ӘӨЖ 338. 433. 4: 338. 436 (574. 54) Қолжазба құқығында



Дата09.06.2016
өлшемі376.75 Kb.
#124677



ӘӨЖ 338.433.4:338.436 (574.54)












Қолжазба құқығында


ҚАЙЫРБАЙ ҚУАНЫШ ҚАБЫЛҰЛЫ


Аймақта сүт және сүт өнімдері нарығын дамыту

(Қызылорда облысының мәліметтері негізінде )

6М050600 – Экономика (бейіндік) мамандығы бойынша

экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертацияның


РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2013

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Тарих, құқық және экономика институты

Экономика және менеджмент кафедрасында орындалған.

Ғылыми жетекші: экономика ғылымдарының

кандидаты А.Қазбайқызы
Ресми опонент: экономика ғылымдарының

кандидаты К.Ж.Садвакасова

Магистрлік диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.


КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған соңғы жолдауында 2050 жылға дейінгі міндеттерді елеп – екшеп, саралап берді. Қазір әлемде ауылшаруашылық өнімдеріне деген сұраныс арта түсті. Жаһандық азық – түлік қауіпсіздігіне төнетін қатерді қаперге ала отырып, Мемелекет басшысы осыдан туындайтын міндеттерді атап көрсетті.

Соңғы жылдары мемлекет ауыл өндірісіне субсидия көлемінде миллиардтаған теңге қаржы бөлуде. Экспорттық нарықты меңгеру үшін 2050 жылға қарай ішкі жалпы өнімдегі ауыл шаруашылық өнімімінің үлесін бес есеге дейін арттыруымыз қажет. Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін Қазақстанның мүмкіндігі ұшан – теңіз.

Аграрлық өндірісте мал шаруашылығының алатын орны ерекше. Сондықтан, мал шаруашылығын жоғары деңгейде жүргізу үшін тың ізденістерге көңіл бөлу қажет. Оның ішінде сүт өндірісін жетілдіру экономикалық дамуға апаратын шаралардың бірі болып сналады.

Аграрлық салада мал шаруашылығын дамыту келелі істердің бірі. Одан алынатын өнімдерді арттыруға байланысты көптеген міндеттер де бар. Медициналық норма бойынша жылына жан басына 82 келі ет, 380 келі сүт және сүт тағамдары қажет етіледі. Ал одан артылған өнімді экспортқа шығаруға біздің жағдайымыз келеді. Қазақстанда жалпы өндірілетін еттің 45, сүттің 27 пайызы мүйізді ірі қараны өсірумен айналысатын шаруашылықтар еншісіне тиесілі.

Қазақстан сүт саласының дамытуға үлкен табиғи және аумақтық потенциалға ие бола отырып, толыққанды сүт өнімдері нарығы қалыптасуының алдында тұр. Саладағы қалыптасқан күрделі жағдайды негізгі және өндірістік параметрлердің теріс ауытқуы, өндіріс дамуының тұрақсыздығы, шығындардың артуы, шикізатты өнеркәсіптік өңдеу деңгейінің төмендігі, сырттан келетін терең өңделген сүт өнімдері үлесінің жоғары болуы және бағалардың үнемі қымбаттауы сипаттайды. Соңғы бесжылдықта сүт ұсынысының өсімі 23,7%-ды, өнеркәсіптік өңдеу үлесі 12,9%, импорт көлемінің үлесі 42,1% -ды құраса, сары май және қатты ірімшіктің бағасы сәйкесінше 7,2% және 8,5% өсті.

Агроөнеркәсіптік өндіріс кешенінде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үдерістерінде саланы кешенді дамыту үшін өндірісті ғылыми негізде ұйымдастыруды, өндірістік ресурстарды ұтымды пайдалануды талап етеді. Мұндай экономикалық жағдайға негіз болған аталған үдерістердің шамалары мен көрсеткіштерін зерттеуді қажет етеді.

Сүт өндірушілерінің ұсақ шаруашылықтарда мал азығының жеткіліксіздігі, сақтау және желдету жүйесінің болмауы жағдайындағы өндірісі сүт сапасына және оның тауарлылығына, нарықты терең өңделген сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге және отандық өнімгнің бәсекеге қабілеттілігіне кері әсер етті. Сүтті өнеркәсіптік өңдеу деңгейі төмендеп, елдегі қолда бар өндірістік қуат толық пайдаланбауы нәтижесінде сүт өнімдері өзіндік құнының артуына және бағалық бәсеке қабілеттіліктің төмендеуіне әкелді. Сондықтан, Қазақстандық сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін әлемдік стандарттарға бейімделген және сыртқы нарық талаптарына сай өнімдер шығару жолымен арттыруға болады. Тиімді бағаларды қалыптастыру үшін сүт өңдеуші кәсіпорындардың кешендерді қалыптастырушы субъектілер ретіндегі маңызын арттыру керек. Сүт және сүт өнімдері нарығының тиімді қызмет етуіне қол жеткізу мақсатында сүт индустриясын құруға бағытталған кешенді іс шараларды қабылдау қажет: сүт шикізатының қайнар көзі ретінде сүтті мал шаруашылығын жүргізу, сүт өндірісінің технологиясын және техникасын, сонымен қатар, сүт өнімдерін ұқсату жүйесін жетілдіру. Дегенмен, кешенді шаралардың ішінен тек неғұрлым қол жетімді және мүмкін болатындарын ғана таңдауға тура келеді. Мұның бәрі тақырыпты, зерттеудің мақсатты және міндеттерін айқындайды.

Ғылыми зерттелу дәрежесі. Әлемдік экономикалық ғылымда сүт саласын дамыту, резервтерді және өндіріс, өңдеу және өткізу көлемін ұлғайту әдістерін анықтау, экологияны жақсарту, қалған қалдықтарды оптимальді өңдеу турасындағы теориялық аспектілерді шетелдік ғалымдар В.Парето, Р.Пендайк, Д.Хайлан, П.Самуэльсон, Ресейлік ғалымдар Котлер Ф., Башкирова И.М., Фисинина П.П., Боев В.Р., Лысенко В.П. және отандық ғалымдар Р.Аутов, Л.Абдильдин, К.Бельгибаев, Г.Калиев, Т.И.Есполов, Р.Куватов, А.Сатыбалдин, П.Шевчик, Г.Гусева, А.Жанисов, Б.Есеналинов, Г.Нурышева, Б.Кабдулина, О.Ельцова, А.Мелещенко, А.Б.Молдашев, Т.Рахимбеков, В.Логинов, А.К.Қошанов және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.

Сүт нарығына байланысты экономикалық проблемаларды көптеген авторлар зерттеген. Олардың ішінде көптеген танымал шетелдік және отандық ғалымдар бар. Бүгінгі таңда азық-түлік нарығындағы тепе-теңдікті ұстауға бағытталған сүт және сүт өнімдері нарығының қалыптасуының теориялық-әдістемелік және тәжірибелік аспектілері түгелдей дерлік зерттеліп болған жоқ.



Диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты аймақтағы сүт және сүт өнімдерін өндіру және тиімді өткізу жөнінде теориялық-әдістемелік ұсыныстар дайындау.

Аталған мақсатқа сай мына төмендегі міндеттерді шешуді қажет етеді:

- сүт және сүт өнімдері нарығының қалыптасу ерекшеліктері мен экономикалық маңызын теориялық негіздеу;

- аймақтағы мал шаруашылығының ағымдағы жағдайына экономикалық баға беру;

- сүт және сүт өнімдерін өндіру, өңдеу және өткізуші шаруашылық құрылымдарының іс-қызметін, даму қарқынын экономикалық талдау;

- сүт өнімі мен оны қайта өңдеу өнімдерінің нарықтағы тұтынушылық мүмкіндігін зерттеу;

- ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін сүт өнімдерін өндіру мен сатудың оңтайлы стратегиясын ұсыну негізінде сала нарығын дамыту.

Зерттеу нысаны. Қызылорда облысындағы барлық санаттағы ауыл шаруашылық құрылымдары және жұртшылық шаруашылықтары.

Зерттеу пәні. Сүт және сүт өнімдері нарығын дамытудың жолдары, әдістері мен мәселелері зерттеу пәні болып табылады.

Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері. Жалпы зерттеудің теориялық әдістемелік негізі ретінде заңдылық актілер, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру проблемаларын зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері қолданылды.

Зерттеу жұмысының нормативтік – ақпараттық базасы. Ақпараттардың негізгі көздері: ҚР статистика бойынша агенттігінің, Қызылорда облысының статистикалық басқармасының мәліметтері және нормативтік-анықтама материалдары, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жылдық есептері.

Зерттеу тәсілдері. Абстракты-логикалық, статистикалық-экономикалық, салыстырмалы талдаулар, экономика-математикалық, болжамдау әдістерін қолдану көмегімен жүргізілді.

Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы.

Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде сүт және сүт өнімдері нарығына талдау жасау арқылы жұмыстың ғылыми жаңалығын айқындайтын мына төмендегі негізгі нәтижелерге қол жеткізілді:



- нарықтық қатынас жағдайында сүт және сүт өнімдері нарығының қалыптасуының теориялық, әдістемелік мәселелері ғылыми тұрғыда қорытылды;

- аймақтағы мал шаруашылығының ағымдағы жағдайына және оны мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне экономикалық баға берілді;

- сүт өндіру, қайта өңдеу және өткізу салалары кәсіпорындарының даму ерекшеліктері мен тенденциялары талданды;

- сүт саласының ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу және қызмет көрсету кәсіпорындарын интеграциялау қажеттілігі негізделді;

- сүт өндіру мен сату көлемін жоғарылату резервтері есептеліп, аймақта сүт және сүт өнімдері нарығын дамыту бағыттары анықталды.

Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар:

- сүт өндіру және оның өнімдерін қайта өңдеу экономикалық тиімділігінің теориялық-әдістемелік аспектілері қарастырылды;

- Қызылорда облысында сүт және сүт өнімдері нарығы қызмет етуінің тиімділігі экономикалық бағаланды;

- сүт өнімі мен оны қайта өңдеу өнімдерінің аймақтағы тұтынушылық мүмкіндігі маркетингтің тұрғыдан зерттелді;

- сүт және сүт өнімдерін өндірушы әр түрлі меншік формасындағы құрылымдардың біріккен өндірістік тиімділігі болжанды;

Зерттеудің ғылыми - тәжірибелік маңызы. Диссертациялық жұмыста тұжырымдалған ауыл шаруашылығы өндірісінде тиімділікті арттырудың негізгі бағыттарын анықтау негізінде қол жеткізілген қорытындылар мен ұсыныстардың қолдану мүмкіндіктері айқындалды. Жұмыстың теориялық қағидалары мен тәжірибелік тұжырымдарын жоғарғы оқу орындарында «Ауыл шаруашылығы экономикасы», «Сала экономикасы», «Кәсіпорын экономикасы», «Агробизнесті ұйымдастыру және менеджмент негіздері» және әр түрлі курстарда экономикалық пәндерді оқытуда қосымша материалдар ретінде қолдануға болады.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми-зерттеу жоспарларымен байланысы. Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасына сәйкес орындалды.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу (апробациясы). Диссертациялық жұмыстың негізгі концептуалдық жағдайлары аймақтық ғылыми басылымдарда жарияланған: «Жаһандану жағдайындағы экономикалық даму: тенденциялары және перспективалары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Болашақ университеті, Қарағанды қаласы. 2013 жыл, 22-23 ақпан; ҚМУ Хабаршысы, №4(36) 2012 жыл. Барлығы 2 мақала, жалпы көлемі 0,6 б.т. авторлық мәтінмен жарық көрді.

Зерттеу жұмысындағы қорытындылар мен ұсыныстар нақты іс тәжірибелерде, атап айтқанда «Ақ Тоған» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік қызметінде қолданылды.



Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс 80 бетте мазмұндалған, кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазіргі нарықтық экономика өндірістің тұтынуға бейімделген икемді жүйесі. Сонымен қатар, бұл бәсекелестікті және әлеуметтік қорғау қағидаларын сақтауды мемлекеттік реттеу жүйесі. Қайсыбір нарық түрі болмасын, олардың барлығы да мемлекеттік реттеу объектілері болып табылады, ал болашақтағы дамуы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының бір бөлігі ретінде анықталады. Қазіргі уақытта зерттеудің негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы кәсіпорындары дамуының жоғары қарқынын қамтамасыз ету, ал болашақта – тұтынушылар нарығындағы олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Сүт және сүт өнімдері нарығының одан әрі қалыптасуы мен дамуы тағы да мемлекет тарапынан реттелуге тиіс инфрақұрылымның жағдайына, маңызына және жетілгендігіне байланысты.

Тұрғын халықтың төмен төлемқабілеттілігін жағдайында, импортталған шетелдік сүт өнімдері отандық өнімдерге айтарлықтай бәсеке тудыратынын ескеру керек.

Сондықтан, Қазақстандық сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін әлемдік стандарттарға бейімделген және сыртқы нарық талаптарына сай өнімдер шығару жолымен арттыруға болады.


Сүттің жалпы өндірісі


Жеке шаруашылықтар



Ауылшаруашылық кәсіпорындары

Шаруа қожалықтары


Нарық



Жеке тұтыну

Нарық

Жеке тұтыну

Жеке тұтыну


Сүт өңдеуші зауыттар

Нарық


Ескерту – автормен құрастырылған


Сурет 1 – Барлық шаруашылық санаттары бойынша өндірілген сүтті өткізу каналдары
Негізінен сүт өндіру және өңдеу аясында жүргізілетін саясаттың конструктивті сипаты бар. Ауыл шаруашылығы өндірісі мен өңдеуші кәсіпорындардың кезең-кезең қайта жарақтануы негізінде елдің азық-түлік қажеттілігін қанағаттандыратын және жоғары экспорттық потенциалға ие заманауи бәсекелес өндіріс қалыптасуда.

Сүт өнімдері нарығының брлық субъектілерін төрт топқа біріктіреді:



  1. сүтті өндірушілер – ауылшаруашылық кәсіпорындары, шаруа және жеке шаруашылықтар;

  2. сүтті алғашқы жинаушылар – сүтті жинаумен және алғашқы өңдеумен айналысатын ұйымдар;

  3. сүт ресурстарын соңғы сатып алушылар – сүт өңдеуші кәсіпорындар;

  4. сүт және сүт өнімдерін соңғы тұтынушылар – тұрғындар мен әр түрлі ұйымдар.

Сүт және сүт өнімдері нарығын реттеу жүйесін қалыптастыруда әрбір сектор үшін де нарықтық ортаны, өнімнің ерекшелігін, бағасы мен нарық инфрақұрылымды ескеру қажет. Сүт және сүт өнімдері нарығының ең негізгі сипатты ерекшелігі тұтынушылармен тікелей байланыста болатын бөлшек сауды нарығы болып табылады. Бөлшек сауда кәсіпорындары сүт өнімдерінің көлемі, құрылымы және бағасын қалыптастырып қана қоймай, сұраныс пен агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігіне де тікелей әсер етеді.

Сүт және сүт өнімдерімен қатар, азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз етуіне жету үшін мемлекетте халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін көлемде сапалы өнімді өндіру қажет және де республика аумағында өндірілген өнімдердің экономикалық қол жетімділігі кепілдендірілуі қажет.

мемлекетте сүт өнімі бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі халықтың жан басына шаққандағы оның нақты өндірісі тұтынудың қолданбалы мөлшеріне жетпейді, яғни қамтамасыз етудің деңгейі нормативтіден төмен.

Қазақстан республикасында сүт және сүт өнімдері нарығының дамуы ұтымды және тиімсіз жақтарымен сипатталатын қарқынға ие. Соңғы жылдары ел экономикасына маңызы бар сүт өндірісінің тұрақты артуы байқалады. Өндіріс қарқынының артуы шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарда, ал төмендеуі ауылшаруашылық кәсіпорын-дарында байқалады. Бұл сүт өндірісін орталықтандырылмаған ұсақ шаруашылықтарға таратып жіберудің тиімсіз екенін көрсетті. Яғни, сүт өндірісінің артуы сауын сиырлар басын көбейту есебінен артады.

Зерттелген кезең аралығында ірі қара мал басының орташа жылдық арту қарқыны 5,1%, ал өнімділігі 1,9% -ды құрады. Оның ішінде ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өнімділік көрсеткіштері неғұрлым жоғары (2500 килограмға дейін немесе республикалық орташа деңгейден 13,7%-ға жоғары) болса, шаруа қожалықтарында төмен (1850 кг дейін немесе республикалық деңгейден 12,4% төмен) болды. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы бір сиырға шаққандағы орташа сут сауу 2114 кг-ға жетеді немесе шаруа қожалықтарына қарағанда 14,5%- ға артық.
Кесте 1 – Бір адамға шаққандағы тұрғындардың сүт өнімдерімен қамтамасыз етілу деңгейі, (бір жылға килограммен)
Көрсеткіштер

2007 ж

2008 ж

2009 ж

2010 ж

2011ж

2011/2007ж,

%


Ғылыми негізделген мөлшер

405

405

405

405

405

100

Стандарт бойынша минималды тұтыну өлшері

260

260

260

260

260

100

Бір адамға шаққандағы өнім өндірісі

312

336

356


378

392

125,6

Бір адамғы шаққандағы нақты тұтыну

306

312

318

324

322

105,2

Бір адамға шаққандағы сүт және сүт өнімдерін тұтынудың мөлшері соңғы жылдары тұтынудың минималды стандартынан артқанымен, ғылыми негізделген мөлшарлемелерге сай емес.

Сүт саласының үлесіне жалпы өндіріс көлемін ақшалай есептегенде өндірілетін өнімдердің 16 пайызы тиесілі. Әлемде сүт өнімдерін өндіру жылына орташа есеппен 1,8-2,2 пайызға артуда. Мұндай жағдайда сүт өнімінің көлемі ғана емес, сонымен қатар оны өңдеу көлемі де бағаланады, Яғни, бұл сүттің тауарлық көрсеткіші. Ол Қазақстанда 5 400 мың тонна өндірілген сүттің жалпы көлемінің 34,7 пайызына тең.

Сүт өндірісінің экономикалық тиімділігі әр түрлі әсер етуші өлшем қасиеттерімен және өндірістік ресурстарымен қамтылған жүйелі көрсеткіштерімен сипатталады. Олардың ішінде негізгілері: бір сиырдың сауылатын сүт; 100 сиырға шаққандағы бұзау саны; 1 ц өнімге еңбек шығыны; сүтті мал шаруашылығындағы еңбек өнімділігі; өнімнің бір өлшемінің өзіндік құны; сүтті өткізуден түскен пайда; өндірістің пайдалылық деңгейі.

Саланың экономикалық тиімділігіне өндіріс технологиясы үлкен әсер етеді. Ауылшаруашылық тауар өндірушілер қызметінің экономикалық тетігін жетілдіру, өндірісті ұйымдастыруда озық үлгілерді қолдану, еңбекті ынталандыру мал шаруашылығының экономикалық тиімділігін жоғарылату да маңызға ие. Сонымен, сүт өндірісінің тиімділігін арттырудың негізгі жолдарды төмендегідей: сүтті сиырлардың генетикалық әлеуетін көтеру, тұқымды асылдандыру жұмысын жетілдіру; сүт өндірісінде бір мезгілде шығындарды азайту арқылы сиырлардың өнімділігін максималды көбейту; сиырлардың қысыр қалу деңгейін төмендету; жем-шөп қорын жетілдіру және күшейту; ауыл шаруашылығының 100 га жеріне шаққандағы мал басының тығыздығын жоғарылату; жем-шөп беру рационын дұрыс таңдау, ол өнімді және пайдалы болу керек.

Қызылорда облысының аумағы 226,0 мың шаршы шақырым немесе республика аумағының 8,3% алып жатыр, Тұран ойпатының кең байтақ жазықтау жерлеріне орналасқан, Шығысында Қаратау сілемдері, Солтүстік-батысында Қарақұм, ал оңтүстік – батысында Қызылқұммен шектеседі. Облыста 7 аудан, 3 қала және 263 ауылдық елді мекен бар. Облыс халқы 698,3 мың адамды құрайды, халықтың орналасу тығыздығы әр 1 шаршы шақырымға 3,07 адамнан келеді.

Негiзiнен, облыста iрi қараны ет және сүт өндiру үшiн өсiредi. Әзiрге сүт өндiретiн шаруашылықтардың қатары басым. Аймақтағы 4 шаруашылықта сүттi мол беретiн сиыр малы күтiмге алынған. Олардың қатарында Сырдария ауданындағы «Ақжарма», Шиелi ауданындағы «Шиелi-Авангард» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерi, Жаңақорған ауданындағы «Мырзабай» шаруа қожалығы мен Қазалы ауданындағы «РЗА» акционерлiк қоғамы бар. Ал Арал ауданындағы «Берекет» шаруашылығы еттi iрi қара асыраумен айналысады. Сондай-ақ, қаракөл қойын өсiретiн 8 шаруашылық жұмыс iстейдi. Сонымен қатар, жабы жылқысын өсiрумен 4, қазақтың айыр өркеш түйесiн бағумен 6 құрылым айналысады.

Облыс бойынша барлық ауылшаруашылық малының 90,2 % жеке меншікте, 2,3% мал – ауылшаруашылық кәсіпорындарында және 7,5% - шаруа қожалықтарында. Бұл жағдай селекция жетістіктерін, малды қоректендіру мен алдыңғы технологияларды қолдануды қиындатады.

2013 жылдың басында Үкімет агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың салааралық «Агробизнес-2020» бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарлама бір жылдан астам уақыт жан-жақты талқыланып, әзірленген болатын. Еліміздің аграрлық саласын дамытуға арналған аса маңызды құжаттың қабылдануы, әрине, бұл саланың көрігін қыздырып, жұмысын жандандыра түсуге зор ықпалы болар сөзсіз. Себебі, алдағы 8 жылға жоспарланған бағдарлама ауыл шаруашылығының жаңа тынысын аша түсер ауқымды шараларды қамтып отыр.

2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамытудың салааралық «Агробизнес-2020» бағдарламасы еліміздің ДСҰ-ға келешекте кіруі қарсаңында, сондай-ақ Кеден одағы жағдайында бәсекелестіктің күшеюіне байланысты әзірленіп отыр. Бағдарламаны іске асыруға 8 жыл ішінде барлығы 3 122,2 млрд. қаражат жұмсалады.



Субсидиялау тетіктерін табысты жетілдірудің нәтижесінде мал шаруашылығына нәрлі және қатты азықтардың құнын арзандату үшін бір басқа 4500 теңге есеппен аналық малдың 1 басына субсидия төлеу шаруа және фермерлік шаруашылықтарға жетіспейтін азығын сатып алуға мүмкіндік берді. Өйткені барлық шаруашылықтар қажетті азықтардың барлық түрін өндіре алмайды. Бұл шаралар аналық мал басының төмендеуін айтарлықтай қысқартып, елде малдың жалпы санының өсу қарқынын сақтауға мүмкіндік береді.
Кесте 2 - Қызылорда облысындағы сүт және ет өнімдерін өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарының тізімі



Кәсіпорындар аты

Орналасқан жері

Өндірістік бағыты

1

«Қамқор Тұтыну» ЖШС

Арал ауданы

Сүт өндіру

2

«РЗА» АҚ

Қазалы ауданы

Күріш, сүт, ет

3

«Жапабаева» ЖК

Жалағаш ауданы

Сүт өндіру

4

«Алиакбар - Ата» ШҚ

Сырдария ауданы

Ет өндіру

5

«Реммаш» ЖШС

Шиелі ауданы

Сүт шығару

6

«Маханбет П» ЖК

Шиелі ауданы

Ет өнімдері

7

«Шиелі Авангард» ЖШС

Шиелі ауданы

Күріш, сүт өндіру

8

«Исатай» СТК

Жаңақорған ауданы

Ет өнімдері

9

«Жан» ШҚ

Жаңақорған ауданы

Ет, бал өндіру

10

«Шапағат Сүт» ЖШС

Қызылорда қ -сы

Нан, сүт өнімдері

11

«Шөгирлі Сүт» ЖШС

Қызылорда қ -сы

Сүт өнімдері

Еліміздің мал шаруашылығы саласында жүріп жатқан жұмыстар аз емес. Мысалы, ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту бағытында үлкен жұмыстар жүріп жатыр. Ірі- ірі бордақылау алаңдары салынып, олардың айналасында фермерлік шаруашылықтар құрылуда. 238 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малы мен 1200 бас қаракөл қойы әкелініп, Сырдария, Қазалы, Жалағаш аудандарының шаруашылықтарына лизингіге берілді. Облысқа соңғы жылдары әкелінген асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының саны өз төлінің есебінен көбейтіліп, бүгінде 1300 басқа дейін жетіп отыр.

Қызылорда облысының барлық шаруашылық санаттарындағы сиырлар саны 2012 жылы 97,2 мың басқа жетті. Сиырлардың басым үлесі жұртшылық шаруашылығында 86,1 % болып отыр. «Сыбаға» бағдарламасының аясында ет бағытындағы асыл тұқымды мал басын көбейтуге байланысты және үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде жоспарлы түрде ірі қара сатып алынып, Қызылорда қаласында және аудандар шаруашылығында мүйізді ірі қара саны жылдан жылға артуда.
Кесте 3 - Қызылорда облысының барлық шаруашылық санаттарындағы сиырлар саны, 2012 жыл

Көрсеткіш

тер


Барлық шаруашы

лық санаттары



Оның ішінде

Ауыл шаруашылық кәсіпорын

дары


үлесі, %

Ауыл шаруашылық кәсіпорын

дары


үлесі, %

Ауыл шаруашылық кәсіпорын

дары


үлесі, %

Қызылорда облысы

97,2

1,3

1

8,3

8,5

87,6

90,1

Арал ауданы

15,9

0,1

0,6

2,2

13,8

13,7

86,1

Жалағаш ауданы

9,5

-

-

0,4


4,3

9,1

95,7

Жаңақорған ауданы

14,5

0,1

0,6

1,0

6,8

13,4

92,4

Қазалы ауданы

16,0

0,8

5

1,8

11,2

13,5

84,3

Қармақшы ауданы


10,1

-

-

0,7

6,9

9,4

93,0

Сырдария ауданы

10,0

0,1

1

0,5

5

9,3

94

Шиелі ауданы

15,1

0,2

1,3

1,0

6,6

13,9

92,1

Қызылорда қаласы

6,1

-

-

0,7

11,4

5,3

86,8

Ескертпе – Қызылорда облыстық статистика басқармасыың мәліметтері негізінде автормен есептелген

Дегенмен, алдағы уақыттарды шетелдерден мал әкелген кезде, олардың денсаулығын әкелмес бұрын сол жақтың өзіне алдын ала тексеруден өткізіп, сол жақта карантинге алу, содан кейін барып малдарды тасымалдап, өз елімізге жеткізілгеннен кейін оларды зертханалық жағдайда одан әрі тексеру керек. Авсриядан әкелінген асыл тұқымды ірі қарадан Шмалленберг ауруы анықталып, барлық малдар төлдерімен бірге жойылды. Қазіргі кезде шыққан шығынның орнын толтыру мәселесі қарастырылып жатыр.

Сүт және сүт өнімдері Қызылорда қаласында және Арал, Қазалы, Жалағаш, Шиелі аудандарында орналасқан «Қамқор Тұтыну» ЖШС, «РЗА» АҚ, «Жапабаева» ЖК, «Реммаш» ЖШС, «Шиелі Авангард» ЖШС, «Шапағат Сүт» ЖШС, «Шөгирлі Сүт» ЖШС сияқты шаруашылықтарда және жұртшылық шаруашылықтарында өндіріледі. 2012 жылғы көрсеткіштер бойынша барлық шаруашылық санаттары бойынша сүт өндіру көлемі 75 471 тонна болып, өткен 2011 жылмен салыстырғанды 2,2%-ға артқан және оның 93%-ы жұртшылық шаруашылықтарының үлесінде қалып отыр.

2012 жылғы мәліметтер бойынша Қызылорда облысы бойынша сүт өндіру көлемі келесі кестеде берілген. Мысалы, Қызылорда облысы бойынша 2012 жылы 75471 тонна сүт өндірілсе, оның ішінде сүт өндірілсе, оның ішінде 3824,3 тоннасы аш кәсіпорындарында, 1455,8 тоннасы шаруа қожалықтарында, 70190,9 тоннасы жұртшылық шаруашылықтарында өндірілген.

Кесте 4 – Қызылорда облысы бойынша сүт өндіру көлемі, 2012 жыл



Сиыр сүті

барлық шаруашылық санаттары

соның ішінде

ауыл шаруашылығы кәсіпорындары

шаруа қожалықтары

жұртшылық шаруашылықтар

тона

12/11 ж.

%


тонна

12/11 ж.

%


тонна

12/11 ж.

%


тонна

12/11 ж.

%


Қызылорда облысы

75 471,0

102,2

3 824,3

2,7 есе

1 455,8

98,9

70 190,9

98,9

Арал

6 873,2

101,1

2,7

61,4

77,1

101,7

6 793,4

101,1

Жалағаш

9 711,4

101,4

-

-

14,7

54,0

9 696,7

101,5

Жаңақорған

11 367,7

100,8

19,2

101,6

577,7

123,0

10 770,8

99,9

Қазалы

12 911,0

110,3

3 404,5

4,7 есе

440,1

79,4

9 066,4

87,0

Қармақшы

4 533,8

100,1

-

-

76,2

109,5

4 457,6

100,0

Сырдария

8 206,4

97,5

223,8

47,6

98,1

103,4

7 884,5

100,4

Шиелі

17 260,0

101,9

165,1

101,8

88,5

104,1

17 006,4

101,9

Қызылорда қ.ә

4 607,5

100,3

9,0

101,1

83,4

87,1

4 515,1

100,5

Ескертпе – Қызылорда облыстық статистика басқармасыың мәліметтері негізінде автормен есептелген

Сүт шаруашылығының тиімділігі негізінен үш факторға байланысты: азықтандыру, технология және селекция. Бүл өзара байланысты факторлардың әр қайсысының әсер ету шектері бар. Мәселен, барлық технологиялык параметрлердің жоғары деңгейі сақталған күйде де егер асыл тұқымды мал болмаса, жоғары өнім алу мүмкін еместігі дәлелденіп отыр.

Қазіргі кезде Қызылорда облысында сүт және сүт өнімдерін өндіруде Қазалы ауданындағы «РЗА» шаруашылығы іргелі құрылымдардың бірі болып саналады. Өткен жылы шаруашылықта екінші туған әрбір голштин сиырынан бір сауында 7390 келіден сүт сауылды. Ал бірінші туған тұмса сиырлардан 6400 келіден алынған еді. Ол Қазақстан бойынша жоғары жетістік болып отыр. Сондай ақ, шаруашылықта жергілікті селекциядан шыққан әрбір қара ала сақа сиырдан 4850 келіден, тұмса сиырдан 4230 келіден сүт сауылды.
Кесте 5 - «РЗА» ЖШС-нің сүт өнімділігі

р/с

Көрсеткіштер

2011 жыл

2012 жыл

2012/2011, %

1

Мүйізді ірі қара саны, барлығы

241

354

146,8

2

Орташа жылдық сауын сиыр, бас

115

148

128,6

3

Алынған бұзау саны, бас

84

100

148,8

4

100 бастан алынған ұрғашы бұзау, бас

73

83

116,4

5

Орташа лактация ұзақтығы, күн

261

272

106,1

6

1 сиырдан орташа тәуліктік сауылған сүт, литр

13,2

15,6

118,2


7

1 сиырдан сауылған сүт, литр

3445,2

4243,2

123,2

8

Сауылған сүт, мың литр

396,19

627,99

158,5

9

Сүттің майлылығы, %

3,41

3,48

102,1

Кестеде «Рза» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің соңғы екі жылдағы сүт өнімділігі көрсеткіштері көрсеткіштері берілген. Мүйізді ірі қара санының барлығы 2012 жылы 354 басқа жетіп, өткен 2011 жылмен салыстырғанда 113 басқа немесе 46,8 %- ға артып отыр. Нақты кезеңде үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде сүт тауарлы фермасы жобасының 1-ші кезеңі іске қосылды. Кешенде Венгрия елінен әкелінген сүт бағытындағы асыл тұқымды ең жоғары өнімді мүйізді ірі қара малы бағылуда. Бұл әкелінген асыл тұқымды малдарды жерсіндіріп, одан тиісті өнім алу үшін ерекше күтімді қажет етеді. Әкелінген малдың өнімділігі жылына 10-13 мың литр аралығында.

Мал шаруашылығын тиімді жүргізу деңгейі мал санының көптігімен, яғни жер көлемінің 100 гектарына шаққандағы мал санымен, барлық ауыл шаруашылығы жерінің көлеміне шаққандағы мал санының көптігімен, жыртылған жер көлеміне шаққандағы мал санының көптігімен, т.б. жолдармен анықталады.

Кестеде Қосшыңырау ауылдық округіне қарасты елді мекендерінің негізгі экономикалық көрсеткіштерімен қатар, мүйізді ірі қара шаруышылығының экономикалық тиімділігіне баға берілген.
Кесте 6 – Қосшыңырау ауылдық округінде мүйізді ірі қараны өсірудің тиімділігі, 2012 жыл



Көрсеткіштер



Өлшем бірлігі

Барлығы

оның ішіндегі елді

мекендер бойынша



Абай ауылы

Досан ауылы

1

Ауылдық округтің жалпы

территориясы


гектар

53 313

49 864

3449


2

Шаруашылық жүргізуші субъектілер саны

- cелолық тұтыну кооперативі

- жеке кәсіпкерлік

- шаруа қожалығы


бірлік



2

4



9

1

3



9

1

1



-

3

Егіс көлемі –барлығы

оның ішінде : дәнді дақылдар



гектар

гектар


17554

1785


16215

1390


1339

395


4

Мал азығындық дақылдар:

о.і. жаңа жоңышқа

ескі жоңышқа


гектар

48

203


48

203


-

-



5

Мал басы, Мүйізді ірі –қара

оның ішінде: сиыр



бас

2697

1286


2114

1105


583

181


6

Жер көлемінің 100 гектарына шаққандағы мүйізді ірі қара саны

бас

5,1

4,2

16,1


7

100 га егістік жерге шаққандағы мүйізді ірі қара саны

бас

15,3

13,0

43,5


8

100 бас МІҚ шаққандағы сауын сиырлар саны

бас

47,6

52,2

31,0


Жер көлемінің 100 гектарына шаққандағы мүйізді ірі қара саны 5,1 бастан келсе, бұл көрсеткіш Абай аулында 4,2 бас және Досан аулында 16,1 бастан келіп отыр. Мал шаруашылығының экономикалық тиімділігі заманауи техника мен технологияларды қолдану, малдың асыл тұқымдылығы, малды күтіп бағу мен азықтандыру, егісті күтіп баптау сияқты шараларды жүзеге асырғанда ғана артады.

Қосшыңырау ауылдық округі немесе Абай және Досан елді мекендері Қызылорда қаласына ең жақын орналасқан шаруашылықтардың бірі. Жеке кәсіпкерлер жұртшылық шаруашылықтарында өндірілетін сүт және сүт өнімдерін (қатық, құрт, сүзбе, сары май, ірімшік) Қызылорда қаласының «Атамекен», «Айтбек», «Сұлтан», «Мирас» базарларында сатады. Бұл тауарларға халықтың сұранысы болғанымен, бағасы жағынан барлық тұтынушыларға бірдей қолжетімді емес. Бірақ мұндағы шешімі табылмай жүрген және өндірістің өркендеуіне кері әсерін тигізіп отырған факторлар жетерлік. Сүтті басым бөлігінде сапалы өнім шығаруға қауқарсыз жеке үй шаруашылықтары ұсынады. Мұндағы кемшілік - жеке үй шаруашылықтары нарықтық жүйемен тығыз байланысқа түсе алмайды және іргелі өндіріс кешеніне айнала алмайды.

Дамыған елдерде мал шаруашылығы өнімдері негізінен ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарында өндірілсе, Қазақстанда керісінше жағдай. Бізде мал өнімдерін өндіру үлесінде 90% көрсеткіш үй шаруашылықтарына тиесілі болса, агроқұрылымдар мен шаруа қожалықтарының үлесі 10% ғана құрайды. Ал жеке қолдағы сиырлардың саны жалпы ірі қара санына шаққанда 86% тең.

Сүт комбинаттарының немесе сүт өнімдерін өңдейтін компаниялардың базасынан сүт өнімдерін өндіру, өңдеу, өткізу бойынша облыс және аудандарда «Сүт» ассоциациясы құрылатын болса интеграция мәселесінің біраз сұрақтары шешілер еді. Яғни, бұл ассоциация вертикалды интеграция болып табылады. Қатысушылар өздерінің дербестігін және заңды тұлға құқығын сақтай алады. Оған кіру және шығу жағдайы әркімнің өз еркінде. Қатысушылардың өзара қарым-қатынасын келісім шарт негізінде тұрғызады.

Қорытындылай келе, сүт және сүт өндіруші кәсіпорындарда тұтынушылар сұранысын талдап, сәйкес шешімдер қабылдап, өндіріс көлемін, өнім ассортиментін жаңартып, өнім сапасын жоғарылату шараларын қарастыру қажет. Ол үшін арнайы мамандандарылған орта және ірі тауарлық шаруашылықтар құру арқылы ішкі нарықты отандық сүт өнімдерімен қамтамассыз ету; тұтынушылар талғамы мен сұранысына сәйкес сүт және сүт өнімдерінің ассортиментін кеңейту арқылы қажеттіліктерді қанағаттандыру; сүт және сүт өнімдерінің қазіргі күнге сай орамдар есебінен сақтау; сүт қабылдайтын арнайы дайындау пункттерін ашу; орта және ірі шаруашылық нысандарын ұйымдастыру ісінде экономикалық қызығушылық туғызу және осы мақсаттар үшін ауыл шаруашылық құрылымдары мен бюджеттен берілетін субсидияларды кешенді пайдалануды қамтамассыз ету; республикалық бюджет қаражаттарынан асыл тұқымды мал сатып алуға субсидия беру; мал шаруашылығы, сүт өнеркәсібі және қызмет жасау салаларының бәсекеге қабілетті маман-кадрларын дайындау; сүт және сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындарға инвестиция тартуды қолдау қажет.



ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеу нәтижесі келесідей қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:

1. Сүт және сүт өнімдері нарығының қалыптасуы мен дамуы мемлекет тарапынан реттелуге тиіс инфрақұрылымның жағдайына, маңызына және жетілгендігіне байланысты. Сүт саласы кәсіпорындарының дамуына технологиялық факторлар елеулі ықпал етеді. Сонымен қатар, сүт өнімдерінің жаңа түрлерінің өндірісіне қажетті жабдықтарды, сүт шикізатын жинау мен алғашқы өңдеудегі технологиялық өзгерістерді игеруі қажет.

Сүт және сүт өнімдері нарығы күрделі экономикалық жүйе бола отырып, әр түрлі үш нарық түрінен тұрады: сүт өнімдері нарығы, өңдеуге арналған шикізат түріндегі сүт нарығы және жаңа сауылып тұтынуға арналған сүт нарығы. Сүт және сүт өнімдері нарығын реттеу жүйесін қалыптастыруда әрбір сектор үшін де нарықтық ортаны, өнімнің ерекшелігін, бағасы мен нарық инфрақұрылымды ескеру қажет. Сүт және сүт өнімдері нарығының ең негізгі сипатты ерекшелігі тұтынушылармен тікелей байланыста болатын бөлшек сауды нарығы болып табылады. Бөлшек сауда кәсіпорындары сүт өнімдерінің көлемі, құрылымы және бағасын қалыптастырып қана қоймай, сұраныс пен агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігіне де тікелей әсер етеді.

2. Қызылорда облысында iрi қараны ет және сүт өндiру үшiн өсiредi және барлық шаруашылық санаттарындағы сиырлар саны 2012 жылы 97,2 мың басқа жетті. Сиырлардың басым үлесі жұртшылық шаруашылығында 86,1 % болып отыр. «Сыбаға» бағдарламасының аясында ет бағытындағы асыл тұқымды мал басын көбейтуге байланысты және үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде жоспарлы түрде ірі қара сатып алынып, Қызылорда қаласында және аудандар шаруашылығында мүйізді ірі қара саны жылдан жылға артуда.

Сүт және сүт өнімдері Қызылорда қаласында және Арал, Қазалы, Жалағаш, Шиелі аудандарында орналасқан «Қамқор Тұтыну» ЖШС, «РЗА» АҚ, «Жапабаева» ЖК, «Реммаш» ЖШС, «Шиелі Авангард» ЖШС, «Шапағат Сүт» ЖШС, «Шөгирлі Сүт» ЖШС сияқты шаруашылықтарда және жұртшылық шаруашылықтарында өндіріледі. 2012 жылғы көрсеткіштер бойынша барлық шаруашылық санаттары бойынша сүт өндіру көлемі 75 471 тонна болып, өткен 2011 жылмен салыстырғанды 2,2%-ға артқан және оның 93%-ы жұртшылық шаруашылықтарының үлесінде қалып отыр.

3. Қазақстанда сүт өнімдерінің тұтыну көлемі артып келеді. Алдағы бірнеше жылда аталған көрсеткіш еуропалық көрсеткіштермен теңесетін болады. Осыған орай, көптеген отандық сүт өндірушілері өз өндірістерінің қуаттылығын арттырып жатыр.

Сүт өнімдерінен елімізге келетін импорттың үлесін 2012 жылды 2009 жылмен салыстырғанда өңделген сұйық сүт және кілегей өнімдері импортының үлесі 21%, ірімшік пен сүзбенікі 7,9%, cары майдыкі 58,7% , сүт қышқылды өнімдерінікі 4,5 % жоғарылаған. Зерттеулер барысында отандық сүт өнімдерін өндірушілер нарықтағы сүт және сүт өнімдеріне сұранысты толық қанағаттандыра алмай отырғандығы анықталды. Тағы бір мәселе, Кедендік одаққа кіргелі бері одаққа мүше елдердің сүт өнімдерінің бағасы және сапасы жағынан артықшылығы біршама қиындықтар туғызуда. Дегенмен, сырттан әкелінетін сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар міндетті түрде сақталуы тиіс.

4. Сүт комбинаттарының немесе сүт өнімдерін өңдейтін компаниялардың базасынан сүт өнімдерін өндіру, өңдеу, өткізу бойынша облыс және аудандарда «Сүт» ассоциациясы құрылатын болса интеграция мәселесінің біраз сұрақтары шешілер еді. Ассоциация қатысушыларының өзара қарым-қатынас механизмі келесі принциптер негізінде жүргізіледі: өңдеуге жіберілетін шикізат бағасы бойынша ұжымдық шешім қабылдау; сүт зауыттары алынған сүтке алдын-ала төлемді келісім шарт бойынша жеткізілетін жоспарлы шикізаттың 30 пайызын орындау, сонымен бірге ағымдағы есеп айырысуды айына үш рет жеткізушілермен бірге алып келу; сүт зауыттар тауар өндірушілерден өз шығынымен және өз көмегімен тауар өндірушілерден сүт алып кету; сүт өндіретін кәсіпорындар әріптес шаруашылықтарға сауын сиыр басын көбейту үшін пайызсыз несие беру; ассоцация құрамына кіретін дүкендер өңдеуші кәсіпорындармен өзара қарым-қатынасын келісім шарт негізінде жүргізу, келісім шартта өнімнің саны мен сапасы, оның ассортименттері, бағасы, жеткізу уақыты мен тәртібі, есеп айырысу ережесі, екі жақтың мүліктік жауапкершілігі және т.б. көрсетіледі. Мұндай біріктіруде меншік қатынасына нұқсан келмейді.

5. Сонымен, сүтті ірі қара мал шаруашылығын жүргізуде тиімділікті арттыру резервтері және одан мүмкін болатын тиімділік шамасын бағамдалды. Сүт және сүт өнімдері өздерінің химиялық ерекшеліктеріне қарай сақтауға және тасымалдаға талап қояды. Сүт алысқа тасымалдуға және ұзақ уақыт сақтауға шыдамай ашып кетеді. Сондықтан сүт өндіретін фермаларды тұтынушыларға неғұрлым жақын орналастыру қажет. Сүт мөлшеріні аз болуына негізінен жем-шөп қорының мал басына сай келмеуі әсер етеді. Мал азығының рационының толық болмауы сүттің аз сауылуына және жем-шөпті көп жұмсауға әсерін тигізеді. Малды арзан және толық рационды жем-шөппен қамтамасыз ету сүт өндіруді молайтудың және өзіндік құнын төмендетудің тиімді жолы. Сүт өнімділігін жоғарылату үшін табында қашаған сиырларды кемітіп, қолдан ұрықтандыру шараларында қарастыру қажет.

Фермаларда жем-шөп үлестіру, көң шығару, сиыр сауу жұмыстары механикаландырылса еңбек өнімділігі әлдеқайда артары сөзсіз. Сонымен қатар мал басының көбеюіне байланысты 2 сменалы жұмыс күнін ұйымдастыруға болады. Желінді уқалау, жуу, жаңа туған сиырларды тәулігіне 3-4 рет саууды ұйымдастыру сүт мөлшерін көбейтеді.

Қорытындылай келе, сүт және сүт өндіруші кәсіпорындарда тұтынушылар сұранысын талдап, сәйкес шешімдер қабылдап, өндіріс көлемін, өнім ассортиментін жаңартып, өнім сапасын жоғарылату шараларын қарастыру қажет.

Диссертацияның тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі:

1. Отандық сүт және сүт өнімдерін дайындау мәселесі // ҚМУ Хабаршысы, №4 (36). – Қызылорда, 2012 жыл.-184-187 б.

2. Аймақта сүт және сүт өнімдерінің өнімділігін арттырудың әлеуметтік- экономикалық маңызы // «Жаһандану жағдайындағы экономикалық даму: тенденциялары және перспективалары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Болашақ университеті, Қарағанды қаласы. 2013 жыл, 22-23 ақпан.

РЕЗЮМЕ

Кайырбай Куаныш Кабылович


Развитие рынка молока и молочных продуктов в регионе
Предмет и объект исследования. Предметом исследования является совокупность теоретических и практических изысканий путей совершенствования рынка молока и молочных продуктов.

Объектом исследования являются сельскохозяйственные структуры всех категорий и частные хозяйства Кызылординской области.

Цель диссертационной работы заключается в теоретическом обосновании предложений и выводов по формированию теоретических методических и практических основ по производству и эффективной реализации молока и молочной продукции региона.

Теоретической и методологической основой исследования выступают труды отечественных и зарубежных ученых - экономистов, посвященные развитию рынка молока и молчных продуктов, нормативные акты, указы Президента Республики Казахстан, постановления Правительства РК.

Научная новизна диссертационной работы заключается в следующем:

- научно обоснованы теоретические, методические вопросы формирования рынка молока и молочной продукции в рыночных условиях;

- произведена оценка текущему состоянию животноводства в регионе и экономической эффективности мероприятий по государственной поддержке отрасли;

- проанализированы тенденции и особенности развития производства, переработки и реализации молока;

- обоснованы необходимость интеграции предприятий молочной продукции;

- рассчитаны резервы повышения объема производства и реализации молока и молочной продукции, а также определены пути развития рынка данной продукции.



Апробация работы. Основные научные результаты исследования докладывались на международной конференции и научных изданиях.
SUMMARY
Kayyrbay Kuanysh Kabylovich

Development of the market of milk and dairy products in the region
Subject and object of research. Object of research is set of theoretical and practical researches of ways of improvement of the market of milk and dairy products.

Object of research are agricultural structures of all categories and private enterprises of Kyzylorda area.

The purpose of dissertation work consists in theoretical justification of offers and conclusions on formation of theoretical methodical and practical bases on production and effective realization of milk and dairy production of the region.

As theoretical and methodological basis of research works of domestic and foreign scientists - the economists, devoted to development of the market of milk and milky products, regulations, decrees of the President of the Republic of Kazakhstan, the resolution of the government of RK act.

Scientific novelty of dissertation work consists in the following:

- theoretical, methodical questions of formation of the market of milk and dairy production in market conditions are scientifically proved;

- the assessment to current state of animal husbandry in the region and economic efficiency of actions for the state support of branch is made.

- tendencies and features of development of production, processing and milk realization are analysed;

- are proved need of integration of the enterprises of dairy production;

- reserves of increase of output and realization of milk and dairy production are calculated, and also ways of development of the market of this production are defined.



Work approbation. The main scientific results of research were reported at the international conference and scientific editions.

Басуға 22.04.2013ж. қол қойылды.

Пішімі 60х94 1/16. Офсеттік қағаз.

Офсеттік басылым. Көлемі 1,0 б.т.

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ баспаханасы

Қызылорда қ., Әйтеке би к., 29А





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет