Әож 371. 3;004 информатиканы оқытудағы цифрлық ресурстардың РӨлі т.ғ. к., доцент Б. Тасуов, А. С. Рысалды



бет2/5
Дата27.01.2023
өлшемі103.7 Kb.
#468821
түріСтатья
1   2   3   4   5
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ РӨЛІ

Кіріспе. Цифрлық трансформациялау идеясын әлемдік тренд деуге болады. Цифрлық технологиялар көптеген елдердің экономикасын дамытуда маңызды рөлге ие. ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры екені белгілі. Ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады [5,45 б].
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайды. Қазіргі таңда білім және ғылым жүйесінің алдында жаңа мақсаттар мен міндеттер тұр. Оларды шешу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірқатар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға негізделген, білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Осы бағдарламада білім беруді цифрландру мәселесі де көтерілді [2].
Осы орайда ойымызға жиі айтылып жүрген цифрлық білім беру ресурстары термині оралады. Ендеше осы танымал терминнің мағынасын талқылайық.
Цифрлық білім беру ресурстары (бұдан әрі — ЦБР) білім беру мазмұнын анықтайтын электрондық оқыту жүйесі компонеттерінің бірі болып табылады. Білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін, оқу үдерісінде өскелең ұрпақтың ЦБР белсенді қолдану, бүгінгі таңда берілген бағдарлама аясындағы педагогикалық қоғамдастықтың алдында өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
2011 жылы Ұлттық ақпараттандыру орталығы жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білім ресурстарын дайындау стандартын әзірлеген болатын. Ол жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білім ресурстарын дайындауға қойылатын педагогикалық, психологиялық, техникалық және дизайн-эргономикалық талаптардың жиынтығын ұсынады және электрондық басылымдарды дайындаушыларға арналған және электрондық оқыту жүйесі (е-learning) үшін әзірленетін барлық цифрлық білім ресурстары үшін қолданылады[3].
Осы стандарт бойынша цифрлық білім ресурстары — бұл білімдік процесс субъектілерінің интерактивтік қашықтықтықтан өзара әрекеттестік ретінде электрондық оқытудың ақпарат қатынастық білімдік ортасының жинағын құруды қамтамасыз ететін электрондық тасуыштардағы дидактикалық материалдар деп анықталған.
Цифрлық АТС ерекшеліктері:
Электрэнергиясын аз тұтынуы
• Өлшемінің кіші болуы
Жоғары сапалығы
• Сенімділігінің жоғары болуы
• Байланысты орнатудың жылдамдылығы
• Сыйымдылығының жоғары болуы
• ДВО – қосымша қызмет көрсетуі [4,292-293б].
Қазіргі уақытта адами капиталдың сапасы елдердің жаһандық бəсекеге қабілеттілігінің негізіне айналуда. Дəл осы себепті бүкіл əлемде оқу орындары тиімді оқыту мен оқыту технологияларын дамыту зерттеудің өзекті мəселесі болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет