Әож 371. 3;004 информатиканы оқытудағы цифрлық ресурстардың РӨлі т.ғ. к., доцент Б. Тасуов, А. С. Рысалды



бет4/5
Дата27.01.2023
өлшемі103.7 Kb.
#468821
түріСтатья
1   2   3   4   5
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ РӨЛІ

Нәтиже мен талқылаулар. Сабақ соңында сыныптағы оқушылардан Google classroom арқылы сауалнама алынды. Сауалнамада цифрлық ресурстарды қолданып өтілген сабақтың оқушыға қандай әсер қалдырғаны, дәстүрлі сабақтан ерекшелігі, кемшілігі, тиімділігі туралы сұрақтар қойылған. Оқушылардың 80% цифрлық ресурстарды қолданып өтілген сабақтың тиімділігін таңдаса, 20% дәстүрлі сабақты тиімдірек деп жауап берген [1 диаграмма].

Диаграмма 1. Сауалнама нәтижесі

Өркендеп бара жатқан əлемдік мəдениет пен иық теңестіре алатын ел болу үшін ұлттық рухтағы қағидалары мен əлемдік білім беру технологияларын ұштастыра қолдану қажеттігі туындады. Əлемдегі технологиялық даму тұрақты технологиялық жаңару есебінен қоғамның дамуы деп түсіндіріледі. Қазіргі заманғы ақпараттық қоғам оның мүшелерінің ақпараттық технологияларды қолдануға дайын болуларын талап етеді.


Ақпараттық технологиялар орасан зор дидактикалық потенциалға ие. Оқушы тек педагогикалық процестің субъектісі қана болып қоймай, өзінің мүмкіндіктеріне сай өз бетімен жəне шығармашылық түрде қоршаған дүниемен гуманитарлық жəне ғылыми қатынастың есептерін тауып жəне оларды шешіп, қорытынды жасап жəне керекті түсініктемелерді бере алатын зерттеуші болады.
Десе де, сандық білім ресурсы мұғалімді алмастыра алмайды, бірақ мұғалімге қосымша материалдарды ұсынады, яғни сабақ мазмұнын ақпараттық коммуникациялық технологиялардың жаңа мультимедиялық мүмкіндіктерімен толықтыру. Оқушылардың назарын зерделенген көріністердің ерекшеліктеріне шоғырландыруға, оны көрнекі түрде көрсетуге, сабақтың мазмұнын қоғамда болып жатқан өзгерістермен, өмірлік тәжірибелермен, және пәнге деген қызығушылықтарымен және т.б. құбылыстармен байланыстыруын қамтамасыз етуге мүмкіндік беріледі.
Қорытынды. Информатика сабақтарында ақпараттық ресурстарды, компьютерлік бағдарламаларды қолдану білім алушылардың технологиялық
құзыреттіліктерін дамытуға мүмкіндік беретіндігін, оқытудың мүмкіндіктерін кеңейтетіндігін байқауға болады. Заманауи түрлі педагогикалық оқыту технологияларын қолданып білім беру үрдісін дидактикалық талапқа сай әр түрлі формада ұйымдастыру білім алушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың негізгі құралы және сапалы білім беру көзі болып табылады. Сонымен қатар, білім алушылардың танымдық деңгейін, белсенділіктерін арттыруға және олардың өз бетімен білім алу ынтасын, топпен жұмыс істеу қабілетін ашуға, шығармашылық жұмыспен айналысуға, ізденуге мүмкіндік береді. Қорыта айтқанда, білім берудегі цифрлық технологиялар — бұл цифрлық технологияларға негізделген заманауи білім беру ортасын ұйымдастыру тəсілі болып саналады. Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану оқу процесінің тиімділігін арттыру үшін түбегейлі жаңа мүмкіндіктер береді. Цифрлық білім беру ресурстары — оқудағы көрнекіліктің жедел құралы, педагогтердің практикалық дағдыларын пысықтаудағы көмекші, білім алушылардың сауалнамасын жəне бақылауын ұйымдастыру жəне өткізу, сондай-ақ үй тапсырмаларын бақылау жəне бағалау, сызбалармен, кестелермен, графиктермен, шартты белгілермен жəне жұмыста, мəтіндерді редакциялауда жəне оқушылардың шығармашылық жұмыстарындағы қателерді түзетуде орны зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет