киімдерді, төсеніштерді еденге тастауға және басқа заттардың (орындық, үстел т.б.) үстіне қоюға болмайды;
лас киімдер бөлімшеде уақытша (12 сағатқа дейін) арнайы бөлмеде жабық ыдыстарда (металл, пластмасса немесе дезинфекцияға жарайтын басқа ыдыстарда) сақталады;
лас киіммен жұмыс істейтін персонал санитарлы киіммен қамтамасыз етілуі керек;
таза және лас киімдерді бір ыдыста тасымалдауға болмайды;
Бөлмелер мен құрал-жабдықтардың деконтаминациясы
Деконтаминация - зарарсыздандыру және қорғау мақсатында микроағзаларды кетіру немесе жою процесі. Ол ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуда маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Оған тазалау, дезинфекция және залалсыздау жатады.
Қоршаған орта мен құрал-жабдықтардың ластану қауіпі деңгейіне қарай деконтаминацияның әртүрлі деңгейлері ажыратылады.
Қауіптің төмен деңгейіне - қалыпты тері мен байланыста болған заттар немесе науқаспен тікелей жанаспайтын заттар (қабырғалар, еден, жиһаздар) жатады. Контаминация үшін оларды тазалау жеткілікті.
Қауіптің орташа деңгейі - теріде, ағзаның басқа стерильді аймақтарында инвазивты процедуралар үшін қолданылмайтын, бірақ шырышты қабықтар немесе басқа жерлермен жанасатын вирулентті микроағзалармен немесе қатынас жолмен жұғатын микроағзалармен зарарланған құрал-жабдықтар (гастроэнтерологиялық, гинекологиялық жабдықтар, термометрлер т.б.). Контаминация үшін оларды тазалау, соңынан дезинфекциялау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |