«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет70/72
Дата06.04.2023
өлшемі0.86 Mb.
#471874
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

Бауыр және өт жолы аурулары. 
Бауыр клеткалары қабынғанда немесе өт тасқа толып тығындалып қалғанда эмоциялық теріс 
ықпалдан өт жолдары мен тарылуы адамға қатты ісер етеді, мазасыздандырады. 
Сондықтан өт жолдарын кеңейтіп, бұлшық ет түйіндерін жазып, сыздатып ауырған жерді басу, 
және өттің тоқтаусыз жүруін реттеу мақсатымен массаж жасалады. Мұндай аурудыңда массаж 
қолданылатын және қолданылмайтын мезгілдері болады. Мәселен, сары ауруға шалдығып терісі 
сарғайып, бауыры ысып, ыстығы көтеріліп кетсе, массажды қолдануға мүлде болмайды. 
Лабораториялық көрсеткіштер қалпына келген соң, жағдайы біршама тәуірленгенде, ауруды 
асқандармай тұрғанда тезірек жазылу үшін массаж жасалады. Ол үшін рефлекторлы-сегментарлы 
массаж көкіректің арт жағын, одан соң іштің оң жағын сипайды. Оң жақ қабырға астын саусақтардың 
ұшымен ысқылайды, кейін дөңгелек шеңбер жасай үздіксіз дірілдетеді. Массаждың соңында барлық 
ішті алақанмен сипайды.
Ас қорыту ағзаларына массаж жасағанда қарынның бұлшық еттерін көрсетілген тәсілдермен 
толық массаждап шығады. Массаж кәнара 10-15 минуттан, 10-12 күн жасалады.
Бауыр өт жолдары зақымданғанда асқазан және ішек ауруларында қолданылатын тәсілдерін 
бәрін жасауға болады. 
Остеохондроз ауруы. 
Массаж остеохондроз оымртқа жотасының қандай белгілерде болса соған арнап 
жасалады.мойын кеуде остеохондрозында сол аймақта орналасқан бұлшық еттерге массаж беріледі.
Ол шердің шымырлап ұйығанын басу үшін, қан айналымын жақсартып бұлшық еттердің тонусын 
көтеру мақсатымен жасалады.
Алдымен желкені шаштың түбінен бастап иық буынына дейін, кеуде бұлшық еттерін қоса 
сипайды. Мұнан соң саусақтардың ұшымен немесе алақан білезігімен жарты шеңбер жасай 
ысқылайды, екі бас бармақпен қысып, теріні домалата жылжытады. Алақанмен қысып жұмсартады, ал 
ұстауға келмейтін жалпақ еттерді сүйекке жапсыра басады. Омыртқа жотасының өзіне әсер етпей екі 
см қашықтықта айналасындағы он қысып ұстап тұрған бұлшық еттерін мейлінше жұмсартып, массаж 
жасайды. Мойын және кеуденің жоғарғы жағына соққылау, дірілдету тәсілдерін қолданбайды. Ал 


арқа, бел тұсына бұл тәсілдерді дасай беруге болады. Массажды ұдайы немесе күнара 15-20 минут 
жасайды, емдеу курсы 10-12 күнге созылады.
Бел – сегізкөз остеохондрозында массаж тек айтылған аймаққа қана емес аяқтың бұлшық 
еттеріне жасалады. Бұл қан тамырларын кеңітіп зат алмасуын үдетеді.
Тек остеохондроз және құяң ауруларын айыра білу керек. Дегенмен қайсы болсада массаж 
бөксе, сан, балтыр бұлшық еттерінен жасалады. Белдің екі жағына алма кезек сипайды, қолдың 
қырымен ысқылайды. Бүйрек тұсын дірілдетуге, соққылауға болмайды. Басқа жерлерге қоң еттерге
қолданылатын тәсілдердің бәрін жасайды. 
Массаж жасағанда қозғалыс шаптағы без түйіндеріне қарай бағытталады. Егер массаж жасап 
жатқан кезде белдің тұсы шаншып кетсе, массажды бірден доғарады. Массаж 10-120 күн, 15-20 минут 
дасалады. 
Остеохондроздан құлан таза жазылу үшін комплексті емдейді. Оған массаж, емдік гимнатика , 
инемен емдеу жатады.
Ең негізгі мақсат – массаж омыртқа жотасын қысып ұстап тұратын бұлшық еттерінің тонусын 
сақтап, омыртқалардың тайып кетпей, орнында нағыз тұруын қамтамасыз етеді. 
Негізінде арқаның ұзын бұлшық етіне жасалады. Омыртқаның мойын кеуде тұсына массаж 
жасағанда, қолға, кейде тіпті басқа да массаж жасауға тура келеді. Ал бел омыртқалар ауырса, аяқтың 
алдыңғы артқы жағын сылап-сипап толық массаждалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет