«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі


МАССАЖДЫҢ ТЫНЫС АЛУ МҮШЕЛЕРІНЕ ӘСЕРІ



Pdf көрінісі
бет32/72
Дата06.04.2023
өлшемі0.86 Mb.
#471874
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

МАССАЖДЫҢ ТЫНЫС АЛУ МҮШЕЛЕРІНЕ ӘСЕРІ 
Адам сыртқы ортадан оттегі қабылдап, көмірқышқыл газын бөліп шығару арқылы тыныс 
алады.
Кез келген мүше тканінің әрбір клеткасына энергия қажет. Органикалық қосындылардың 
үздіксіз ыдырап тотығуы организмдегі энергияның көзі. Тотығу процестеріне оттегі 
қатынасатындықтан ол клеткаларға үнемі келіп тұруы тиіс. Кез келген органикалық заттың тотығуы 
нәтижесінде көмірқышқыл газы мен су түзіліп, кейін организмнен шығады. 
Ауа клеткаларға оттегін жеткізіп, одан көмірқышқыл газын әкетіп отырады. Қан мен ауа 
арасындағы газ алмасуы тыныс алу мүшелерінде өтеді. Тыныс алу мүшелерінің жүйесі кеуде 
қуысында орналасқан өкпе, сондай-ақ кеңсірік, жұтқыншақ таңдай тесігі, көмекей, кеңірдек, бронхы 
сияқты ауа жолдарынан құралады.
Тыныс алу мен тыныс шығару бірін – бірі ырғақты түрде алмастырып отырады. Сол арқылы 
ауаның өкпе арқылы өтуін және ондағы ауаның алмасуын қамтамасыз етеді. Сопақша мида орналасқан 
тыныс алу орталығы ауаның алмастырып отыруын реттейді. Тыныс алу орталығында ырғақты 
импульстер пайда болып, нервтер арқылы қабырғалар арасындағы бұлшықтар мен көк етке беріледі 
де, оларды жиырылуға мәжбүр етеді. Бұдан қабырғалар сәл көтеріліп, бұлшық еттердің сәл жиырылуы
салдарынан кеуде қуысының көлемі тегістеле түседі. Өкпе де көкірек клеткасының қозғалысына сай 
керіліп – созылады. Сөйтіп, адам тыныс алады. Бұдан соң қабырғалар арасындаңы бұлшық еттер мен 
көмей босаңсып, кеуде қуысының көлемі кішірейеді. Өкпе сығылып, ондағы ауа сыртқа шығарылады. 
Сөйтіп, адам тыныс шығарады.
Ересек адам салыстырмалы тыныштық күйінде 1 минутта шамамен 19-18 рет тыныс алу 
қозғалысын жасайды. Қапырық ауада, үй нашар желдетілсе, тыныс алу қозғалыстарының жиілігі 2 есе 
артады.


Тыныс алу қозғалыстары нервтік және гуморалдық жолмен реттеледі.
Адам қалыпты тыныс алғанда өкпеге шамамен 500 см

сыртқа шығатын ауаның да мөлшері 
осындай болады.
Барынша оны ішке тартып, кейін сыртқа шығарған кезде, ауаның көлемі көп дегенде 3500 см

болады. Бұл көлем өкпенің тіршілік сыйымдылығы делінеді. Бұл көрсеткіш барлық адамда бірдей 
емес. Оның медициналық тексеру кезінде арнаулы құрал – цифрометрдің жәрдемімен анықтайды.
Массаж жасағанда тыныс алудың жиілігі мен тереңдігі өзгереді. Арқы және көкірек бұлшық 
еттеріне массаждың күштірек түрлерін жасағанда оның тыныс алуы тереңдеп, өкпенің тіршілік 
сыйымдылығы артады, өкпеден қақырықтың түсуіне ықпалы жасайды.
Ауадағы микроорганизмдер мен шаң – тозаң жоғары тыныс алу жолдарының кілегейлі 
қабықшасына қонып, одан кілегейлі затпен қоса сыртқа шығарылады. Бұл кезде микроорганизмдер 
зиянсызданады. Тыныс алу мүшелерін өтіп кеткен микроорганизмдердің бір бөлігі тұмау , сүзек, 
туберкулез, диптерия секілді аурулар туғызуға себепші болады.
Осы аталған аурулардың барінде аурудың ыстығы қайтқан соң массажды қолданады. Кішкене 
балаларға қойдың майын (құйрық май, бал, спирттер т.б.) арқаларына жағып денесіне сіңгенше 
алақанмен сылайды. Олардың массаждың техникасын білмесе де, сол сылап – сипаудың, ысқылаудың, 
науқастанған балаға пайдасы көп екенін сезеді. Ол өте дұрыс. Біріншіден, қойдың майы теріні майлап, 
өзінше бір қабық түзілсе ысқылаудың арқасында көкіректегі бұлшық еттердің қан айналымы артып, 
өкпенің жұмысын жеңілдетеді. Тыныс алу жолдарының кеңеюіне, олардың кілегейлі заттардың, 
сонымен бірге қоздырушы микробтардың түсуіне үлкен жәрдем береді. Бронхы жолдары қабығында, 
саусақтарды қабырға арқылы бұлшық еттердің әрқайсысына кіргізгендей басыңқырап ысқылайды. Ол 
бронхылардың біріңғай бұлшық етін босатып тыныс жолдарын ашады. Массаж , әсіресе демікпе 
ауруына өте пайдалы. Адам тұншығып, іштегі ауаны сыртқа шығара алмай қатты қысылып отқанда 
иықтың үстін желкені, көкірек тұсын жайлап сыйпаса болғаны, дене босаңсып, ауру демді сыртқа 
шығара бастайды.
Уақытысында осындай жәрдем көрсетпесе, өзінен – өзі тұншығып өліп кетуі ықтимал. Есте 
сақтайтын бір жай – осындай демікпе ұстаған кезде науқастың өзі сасқалақтамай, қалайда көңіл – 
күйін басуға ұмтылу керек. Маңайындағы адамдар да депкірсіздік жасамай сабырлы болып, науқас 
адамды тыныштандырғаны дұрыс. 
Массаж өкпедегі зат алмасуын, газ алмасуын үдетеді (95 – 130%). 
Сонымен массаж, тыныс алу үшін оның тереңдігін, жиілігін, өкпенің қимылын, тіпті кеуде 
қуысының дем алуға дұрыс қатысуын реттеп, бір жүйеге түсіруге үлкен көмек көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет