«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет11/72
Дата06.04.2023
өлшемі0.86 Mb.
#471874
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   72
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

 


1.3. 
Тақырып: «Тыныс мүшелері мен асқорыту ауруларында қолданылатын ЕДТ» 
 
Дәріс мақсаты тыныс алу және асқорыту мүшелері ауруларының клиникалық белгілерін 
білуді және емдеу әдістерінің ерекшелігін оқып білу. 
 
Дәріс жоспары: 
1. 
Тыныс жүйесі ауруларының негізгі белгілері. 
2. 
Тыныс жүйесі ауруларының жедел және созылмалы ЕДТ жүргізілу ерекшеліктері. 
3. 
Асқорыту мүшелері ауруларының клиникасы. 
4. 
Зат алмасуы мен асқорыту жолдары ауруларындағы ЕДТ әсер ету механизмдері. 
Тыныс жолдары аурулары 
Тыныс жолдары мен өкпе аурулары балалар мен жасөспірімдер арасында жиі кездеседі. Ал 
туберкулез сияқты қауіпті ауру үлкен адамдарға да тән. Кездесетін індеттер өңештің қабынуы
бронхит, өкпе қабынуы, плевроның қабынуы демікпе, туберкулез т.б. 
Осы аурудың пайда болуына әсер ететін жағдайлар көп-ақ, соның ішінде сырттан түсетін 
микробтар, түтін, шаң-тозаң, улы газдар, өндірістегі зиянды қалдықтар, суыққа шалдығу организмнің 
әлсіреуі, құнарсыз тамақ т.б. үлкен зиян келтіреді. 
Аталған ауруларға тән белгілері бар. Ол: жөтел, ентігу, қақырық түсу, ыстығы көтерілу
әлсіздік пайда болу сияқты белгілер. Уақытында емделмей, асқындырып алса, аурудың қандай түрі 
болсын дем жетіспейтін жағдайда ұшырайды. Ал оның өзі денеде оттегінің тапшылығына 
көмірқышқыл газының көбеюіне әкеп соғады. Тек газ айналымы емес, зат алмасуы да бұзылып, 
кеуденің қозғалысы кеміп, өкпе серпімділігінен айырылып, үлкен зиян шегеді. 
Емдік гимнастика басқа әдістермен қосыла отырып қимыл-қозғалыс арқылы тыныс алу 
мүшелерін байланыстырады. Тірі адам дем алмай отыруы мүмкін емес, ал ол механизм бұзылса, 
адамға әр түрлі қиындық бірден сезіледі.
Берілетін жаттығулар ең алдымен кеуде, іш бұлшық еттеріне әсер етеді, одан соң сол кеуде 
қуысының қимылын ыңғайлайды, тыныс алуды реттейді. Мұның бәрі жоғарыдакөрсетілген емдік 
гимнастиканың механизмдеріне тікелей байланысты. 
Көпке мәлім жаттығулармен қоса, мұндай ауруға арнайы тыныс алу жаттығулары беріледі. 
Мәселен, науқас дема лудың тереңдігін, жылдамдығы ең қадағайлы. Ол үшін әр түрлі буын сөздері
арнайы әріптерді созып айтады, сонда шығарылған дем ұзақ болады. Мұның да үлкен мәні бар. Ал 
плевра қабығында, туберкулез не өкпелден бронхының тармақтары кеңіп, ішіне ірің (қақырық) толып
кеткенде өздігінен шықпайды. Сондықтан оған арнайы дренажды (кәріз жаттығулар) қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет