Диссертацияның құрылымы. Зерттеу жұмысы алынған тақырыпты толық баяндау мақсатында белгілі жоспарға негізделген. Оның негізгі 1-ші томы кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған деректер тізімінен, ал 2-ші томы қосымшадан (иллюстрациялық материалдардан) тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Кіріспеде диссертациялық жұмысқа жалпы сипаттама беріліп, зерттеу тақырыбының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, теориялық-методологиялық негіздері, ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдары, хронологиялық шеңбері, зерттелу деңгейі мен деректік қоры, ғылыми талдау нәтижелеріндегі қорытындылары тұжырымдалған.
«Алтай-Тарбағатай аралығындағы ерте темір дәуірі археологиялық ескерткіштерінің зерттелу мәселелері» атты алғашқы бөлімнің «Шығыс Қазақстанның тарихи-географиялық жағдайы» деген бірінші тараушасында Алтай мен Тарбағатай тау жоталарының теріскей беткейлері есептелетін еліміздің Алтай тау жүйесіне, оған жалғасып жатқан далалық жазықты қамтитын үлкен өңірдің географиялық-табиғи жағдайларына сипаттама берілген. Бұл өңірдің климаттық табиғи жағдайы мұнда қалыптасқан археологиялық мәдениеттердің қалыптасуына және сақталуына әсерін тигізген.
«Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірі ескерткіштері туралы алғашқы мәліметтер» атты алғашқы бөлімнің екінші тараушасында ерте темір дәуірінің екі ғасырдан астам уақытын қамтитын ескерткіштерінің зерттелу тарихы бір ізге түсірілген.
Қазақстанның шығысындағы археологиялық ескерткіштер туралы алғашқы қысқа мәліметтерді біз ХVІІІ ғ. саяхатшылары мен ғалымдары Г.Ф. Миллер, П.С. Паллас, И.П. Фальк, И.Г. Гмелин, Х. Барданес, Г.И. Спасски және т.б. еңбектерінен кездестіре аламыз.
Ежелгі Шығыс Қазақстанды зерттеуде үлкен үлес қосқан ғалымдардың бірі академик В.В. Радлов. Ол 1862 ж. Семей, Сергиополь (Аягөз) маңында археологиялық зерттеу жұмыстарын бастаса, 1865 ж. Берел даласында ежелгі көшпелілердің 7 қорғанына қазба жұмысын жүргізеді. Орталық және Шығыс Азияны зерттеу саласындағы Орыс комитеті 1910 ж. Жоғарғы Ертіске В.И. Каменскийдің басшылығымен және А.Н. Белосюдов пен В. Пилетичтің қатысуымен Семей облысындағы қорғандарды қазуға экспедиция жібереді. Оны осы аудандарға жіберілген бірінші археологиялық экспедиция деп есептеуге болады. Сондай-ақ ерте темір дәуірі ескерткіштерін зерттеуге П.А. Бродский, В.П. Никитин, Ф. Педащенко және Г.И. Бокийлер азды-көпті өз үлестерін қосты.
А.В. Адриановтың 1906, 1910 және 1911 жж. Майемер жазығында, Нарым жоталарындағы Солонечный Белок түбінде, Черновая ауылынан жоғары Бұқтырма өзенінің оң жағалауындағы қазба жұмыстарының нәтижесінде ерте темір дәуіріне жататын өте құнды заттар табылды [1]. Алайда А.В. Адрианов зерттеу жұмыстарын әуесқой өлкетанушы деңгейінде ғана жүргізді деп есептеуге болады. Өйткені археология ғылымының бұл кездердегі әлемдік деңгейдегі тәжірибесі енді ғана қалыптасып келе жатқан еді.
Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде-ақ Қазақстанның шығыс аймағының өткен тарихын жалпы суреттеуге мүмкіндіктер беретін археологиялық материалдар жинақталғанымен археологиялық ескерткіштер шынайы ғылыми негізде зерттелмеді. Себебі, жәдігерлердің басым бөлігі кездейсоқ табылды, ескерткіштерді зерттеген әуесқойлар қазу әдістерін сақтамады, олар арнайы білімі бар мамандар емес еді. Ескерткіш материалдарын типологиялық сипаттауда қателіктерге бой алдырды, материалдардың мәнін тарихи тұрғыдан сипаттап беруге жеткілікті көңіл бөлінбеді.
«Алтай-Тарбағатай аралығы ерте темір дәуірінің Кеңес дәуірі тұсында зерттелуі» атты үшінші тараушада кеңестік жүйенің тарихи ескерткіштерді қорғауға, іздеп табуға, есепке алуға және стационарлық қазба жұмыстарына қаншалықты дәрежеде көңіл бөле бастағаны баяндалады.
Сол қатарда кеңес археологтарынан бірінші болып 1927 ж. С.И. Руденко Катонқарағайдың жанында 3 қорғанды аршып зерттегенін атауға болады.
Ал 1947 ж. бастап С.С. Черников басқарған Шығыс Қазақстандағы археологиялық зерттеулер жүйелі сипатқа ие бола бастады. 1948 ж. ж.с.д. III-II ғғ. мерзімделетін Құлажорға және ж.с.д. II – I ғғ. мерзімделетін Баты ауылдары жанындағы ерте темір дәуірі қорғандарын зерттеу нәтижелі болды. 1949 ж. Зайсан көлінің оңтүстігін, Тарбағатай мен Жоңғар Алатауы аралығында 113 қорғандар тобы тіркелді. Бұл экспедиция 1949, 1952, 1959, 1960-1962, 1971 жж. Шілікті алқабында қазба жұмыстарын жүргізген. Қызыл Ту ауылы жанында ерте көшпелілердің қорғандарында 1950 ж. басталған қазба жұмыстары 1952 ж. одан ары жалғасты. Зерттеу нәтижесінде Құлажорға типіндегі топырақ пен тас аралас және пазырықтық қорғандарға ұқсас тас үйінділі қорғандардың екі түрі анықталды. Келесі 1953-1954 жж. Мало-Краснояр, Пчела, Түсқайың, Славянка, Юпитер ауылдары маңында ерте темір дәуірі қорғандары зерттелді.
1956 ж. Ә.М. Оразбаев басқарған ШҚАЭ-ның ерте темір дәуірі тобы жыл санауымыздың басталар межесіндегі жергілікті топқа жататын қытай жылнамаларындағы у-ге (хуцзе) тайпаларымен баламалау мүмкіндігі туған Құлажорға ескерткішінде 18 қорған және ж.с.д. V – IV ғғ. мерзімделетін Усть-Бөкен қорымында 22 қорған қазды.
Ә.М. Оразбаев жетекшілігіндегі Бұқтырма археологиялық экспедициясы 1958 ж. ж.с.д. IV – II ғғ. мерзімделетін Көкжар қорымындағы 9 қорғанда және Аманат қорымдарынан 4 қорғанда зерттеу жұмыстарын жүргізді. Көкжар қорымындағы етегінде тас белдеуі бар № 2 қорған қабірінен бұрын-соңды отандық археологияда кездесе қоймаған бүтін ағаштан ойып жасалған ладья түріндегі астау-табыт табылады.
С.С. Сорокин басшылық еткен археологиялық экспедиция 1959, 1960-1963 жж. Берел, Катон, Күрту, Қопай және т.б. қорымдарда зерттеу жұмыстары барысында қорғандардың құрылысы туралы мәліметтер кешенін нақтылады [2].
Шығыс Қазақстандағы археологиялық ескерткіштерді зерттеумен 1965-1974, 1980-1987 жж. аралығында Ф.Х. Арсланова басшылық еткен археологиялық экспедициясы айналысты. Ерте темір дәуірінің Орловка және Зевакино қорымындағы қоршауларға қазба салып, Камышин мен Чистый Яр ауылдарынан табылған археологиялық олжаларды зерделеп шыққан. Сақ мәдениетінің қайнар-бастауы андроновтық тайпалармен өзара байланыста екендігін ескерткіштерден табылған артефактілер және олардың сыртқы құрылысы, жерлеу ғұрпы арқылы дәлелдеді [3]. Зерттеуші тарапынан жоғарғы Ертіс ауданындағы археологиялық зерттеуден соң құрылысы бойынша үш типке бөлінген «мұртты қорғандар» да ашылып барлығы тіркеуге алынған.
Шүлбі археологиялық экспедициясы А.Г. Максимова және С.М. Ақынжановтың басшылығымен Ертісте Шүлбі су қоймасының жайылу аймағында 1977 ж. барлау жұмыстарын жүргізсе, 1980-1983 жж. аралығында археологиялық тұрғыдан әр дәуірлерге жататын ескерткіштерін зерттеді [4].
ҚазМУ-нің Ә.М. Оразбаев басқарған экспедициясы 1985-1988 жж. аралығында ж.с.д. VIII – VI ғасырларымен мерзімделген Черновая ескерткіштерінде 15 қорғанды қазу барысында Черновая 3 қорымындағы № 6 қорғаннан Қазақстанның басқа жерінде бұрын соңды кездеспеген ағаш табытқа жерлеу дәстүрі анықталды.
1989 ж. бастап Ә.Т. Төлеубаев басқарған бұл экспедиция Тарбағатай тауының теріскейінде археологиялық зерттеу жұмыстарын бастады. Нәтижесінде Ақтүбек, Құлбабас, Боғас т.б. ескерткіштерінен алынған материалдар үйсін мәдениетінің таралу шеңберін Қазақстанның солтүстік шығысына қарай едәуір кеңейтті [5].
Зерттеу жұмысында Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің 1987 ж. басталған өзіндік зерттеулерінің нәтижелері де аталып өтілді.
Кеңестік зерттеушілердің ерте темір дәуірі мәдениетінің жалпы және жекелеген мәселеріне байланысты түрлі зерттеу тәсілдері мен көзқарастары қалыптасып, жиналған материалдарды белгілі бір дәрежеде қортындылауға тырысқанымен, көптеген проблемалардың шешілмеген түйткілді түйіндері көп, әрі таза ғылыми теориялық концепциялар қалыптаспады.
«Алтай–Тарбағатай аралығы ерте темір дәуірінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі зерттелуі» атты 1.4 тараушада еліміздің шығыс өңіріндегі ерте темір дәуірінің тыңнан ашылған ескерткіштерінің сипаты және ол туралы зерттеулердің қазіргі деңгейі жан-жақты талданды.
З.С. Самашев басқарған Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясының кешенді зерттеу жұмыстары Майемер қорымында 1997 ж. басталып, ал 1998 ж. бері Берел қорымындағы тоңды қорғандарда күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Бұл жерден табылған археологиялық артефакт мәліметтері бірнеше мыңжылдықтар бойына ұласқан материалдық және рухани мәдениеттің дамуындағы сабақтастықты айқындауға мүмкіндік беруде [6].
Қазақстандық және ресейлік мамандар бірлесе құрған Марқакөл археологиялық экспедициясы 1998-2000 жж. Айнабұлақ археологиялық кешенінде мезолиттен ортағасырға дейінгі уақыт аралығын қамтитын ескерткіштердің бірқатарында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.
1999-2002 жж. аралығында Ә.Т. Төлеубаев басшылық ететін ҚазМУ-нің археологиялық экспедициясы Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Берел экспедициясымен бірлесе отырып Берел қорымын зерттеді. Осы қазбалардың ішіндегі ең бір қызықтысы № 34 қорғаннан берел заманындағы сақтарда құлдықтың анық болғанын дәлелдейтін артефактілер тапты. Ә.Т. Төлеубаевтің экспедициясы 2003 ж. бастап бүгінге дейін сақ мәдениетіне жататын, Еуразия аумағындағы ең көне элитарлық ескерткіштер болып есептелетін Шілікті қорымдарын зертеуде. Шілікті қазбаларының олжалары жерімізде табылған сақ мәдениетінің «алтын адамын» ғана беріп қойған жоқ, сонымен қатар ерте сақ кезеңіне жататын шілікті мәдениетін анықтауға, сақтар мен қола дәуірі мәдениеттерінің арсындағы мәдени-этникалық байланыстарды табуға, сақ-скиф аң стилінің генезисіне, т.б. мәселелерге байланысты жаңаша тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді [7].
Соңғы он жылдықта ерте темір дәуірі мәдениетін зерттеу барысында қазақстандық археологияда біршама оң өзгерістер байқалады. Елдің шығысында бізге мәдени-экономикалық дамудың деңгейіндегі көшпелілер мәдениетінің хронологиялық шеңберін көрсететін, танымымызды кеңейтетін ескерткіштер әлі де ашылуда.
«Алтай–Тарбағатай аралығы ерте сақ және берел кезеңі ескерткіштері» атты екінші бөлім майемер және шілікті археологиялық мәдениеттері мен берел кезеңінің археологиялық ескерткіштерінің негізгі мазмұнын толығымен ашып беруге, оларды тарихи талдаудан өткізуге арналған.
«Майемер мәдениеті археологиялық ескерткіштері» атты 2.1 тараушада ж.с.д. IX ғ. аяғы мен ж.с.д. – VI ғ. басымен мерзімделетін Майемер мәдениетіне қатысты зерттелген 20-ға тарта жерлеу-ғұрыптық ескерткіштерге толықтай сипаттама беріліп, жан-жақты талдау жасалады.
Шығыс Қазақстанның қола дәуірінен ерте көшпелілер дәуіріне өтпелі кезеңінің ескерткіштері табылмағандықтан С.С. Черников өтпелі кезеңнің жоқтығын алдыға тартқан. Алайда өткен ғасырдың 70-ші жж. Зевакино, кейінірек Измайловка кешендерінде ж.с.д. VIII – VII ғғ. жататын ескерткіштердің табылуы бұл өңірде өтпелі кезеңінің өзіндік тарихи дәуірі бар екендігін нақтылап берген. Шығыс Қазақстан үшін ж.с.д. VIII – VII ғғ. соңғы қола дәуірінің дәстүрін сақтаған ескерткіштер сарқыншақтарымен қатар ерте көшпелілер белгілері білініп, қатар өмір сүрген, сондай-ақ ж.с.д. VIII – VII ғғ. ерте темір дәуірі болып есептеледі. Шығыс Қазақстандағы қоладан ерте темір дәуіріне өтпелі Измайловка және Қоғалы 1 қорымдарын басқа мәдениет өкілдерінің әсері тиген жергілікті кейінгі қола дәуірінің тайпалары тұрғындары қалдырған.
Батыс, Солтүстік Батыс Алтайда және Алтайдың оңтүстік бөктері мен жазығында орналасқан Майемер мәдениеті ескерткіштерін қорғандардың микротізбекпен орналасуына, жерлеу камерасының қабір шұңқыр түрінде, кейде тіпті терең болып келуіне және ақымның аузы таспен бекітілуі, немесе тас жәшікте, үйінді сыртын айналдыра жиектеген тас қоршаудың болуы немесе оның болмауы, адамды жылқымен бірге, қой немесе солтүстік не солтүстік-шығыс бөлігінде жүгенді қоса жерлеу, мәйітті шалқасынан созылта, басын солтүстік не солтүстік батысқа қаратылып жерлеу сынды және т.б. негізгі белгілеріне [8] қарап ерте скиф-сақ уақытындағы этномәдени дамуды қалпына келтіруге тырыстық.
Алтайдың солтүстік батыс беткейінде және Шығыс Қазақстанның онымен шектес аудандарындағы ерте сақ дәуірінің жерлеу ескерткіштерін П.И. Шульга нақты бір этникалық құрылымдар құрғандықтан бес топқа бөліп қарастыруды ұсынса [9, с. 246], біз тың материалдар негізінде тағы да қосымша екі топпен толықтырдық.
Ерте сақ кезеңінде Алтайдың солтүстік-батыс беткейлерімен жалғасып жатқан Шығыс Қазақстан бөлігі осында орналасқан ескерткіштердің этно-мәдени ерекшілігін анықтаушы болған әртүрлі тұрғындар топтары мекен еткен контакті аймақ болған. Алтайдың солтүстік-батыс беткейлері және онымен жалғасып жатқан Шығыс Қазақстан бөлігіндегі ерте сақ кезеңінің біз қарастырған ескерткіштер тобы археологиялық мәдениеттің дәстүрлі анықтамасына толық сай келмейтіні анық. Дегенмен жерлеулердің бірде біреуі көрші мәдениеттер ғұрыпын қайталамайды. Аталған аймақтағы жерлеу ғұрыпының сан түрлілігі осы бір-бірімен тоғысар аумақтағы көп санды, кішігірім туыстас рулардың араласып кетуінің нәтижесі. Негізінен тұрғындар тобының басым бөлігі Қазақстан территориясынан шыққан және онымен тығыз байланысын жалғастыра отырып, Шығыс Түркістанмен де қатынаста болған. Дегенмен, мәселенің түбегейлі шешімі алдағы іргелі археологиялық зерттеулердің еншісінде.
«Шілікті археологиялық мәдениеті ескерткіштері» атты 2.2 тараушада ж.с.д. VIII ғ. – ж.с.д. IV ғғ. мерзімделетін Тарбағатай теріскейіндегі Шілікті, Шағаноба және Алтайдың оңтүстік батысындағы Солдатово, Сарыкөл 1, 2 және Апар қорымдарындағы зерттелінген қорғандарға сипаттама жасалынып, олардан алынған материалдар сараланды.
С.С. Черниковтың 1960 ж. зерттеген Шілікті 1 қорымындағы № 5 үлкен қорғанның құрылысы күрделі [10]. Ж.с.д. VII – VI ғғ. мерзімделетін қорғаннан жоғары зергерлік шеберлікпен жасалған алтын әшекей бұйымдар, солардың ішіндегі бұғы бейнелері құрбандық малын, құрбандық шалу идеясын білдірді десе, А.И. Мартынов бұғыларды топтастыруда жасалу өнеріне, бейнеленуіне қарай олардың импорттық емес, жергілікті екендігін ашып көрсетеді.
Сыртқы құрылысы № 5 қорғанды қайталайтын Шілікті 1 қорымындағы № 7 қорғаннан 1949 ж. қазба кезінде ж.с.д. VI – V ғғ. мерзімделетін бүркіт түріндегі алтыннан қалыпталып жасалған қапсырманың 9 данасы табылған. Басы оңға бұрыла дене сұлбасының ішкі жағына қарай кіріккен 5 бүркіт қапсырмалардың басы оңға, 4-еуінің басы солға қаратылса, ал 2003 ж. Бәйгетөбе қорғанынан табылған сом алтыннан жасалған бүркіт бейнелі қапсырмалардың барлығының басы оңға бұрылған кейіпте бейнеленген. Алтын қаңылтыр балықтың бейнесі өте қызық, жұқа пластинкаларға перузадан көз, желбезек, құйрық және дөңгелек дән тізбектері дәнекерленіп жабыстырылған. Осы қорғаннан табылған балық пен қабан бейнелері Тывадағы ж.с.д. VIII ғ. соңы мен ж.с.д. VII ғ. жататын Аржан 2 қорғанынан табылған алтын заттардың тура аналогиясы.
Шілікті қорымындағы қорғандар жөніндегі келесі мәліметті ж.с.д. V – IV ғғ. мерзімдеген Шілікті 1 қорымындағы № 11, 12, 13, 31 қорғандардағы 1959 ж. зерттеу жұмыстарының қысқаша есеп түріндегі С.С. Черниковтың сақталған қолжбасы ғана береді. 1959 ж. зерттеу жұмыстарында ерекше қызығушылық туғызатын жайт Шілікті қорымындағы № 11 қорғаннан ит қаңқасының адам жерленген қабірден шығуы. 2004 ж. Шілікті археологиялық экспедициясы жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде Шілікті 2 қорғандар тобындағы № 1 қорғаннан да иттің бас сүйегі кездескен болатын.
1909-1910 жж. Семейлік гидротехник Г.И. Бокий бастап қазып, қазба қабырғасының құлап кете беруіне байланысты толық аяқтамаған Шағаноба қорымында С.С. Черников 1959 ж. ж.с.д. VI – V ғ. жататын 14 шағын топырақ пен тас аралас қорғанға қазба жүргізіліп, малта тастан қаландысы бар № 11 құрылысқа барлау мақсатында траншея салған. Тоналған қорғандардан 2 ұңғылы сүйек, 5 темірден жасалған жебе ұштары, тас қайрақ сынығы, сабы бар темір пышақ, қапсырмалы тесігі бар 16 темір қаңылтыр, темір тілі бар екі қола айылбас және қола белдіктің басы табылған болатын. Шлак, көмір және күйген бөренелер шыққан № 7 нысан кен қорытатын пеш болуына қарағанда Шілікті патша қорғандарында жерленген басшыларын қамтамасыз еткен кенші, зергерлердің қалдырған ескерткіші болуы мүмкін.
2003 ж. бастап Ә.Т. Төлеубаевтың жетекшілігімен жүргізілген экспедиция Шілікті жазығында зерттеу жұмыстарын бастады. 17 қорғаннан тұратын Шілікті 3 қорымында өте күрделі архитектуралық құрылысы бар қорғанын қазып, ерте сақ дәуірі зергерлік өнерінің 4303 дана үлгілерін тауып үлкен олжаға кенелтті. Ж.с.д. VIII – VII ғғ. мерзімделетін № 1 (Бәйгетөбе) негізгі үш қабаттан тұратын қорған үйіндісінің ең сыртқы қабатын жапқан көкшіл түсті ұсақ малта тастар салынған уақытта алыстан көгілдір тартып мұнартып мұндалап тұрған. Уақыт өте келе ол табиғат, сондай-ақ адам аяғы мен мал тұяғы әсерінен сырғи-сырғи үйіндіні сыртқа жайылып кетпесін деп бекіткен тұғыр тастарының етегіне жиналған. Жоғарғы қабаты топырақ, шым және құм араласқан қиыршық тастан тұрса, келесі қабаты тас үйінді, ал оның астында жер беті деңгейінде бір адам жерленген қызыл қарағайлардан қималанып салынған қабірхана орналасқан. Ерте темір дәуірі тұрғындары қыстауларындағы өздері тұратын үй-жай, баспаналарына ұқсатып қайтыс болған тумаластарына арнап о дүниелік баспаналарын – зираттарын тұрғызған. Жер асты үйлері жер үсті үйлерін қайталайтын, әрі дәл сондай материалдарды пайдаланған [11, 84-б.]. Көне жер бетіне салынған жерлеу орындары Батыс және Оңтүстік Сібір, Қазақстан, Орта Азия жерлерінде қола дәуірінің соңындағы өтпелі және ерте-скиф уақытына тән. Сақтардағы шығысқа, күнге мінәжат ету ғұрпы бойынша ғимараттың шығыс жақ беті пирамидаға ұқсатып салынған. Қабірхананың шығыс жағынан үлкен және оңтүстік шығыс жағынан кіші екі жер асты көрдәліздері (дромос) ашылды. Соңғысы үлкен көрдәлізбен қабірхананың аузына жақындаған жерде қосылады. Негізгі қызметті кіші дәліз атқарған, бұл жасырын жермен өлілер о дүниеде рахат көру үшін бұл дүниедегі тірілер, яғни тайпалас, рулас туысқандары қайтыс болғандарды еске алып олардың құрметіне ғұрыптық ас беріп, әр уақыт мінажат етіп, әрі ас-сумен қамтамасыз етіп отырған. Қабірхананың солтүстік қабырғасынан алғашында қорған төбесіне орнатылған екі бөлінген сырты жақсы өңделген төрт қырлы болып келген сұр сынтас шықты. Қабірханадан майлы бояумен салынған бұғының, еліктің суреттері бар белгісіз ағаш заттың бөлікше тақтайшалары сақ әлемінде алғаш табылуы. Шілікті қорғандары алтын әшекейлері Т. Жәутіковтің алғашқы қорытындылары бойынша шикізаты жергілікті алтыннан қолдан құйылған жоғары сынамалы (90-96%), әртүрлі техникамен орындалып, құйылып, шыңдалып, дәнекерленіп, тегістеліп, перузамен безендіріліп жасалған. Бұл алтын заттар қайтыс болған адаммен бірге қоюға арналған ғұрыптық зат емес, бұл әшекейлер патшаның тірісінде салтанатты жиындарға, мерекелерге киетін киімі болған.
Ә.Т. Төлеубаевтың басқаруындағы Шілікті археологиялық экспедициясы 2004 ж. бастап күні бүгінге дейін мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Шілікті қорымында археологиялық зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Нәтижесінде үш ірі қорғандар өзінің тарихи-мәдени, ғұрып-салттық типологиясы, шыққан заттары бойынша ж.с.д. VШ – VІІ ғғ мерзімделген [12].
Шілікті қорғандарының дәл анологиясын қайталайтын әзірге зерттелген қиыр солтүстік шектегі ескерткіш – Солдатово қорымындағы № 2 қорған. Осыған ұқсас ескерткішті Шығыс Қазақстанның далалық өңірінен Ф.Х. Арсланова да зерттеген болатын. Шілікті қорғандарымен өте ұқсас ескерткіштер қатарына топырақ үйінділі 54 қорғаннан тұратын ж.с.д. V – IV ғғ. мерзімделетін Усть-Бөкен қорымында жылқы қосып жерлеуі жоқ қабір шұңқырдың бетіндегі ағаш бөренелер кертпешелерде тиянақталып жабылған. Біз бұл жерде пазырық және құлажорға мәдениеттерінің жерлеу ғұрпы мен тұтыну бұйымдарынан нақты айырмашылығы бар, әрі көп жағынан ұқсастығы бар Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірінің нағыз жергілікті этникалық тобын кездестіреміз. С.С. Черников бөкендіктерді шіліктіліктердің қарамағындағы ел дей отырып, шіліктіде патшаларын жерлеген бұл жұрт құлажорғалықтар мен пазырықтардан жерлеу ғұрпы мен жерлеу заттары бойынша ерекшеленетін, нағыз жергілікті этникалық топ деп көрсеткен.
Қазіргі таңда қолда бар қордаланған бірегей материалдарға, ұқсас ескерткіштердің белгілі бір территорияны алып жатуына байланысты «шілікті археологиялық мәдениеті» деп жаңаша бөліп ж.с.д. VIII – ж.с.д. IV ғғ. мерзімдедік.
«Берел кезеңінің археологиялық ескерткіштері» атты 2.3 тараушада Орталық Алтайдың пазырық мәдениетінен өзінің жерлеу ғұрпы, бейнелеу өнеріндегі кейбір өзіндік айырмашылықтары бар Бұқтырма өзенінің жоғарғы, Ертіс өзенінің орта ағысындағы ж.с.д. VI ғ. соңы – ж.с.д. IV ғғ. мерзімделетін пазырық мәдениетінің Қазақ Алтайындағы бір нұсқасы – Берел кезеңінің археологиялық ескерткіштері қарастырылады.
Пазырық мәдениетіндегі жерлеу рәсімдеріндегі басты элементі мәйітті қабірде жерлеу мен оның бағытталуы ежелгі тұрғындардың әр түрлі наным-түсініктерімен байланысты болған.
Берел ескерткіштерін қазуды 1865 ж. В.В. Радлов жүргізіп, кейіннен С.С. Сорокиннің толықтай зерттеуімен басталған. Сосын 3.С. Самашев бастаған Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы кешенді зерттеу жұмыстарын 1998 ж. бері үзбей жүргізіп келеді. Осы уақыт аралығында пазырық мәдениетінің 20 қорғандары қазылды [6; 7].
Берел кезеңіндегі сақ мәдениетіне тән басты белгілер: қорғандар тастардан үйіліп, қабір шұңқырда ағаш бөренелерден қима-табыт орналасады және мүрделермен бірге әдейі өлтірілген жылқылар да жерленді. Бұқтырма өзенінің оң жағасындағы биік таулы аңғарда орналасқан Берел қорымындағы Үлкен Берел, № 10, 11 және № 18 қорғандарды тайпа немесе тайпалық одақтың басшылары мен оның туысқандары, ал басқа бір-екі жылқы жерленген қорғандарда жанұя басшылары немесе жауынгерлер жерленуі мүмкін. Берелдегі мәңгілік тоң басқан «патша қорғандарында» қатып мумияланған адамдарды табу нәтижесінде жаратылыстану ғылымдарының қазіргі жетістіктерін пайдалана отырып адам мүрдесінің жақсы сақталуына байланысты бабаларымыздың этникалық кескін-келбеті мен генетикалық кодын анықтауға мүмкіндік туды. Сондай-ақ сол уақыт тұрғындарының материалдық және рухани мәдениетін, Алтайдың ежелгі фаунасы мен флорасын, көрші халықтармен этномәдени байланыстарын айқындауға алғашқы қадам жасалды. Қорғандардан табылған ат әбзелдеріндегі ағаштан ойылып, сыртын алтын-күміспен аптаған, сондай-ақ мүйізден ойылып боялған әртүрлі «аң стиліндегі» мүсіндер мен оюлы әшекейлер сақ-скиф әлемінің озық туындылары болып есептеледі.
С.И. Руденко алғашқылардың бірі болып Пазырық (Берел) мәдениетін жасаған халықтарды қытай жазба деректеріндегі юечжилер деп есептеген. Бұл мәселеден отандық археологтар да қалыс қалмай, берел ескерткіштерінің жасаушылары өзіне үнді-иран (тохар) және Алтай-түркі тілдес тайпаларды біріктірген «юечжи» деген атпен танымал тайпаларының бірі деген тоқтамға тұрақтаған [13].
«Құлажорға және үйсін кезеңі археологиялық ескерткіштері: мәдени атрибуциясы» атты үшінші бөлімнің «Құлажорға мәдениеті ескерткіштері» атты 3.1 тараушасында Шығыс Қазақстан ерте темір дәуірінің үшінші кезеңіне жататын ескерткіштерді қарастырдық. Мерзімделуі жағынан ж.с.д. IV – ж.с I ғғ. қамтитын бұл кезеңнің Құлажоға, Қызылту, Жартас, Баты, Юпитер, Славянка, Убаредмет, Қарашат және т.б. ескерткіштері негізінен Ертіс өзенінің оң жағалауындағы шағын ауданда ғана орын тепкен.
Алтай және Тарбағатай теріскейінде ж.с.д. IV ғ. соңы – ж.с. I ғ. мәдени дәстүр алмасып, тұрғындардың этникалық құрамы өзгереді. Бұл «халықтардың Ұлы қоныс аударуымен», яғни хундардың жаулап алуына байланысты болған тәрізді. Қарастырылып отырған өлкеде құлажорға мәдениеті ескерткіштерінің пайда болуы соның айқын дәлелі. Құлажорға ескерткіштерін бөліп көрсеткен С.С. Черников оларды жерлеу дәстүрі мен уақытнамасына қарай екіге бөліп көрсетеді. Зерттеушінің тұжырымдарын басшылыққа ала отырып құлажорға мәдениетіне тән мынандай заңдылықтарды айқындай аламыз. Ж.с.д. IV – III ғғ. мерзімделетін ескерткіштер диаметрі 4,5-7,5 м, биіктіктері 0,3-0,5 м болып, құрылысы жағынан дөңгелек пішінді, топырақ пен тас аралас үйінді болып келеді. Сонымен бірге олардың арасында қабір үсті құрылыстары сопақша немесе төртбұрышты үйметастар негізінде бір-екі қатар тас қоршаулар ретінде қарастырылып, қабір шұңқырлары батыс–шығыс бағытында, төменгі жағы қоңырау тәрізді кеңейе түсетіндігімен ерекшеленетін Убаредмет, Қарашат 3 сынды қорғандар да кездеседі.
Құлажорғалық мәдениеттің ж.с.д. II – ж.с. алғашқы ғ. қамтитын соңғы кезеңінің дамуындағы жерлеу рәсімі мен жер үсті құрылымында Жетісу жеріндегі үйсін ескерткіштеріне ұқсастық байқалады, бұл кейбір зерттеушілерге оңтүстік-шығыс халықтарының бір бөлігінің хундардың қысым көрсетуінен Шығыс Қазақстан өңіріне қарай ығысқаны туралы болжамдар жасауына дереккөз болды деп айта аламыз. Бұл кезеңде мәйітті сопақша пішінді, түбіне қарай тарыла берілетін қабір шұңқырына шалқалай жатқызып, басын батысқа немесе солтүстік батысқа қаратып жерлеген.
Жалпы құлажорға кезеңінің өзіндік жерлеу ерекшеліктерін айтар болсақ, тас жәшікті жерлеулер, мәйіттің жанына жылқы, оң жағына кейде қоладан жасаған бұйымдар, қойдың омыртқа, құймышақ сүйектерін және бір немесе бірнеше тар, әрі биік мойынды өрнекті керамика, ағаш ыдыстар қою тән болса керек. Сонымен бірге зерттелген қорғандардан жасөспірім мен нәрестелерді жерлеу көптеп кездескендігін баса атап көрсетуге болады. Бұл әрине тек зерттелген қорғандардың негізінде жасалған қорытынды. Сондықтан болашақта бұл мәселе осы кезеңмен сипатталатын ескерткіштерді зерттеу нәтижесінде нақтылануы мүмкін, тіпті қайта қарастырылуы да ғажап емес. Өйткені бұл этникалық топ ескерткіштері тереңінен әлі жақсы зерттелмеген.
«Тарбағатай теріскейінің ерте темір дәуірі ескерткіштері» атты 3.2 тараушада 1989 ж. бері Ә.Т. Төлеубаевтың басшылығымен диссертанттың өзі қатысқан ерте темір дәуірінің археологиялық барлау жұмыстары кезінде табылған жүздеген қорымдарынан басқа 30-дан астам қорғандағы қазба жұмыстарының нәтижелері баяндалады.
Тарбағатай ауданы территориясындағы ж.с.д. VI – V ғғ. тән Ашылы 1 қорымының орталығындағы № 4 тас қоршау-шеңбері бар қорғанның үшеуіне қазба жұмыстары жүргізілді. Бұл қорған кенотаф немесе күнге табынуға байланысты салынған ғұрыптық құрылыс болуы мүмкін. Қазіргі таңда Ашылы қорған-кенотафындағы сыртқы шеңбер мен негізгі қорған ортасындағы арба дөңгелегі шабақтарын елестетін тас қатарлары Аржан, Шілікті 2 қорымындағы № 1 қорғанының қабірхана құрылысындағы радиалды орналасқан ағаш бөренелердің тас аналогиясы екендігіне көз жеткізуге болады. Сондай-ақ Моңғолия, Алтай жерінде кездесетін керексурлармен бұл ескерткіштің өзара сабақтастығы бар екендігіне алдағы уақыттағы ізденістер көз жеткізер деген ойдамыз.
Ақтүбек 1 қорымы өзінің сыртқы формасы, ішкі құрылымы, адам жерлеу дәстүрі, табылған қыш заттарға қарағанда үйсін дәуірінің, шамамен ж.с.д. III және ж.с. II ғғ. арасында салынған ескерткіштері.
1991 ж. Боғас 1 ескерткішінде жақпар тастар мен топырақ аралас үйіндіден тұратын ерте темір дәуірінің бір қорғанынның қабір шұқырының солтүстігінде ақымда егде әйелді шалқасынан солтүстік батыс бағытта жерленгендігі анықталды. Бұл қорғанның сыртқы пішіні, ішкі құрылымы Ертіске құяр Қарашат өзенінің оң жағалауындағы Қарашат III ескерткішіндегі 5 қорғанға, Күрті ескерткішіндегі қорғандарға, Құлбабас ескерткішіндегі қорғандарға ұқсас және солармен мерзімдес болып келеді. Бұл ескерткіш Жетісудағы үйсін ескерткіштеріне де ұқсас. Қорғанның сыртқы формасына, ішкі құрылымы, адам жерлеу дәстүріне қарап үйсін дәуірі ескерткіштеріне келеді, шамамен ж.с.д. II ғ. жыл санауымыздың басындағы аралықта салынған деп болжамдауға болады. Боғас 1 ескерткішіндегі қорғандарды қалдырған адамдардың қандай этникалық тайпаларға жататындығы басы ашық мәселе болып қала бермек. Дегенмен, Құлажорға және Жетісудағы сақ-үйсін мәдениеттерімен өзара сабақтастығы, этномәдени байланысы күмән туғызбайтыны анық.
Тарбағатай теріскейіндегі Базар шаты қорғандар тобының орта шенінде қиыршық тас араласқан топырақтан салынған № 1 қорғанда жерленген адам шалқасынан жатқызылып басы батысқа қаратылып жерленген. Басына төртбұрыш келген қызғылт тас жастаса, ақыреттік заттарына 5 жебенің ұшы, темір қанжар, қанжардың ағаш қынын терімен қаптаған қынабы, қола қапсырма жатады. «Тас жастық» жасау дәстүрі Тывадағы ж.с.д. V – III ғғ. жататын Сағлы мәдениетінің шартты белгілерінің бірі болса, ж.с.д. VI – V ғғ. жататын Тянь-Шань сақтарында да басына тас жастық жастау және тас қайрық қою кездеседі. Базар шаты жерін мекендеген тайпалардың бұл дәстүрі өзара этномәдени байланыстағы Жетісу, Орталық Қазақстан және Шығыс Қазақстан ерте темір дәуірі тайпаларында да кең етек алған. Мұндай қайрақтарды М.П. Грязнов ғұрыптық қайрақтар қатарына жатқызған. Осы қорғандағы табылған 5 қола жебе ұшы жасалу формасы жағынан бірдей, үш қырлы, ұңғылы. Ал жебе ұштары 1916 ж. А.В. Адрианов Тывадағы Тарлық өзені бойындағы № 52 қорғаннан табылған тас қайрақ пен жебелерге, Сырдарияның төменгі ағысындағы жебе ұштарына ұқсас, Орталық Қазақстан және Жетісудағы жебе ұштары мен тас қайрақтарды қайталайды.
Базар шаты 1 қорғандар тобындағы № 1 қорғаннан табылған заттарға, көршілес территориялардағы сақ тайпалары ұқсастықтарына қарап мерзімделу уақытын ж.с.д. VI – V ғғ. жатқыздық, Базар шаты II қорымындағы № 3, 4, 5, қорғандарды дерек көздерінің жоқтығына байланысты тек жерлеу орны құрылысына қарап ж.с.д. II – ж.с.д. III ғғ. сәйкес келеді деп айта аламыз.
Ақсуат өлкесіндегі 1990 ж. Құлбабас қорымындағы № 17, 18 қабір шұңқырда екі жағы ақымдалып келіп, басы батысқа бағытталып, ұзыннан сұлай жерленген адам қаңқасы табылған үйсін дәуіріне жататын қорғандарындағы қазба жұмысы 1997 ж. өз жалғасын тапты. № 1, 2, 6, 7 қорғандарда Жетісу ескерткіштеріне ұқсас адамды ақымды қабірде жерлеген. Қабір шұңқыр формасының ұзынша төртбұрышты болып шығыстан батысқа қарай бағытталуы, қабірдің солтүстік жағынан ақым шығаруы, кейде қабір шұңқырдың көлденең ағашпен жабылуы бұл ескерткіштерді Іле бойындағы Өтеген І, ІІ, Тайғақ, Қызылауыз ІІ, Қалқан ескерткіштеріне ұқсатады. № 2 қорғанның шығыс қабірінен табылған әйел ағаш сандықшаға жерленген, ондай жерлеу ғұрпы Іле бойындағы Үңгір қора, Шығыс Алтайдағы Юстыд, Қырғыз Алатауындағы Кеңқол қорымдарында кездеседі. Г.А. Кушаев атап көрсеткендей үйсін дәуірі ескерткіштеріндегі тас шеңбер оның мәдени тегін мерзімдік кезеңін анықтаушы ең бір маңызды көрсеткіш. Табылған ақыреттік заттар, тас шеңбердің қорған етегінен басталып топырақ үйіндінің астында жатуы, адамды ақымдап көмуі – осының бәрі Құлбабас қорғандарын үйсін мәдениетінің орта кезеңіне, яғни ж.с.д. І – ж. с. І ғғ. мерзімдеуге негіз болды. Үйсін мәдениетінің солтүстік-шығыс шекарасы Ыстықкөл мен Балқаш сызығы бойынша анықталып жүрсе, Ә.Т. Төлеубаев бұл мәдениеттің таралу аймағын соңғы археологиялық қазба жұмыстары негізінде солтүстік-шығысқа қарай біршама кеңейтті [5].
«Алтай мен Тарбағатайдың ерте темір дәуірі мәдениеттеріндегі кейбір ортақтастықтар мен ерекшеліктер» атты 3.3 тараушада Алтай мен Тарбағатай аралығындағы шаруашылық жүйесі ортақ болғанымен, діни-ғұрыптық салт-санасы әркелкі тіршілік еткен көне эллиндіктердің дереккөздерінде айтылатын Алтай тауларындағы аримаспы-юечжи және Тарбағатай аймағындағы сақ-үйсін тайпалары мәдениетіндегі ортақтастықтар мен ерекшеліктер сөз болады.
Бұл өңірдегі ерте сақ ескерткіштері көршілес орналасып, белгілі бір дәуірге жатқандарымен өзара бірнеше белгілеріне қатысты ажыратылады.
Ертіс өзені мен салаларының жоғарғы ағысында жазықты жерлерде орналасқан солтүстік топ ескерткіштеріне тас пен топырақ үйіндіден тұрғызылған қорғандар, қабірдің солтүстік қабырғасын бойлай ауыздықталған жылқылардың жерленуі және өлікті жерлеуге ағаш қима-тағанды пайдалану тән.
Қарастырылып отырған өңірдің оңтүстік тобына кіретін ескерткіштер Зайсан ойпатында және Тарбағатайдың беткейлерінде топтасқан. Бұл топқа жатқызылған ескерткіштер топырақ үйіндімен, қабір үсті ағаш жабындысымен немесе бөренелерден салынған қабірханалар және қабір шұңқырына шығыстан жер асты жолының қосылуымен ерекшеленеді. Мұндағы «патша» қорғандарының құрылысында үгітілген саз балшық пен шым пайдаланылып, қорған етегіне шеңберлене тастар төселінген. Жерлеу рәсімінде керамика көп ұшыраспайды және құлдар мен жылқыларды жерлеу ғұрпы кездеспейді. Оларға Шілікті, Майемер, Усть-Бөкен, Славянка, Юпитер т.б. жатады. Бұл екі топтағы ескерткіштердің түйісетін шекарасын С.С. Черников Усть Бөкен ауылы мен Нарым өзенінің жоғарғы ағысымен белгілейді.
Алтай мен Тарбағатайдың ерте темір дәуірі алғашқы кезеңінің ескерткіштері сыртқы келбеті, жерлеу дәстүрі бойынша ерекшеленгендігімен, қабірден алынған ақыреттік заттарында айтарлықтай айырмашылық байқалмайды. Қарастырылып отырған кезеңнің (ж.с.д. VІІІ – ІV ғғ.) бастапқы уақытында «аң бейнелі» стильде жасалған заттардың жасалуында күрделі композициялар байқалмайды. Бұл уақытта кең тараған сюжеттер аяқтарын бүгіп «ұшуға» дайындалып тұрған бұғы және бүркіт, қабан, таутеке сынды жануарларды жеке-жеке көрсетеді. Уақыт өте «аң бейнелі» стилде дайындалған заттардың сюжеттері күрделеніп, байытылып және жануарлардың бейнесін көрсетуде шынайылық басым бола бастады. Арқар бейнесі қарастырылып отырған екі топтағы ескерткіштерге де тән (Пазырық, Тывадағы Аржан қорғандары, Шілікті 3, № 1 қорған). Сонымен қатар екі аймақтың өнерінде бір-біріне ұқсамайтын, жергілікті жердің өзіндік айырмалары да байқалады.
Алтайдағы ескерткіштерді қалдырушы тайпалардың өнерінен Тарбағатай ерте көшпелілерінің мәдениетіне ұқсамайтын ерекшеліктер байқалады. Мысалы, зергерлік өнерінде «тазқараны» (грифон) бейнелеу Алтай көшпелілеріне тән деп айтуға болады. Олар тазқараны әртүрлі мифологиялық сюжеттермен беруге тырысқан. Оны біз Берел қорымындағы № 11 қорғаннан табылған заттардан анық байқаймыз.
Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша, Тарбағатай өңіріндегі ерте көшпелілердің біраз бөлігі ж.с.д. VІІІ соңы мен ж.с.д. VІІ ғ. Таулы Алтайға қоныс аударып, жергілікті тайпалармен ассимиляцияға түскен. Бірақ олар Алтайдағы ежелгі тайпалардың әдет-ғұрыптарына өзгерістер енгізе қоймаған тәрізді. Алтай мен Тарбағатай ерте темір мәдениеттерінде ортақтастықтарға қарағанда ерекшеліктер басым екендігін аңғарамыз. Бұл Шығыс Қазақстан жерінде тұрмыс-тіршілігі ұқсас, бірақ әдет-ғұрпында өздеріне тән айырмашылықтары бар халықтар өмір сүргендігін көрсетеді.
«Алтай–Тарбағатай аралығы ерте темір дәуіріндегі этностардың антропологиялық келбеті және ескерткіштердің кезеңдестірілуі мен мерзімделуі» атты төртінші бөлімнің «Шығыс Қазақстан ерте көшпелілерінің антропологиялық кескін-келбеті» атты 4.1 тараушада Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуіріне жататын қорымдарынан алынған палеоантропологиялық мәліметтер жүйеленіп, қарастырылып отырған мәселеге қатысты негізгі ой-пікірлер мен тұжырымдар бекітіле түскен.
Қазақстанда этно-мәдени дәстүрлер қола дәуірінен басталғаны белгілі. Археологиялық және палеонтологиялық-антропологиялық деректер бойынша бұл кезеңдегі Қазақстан жерінің көне тұрғындары Еуразияның үлкен мәдени облысының орталығында шоғырланған, саны мол протоеуропеоидтық қабаттың далалық типі өкілдерінің бірі еді. Ең алдымен, осы территорияда андрон мәдени-тарихи қауымдастығын қалыптастырған тұрғындар өмір сүрді. Олардың заттық кешендерімен қатар, антропологиялық мәліметтері де анықталған. Бұған қарағанда, андрон тайпаларының орнына келген сақтар олармен өзара генетикалық байланыста болған. Мұны кезінде бірқатар мамандар да айтқан болатын. Ең алдымен шығыстан келген популяцияның нәтижесінде сақтардың моңғолоидтық расаны бойына сіңіре бастауы байқалды. Олардың 1/6 бөлігі моңғолоид тектес болды, монғолоид расасы орта ғасырдың соңғы кезеңдерінде бірте-бірте күшейе түскен [14].
Олардың біразын отандық антропология көшбасшысы О.Ы. Ысмағұлов зерттеп, соны тұжырымдар жасағандығы белгілі. Сарабдал зерттеуші қола дәуірінен бастап мекендеген ежелгі Қазақстан тұрғындарының краниологиялық материалдары мен қазақтардың елуден астам бас сүйектерін салыстыра келе, салихалы қорытындылар жасады. Ғалым қазақ халқының қалыптасуын кезеңдерге бөліп қарастырып, қолдағы материалдар негізінде іргелі еңбектер жариялады.
Антропологиялық мағлұматтардың бір шоғырын ШҚАЭ экспедициясы жинастырған. Мәселен, 1947-1971 жж. С.С. Черниковтың басқаруындағы бұл экспедиция Ертіс сағасынан ерте темір дәуіріне жататын жақсы сақталған сегіз бас сүйекті аршып алады. Оның жетеуі ер адам, ал біреуі әйел адамның бас сүйектері болды. Ер адамның 4-і (екеуі Сарыкөл, екеуі Кіші Красноярск) – андроновтық типте, ал Қызылтудан табылған ер адамның бас сүйегі еуропоидтық типке ұқсас болып келеді. Ал екі әйел адам мен ер адамның бас сүйегінен моңғолоидтық раса араласып кеткендігі анықталды, сондай-ақ алынған ер адамның бас сүйегі – брахикранды, әйел адамның бас сүйегі – долихокранды деп белгіленген. Усть-Бөкендегі қазба жұмысы барысы нәтижесінде В.В. Гинзбургтың зерттеуіне ж.с.д. V – IV ғғ. мерзімделетін 15 бас сүйек тапсырылды, оның тоғызы ер адамға, алтауы әйел адамдарға тиесілі еді. Усть-Бөкеннен табылған еуропоидтық типтегі төрт адамның беті жалпақ әрі аласа, танау сүйектері шығыңқы, көз ұясы терең, маңдайының тайқылығы орташа, ми қорабының формасының ені орташа болып сипатталынады. Негізгі ұқсастық белгілері: әйел адам бас сүйегі дөңгелек пішіндес, ал ер адам бас сүйегі сопақтау.
Шілікті алқабындағы С.С. Черниковтың сақ патшалары қорғандары қазбаларынан табылған екі бас сүйек те Усть-Бөкендегі қарапайым сақ қорғандарындағы қаңқаларға ұқсас, сонымен қатар олардың жерлеу салты мен қорған құрылыстары біртектес. Мұның өзі осындағы мәдениетті бір тайпаның өкілдері қалдыруы мүмкін екендігін аңғартады.
Ерте темір дәуірінде де андрондық антропологиялық келбет негізгі түр ретінде сақталуы ерте темір дәуірінде осы жерді мекендеуші тайпалардың басқа жақтан келмегендігі, қола дәуіріндегі ру-тайпалардың ұрпақтары екендігін көрсетеді. Ежелгі көшпелілердің ерте кезеңіне жататын Шілікті, Усть-Бөкендегі антропологиялық материалдар моңғолдық расаның араласа бастағанын көрсетеді. Екінші кезеңде моңғол расасы күшейе түседі және ортаазиялық қосөзен нәсілдік типі белгілері де кіріге бастайды. Бұны угэ және үйсін тайпалары мәдениетінің ұқсастығымен де түсіндіруге болады. Дәуірдің бірінші және екінші кезеңдерінде тірішілік еткен адамдары арасында жерлеу ғұрпына қарағанда тікелей генетикалық байланыс байқала қоймайды, алайда олардың барлығы андроновтық негізі бір көшпелі тайпалар болған. Шығыс Қазақстанның угелері мен Жетісу жері үйсіндері антропологиялық типі жағынан өте жақын, сондықтан да олардың туыстық жағы да дау тудырмайды [15].
Шығыс Қазақстан ерте көшпелілерінің басым бөлігі еуропеоидтық, ал кейіннен мұнда шығыстық моңғолоидтық раса тармағының қоспасы пайда бола бастағандығын соңғы антропологиялық зерттеулер де дәлелдей түсуде.
«Алтай-Тарбағатай аралығы ерте темір дәуірі ескерткіштерінің кезеңделуі мен мерзімделуі» атты 4.2 тараушада отандық тарихнамадағы түйіні түйіткілді сауалдардың қатарына жататын археологиялық ескерткіштердің кезеңдестірілуі мен мерзімделуі сөз болады.
М.П. Грязновтың 1939 ж. басталған Алтайдың ерте көшпелілер дәуірін үш қорымдар хронологиясы бойынша және жерлеу ғұрпы мен ақыреттік заттары негізіндегі жасаған кезеңдемелеріне Алтай-Тарбағатай аралығы ерте темір дәуірін зерттеген зерттеушілер қызу атсалысып, өз хронологиялық кезеңдемелерін ұсынды. Алайда ғалымдар белгілі бір тоқтамға келе алмады. Осы мәселе жөнінде кезінде С.В. Киселев майемер мәдениетін ерте скиф мәдениетінің біріңғай даму үрдісін үш фазаға бөлсе, ал С.И. Руденко болса скиф уақыты деп ешқандай кезеңдерге бөлмеді және скиф тайпалары Алтайды бұған дейін мекендеуші тұрғындарымен ешқандай байланысы жоқ деп пайымдады. Ғалымның пікірінше ж.с.д. VIII – VII ғғ. Зайсан қазан шұңқырындағы Ертістің жоғарғы ағысын, немесе Тарбағатай бөктерін мекендеген тайпалардың бір бөлігі Таулы Алтайға келіп жергілікті халыққа сіңісіп кеткен деген болжам айтады. Алтайдың ерте темір дәуірін кезеңдеу және мерзімдеу мәселесіне әр жылдар өзіндік бағамды ой айтқан ғалымдардың қатарына – С.С. Черников, А.С. Суразаков, В.А. Могильников, М.Қ. Қадырбаев, Н.А. Боковенко мен Ю.А. Заднепровскийлерді жатқызуға болады.
С.С. Черников Шығыс Қазақстанның ж.с.д. VIII-III ғасырлар ескерткіштерін жерлеу құрылыстарына қарап солтүстік және оңтүстік деп екі топқа бөледі. Олар көршілес орналасып көптеген элементтері ортақ скиф мәдениеті түріне жатқанымен, әртүрлі территорияларды алып жатыр және өзара кейбір айтарлықтай ерекшеліктеріне қарап ажыратылады. Солтүстік топ Ертістің жоғарғы ағысы салалары жазықтарын мекендесе, оңтүстік топ Зайсан көлі маңы мен Тарбағатай жоталарын қоныс еткен. Ғалым соңғы тұжырымдамасында зерттелген археологиялық материалдарға қарап ж.с.д. VII-ІV ғғ. және ж.с.д ІІІ ғғ. – ж.с. І ғ. деп нақты екі екі хронологиялық кезеңге бөлді.
Археолог ғалымдар арасында майемер кезеңі мерзімін біреулері тым ерте кезеңге апарса, біреулері бұрыннан келе жатқан мерзімде қалдырса, ал баз біреулері жасартуға тырысады. Алайда соңғы жылдары еліміздегі қазылған Майемер 2 және Шілікті 3 ескерткіштері радиокөміртектік сараптама бойынша ж.с.д. ІХ – VІІІ ғғ. жататындықтан майемер кезеңінінің уақытын арырақ жылжытып ж.с.д. ІХ ғ. соңынан бастауға толықтай негіз бар деп ойлаймыз. Сонымен солтүстік топқа жататын майемер мәдениетін ж.с.д. IX ғ. аяғы – ж.с.д. VI ғғ., пазырық мәдениетінің берел кезеңін ж.с.д. VI ғ. аяғы–ж.с.д. IV ғғ., ал құлажорға мәдениетін ж.с.д. IV ғ. – ж.с. ІІ ғғ. және ж.с.д. ІІ ғ. – ж.с. І ғ. деп мерзімдеп екіге бөлдік. Оңтүстік топ аумағында орналасқан ерте сақ уақытына жататын ұқсас археологиялық ескерткіштерді жерлеу ғұрпына, ақыреттік заттарына, жерлеу-ғұрыптық кешендер құрылысына қарап, ескерткіштердің нақтылы бір территорияны алып жатуына байланысты «шілікті археологиялық мәдениеті» деп жаңаша бөліп ж.с.д. VIII – ж.с.д. IV ғғ. мерзімдедік. Оңтүстік топқа жататын Тарбағатай теріскейіндегі зерттелінген қорғандар материалдары ж.с.д. III ғ. – ж.с. І ғ. белгіленіп үйсін мәдениетіне жататындығы анықталып отыр.
Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірінің хронологиясы мен кезеңдеуінде әртүрлі көзқарастардың болуы ғалымдар тарапынан әлі де жалғасын табады. Осы тақырыпқа байланысты тыңнан ашылған, әсіресе Тарбағатайдағы соны археологиялық жаңалықтар мен ізденістер бұл мәселенің мәдени-хронологиялық интерпретациясын шешу жолдарына әкелері сөзсіз.
Қорытындыда Шығыс Қазақстан өңірінде ерте сақ кезеңінің өзі көршілерінің ықпалдастығына қарай әртүрлі дамыған, яғни бір кезеңнің өзінде қарастылып отырған өлкеде жерлеу дәстүрі бір-бірінен өзгеше, бірақ шаруашылығы ортақ бірнеше тайпалық одақтардың қоныстағандығы туралы қорытынды шығарылып, ерте сақ кезеңі тайпаларының ескерткіштеріне жалпы сипаттама берілді.
Бүгінгі күні ерте сақ дәуірінің ескерткіштерінің материалдық мәдениеті, жерлеу ғұрыптары, шаруашылығы, әдет-ғұрыптары жайлы мәліметтер қаралғанымен, археологтардың алдында сақ тайпаларының қоныстарын зерттеу мәселесі тұр. Егер осы мәселе алдағы жылдары өзінің дұрыс ғылыми шешімін табатын болса, Шығыс Қазақстанның ғана емес жалпы Еуразия кеңістігіндегі ерте көшпелілер мәдениетінің өзекті мәселелері ашылар деген ойдамыз.
Осы уақытқа дейін Алтай-Тарбағатай аралығы ерте темір дәуірінің ж.с.д. VIІI ғасырдан ж.с. алғашқы ғасырларына жататын мыңнан аса қорғаны қазылып, зерттелінген. Кең көлемдегі әралуан түрлі материалдардың жиналуы ерте көшпелілер қоғамының мәдени-хронологиялық, әлеуметтік-экономикалық, демографиалық аспектілері мен діни-әфсаналық түсініктерін жаңғыртуға мүмкіндік берді. Ең бастысы сол зерттеулердің негізінде жасалған қорытындылар мен тұжырымдар жүйеленіп, бір ізділікке түсірілді.
Угэ тайпасы С.С. Черниковтың айтуы бойынша тек Ертістің жоғарғы ағысы бойын жайлап Жетісудағы үйсіндермен тығыз қарым-қатынаста болған. Ал олардан батыста Шыңғыстауда, Ертістің төменгі ағысында және солтүстік Алтайда жерлеу ғұрпындағы ерекшеліктеріне қарағанда басқа тайпалар өмір сүрген. Бұл жерде соңғы жылдардағы археологиялық қазбаларға, қазіргі қолда бар мәліметтерге қарағанда ғалымдардың пікірінше юэчжи тайпалары өз мәдениетін (пазырық) қалдырған. Ертістің сол жағалауында, нақтылап айтатын болсақ, Тарбағатай теріскейінде Ә.Т. Төлеубаевтың пікірінше үйсін тайпалары мекендеген, ол мұндағы ескерткіштердің сыртқы құрылысы мен қабірлерден алынған заттар кешенінен де айқындауға болады деген тоқтамға келген. Біздің ойымызша, мұнда угэ тайпаларынан өзгеше, үйсіндерге жақын, яки үйсін тайпалық одағына кіретін, этно-мәдени жағынан туыстас ру, тайпалар өмір сүрген болуы ықтимал.
Қазбалардан табылған археологиялық және антропологиялық материалдарды сараптай келе С.С. Черниковтың: «...Андроновтық негізде қалыптасқан қазақтардың антропологиялық типі Шығыс Қазақстанда анық байқалады, ал пазырықтықтар мен қазақтардың ою-өрнектерінің (орнаменттері) ұқсастығы қандай да болмасын тайпалар мен рулардың жылжуларына қарамастан Қазақ халқының мәдени тарихи тамырлары біз осы уақытқа дейін ойлап келгендей беріде емес, тіпті ежелгі уақыттарға кетеді» – деген қорытынды пікіріне толықтай қосылуға болады.
2003 ж. тарихи құнды ескерткіштер мен туризм бағытына арналған « Мәдени мұра» бағдарламасына сай бүліну деңгейінде тұрған және жоғалып бара жатқан ескерткіштерді қайта жаңғырту жұмыстары қарастырылып отырған өңірге де өз әсерін тигізді. Оған дәлел ретінде 2003 ж. бері Шығыс Қазақстан өңірінде жүргізіліп келе жатқан археологиялық қазбаларды атап өтуімізге болады. Оның ішінде З.С. Самашевтің басқаруындағы археологиялық экспедицияның майемер мәдениетіне, берел кезеңіне жататын қорғандардағы зерттеулерін және Ә.Т. Төлеубаевтың ерте сақ кезеңіне қарасты Шілікті қорымындағы қазбаларын ерекше айтуға болады. Республика көлемінде жүргізіліп жатқан мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы еліміздің шығысындағы археологиялық ескерткіштердің кеңінен танылуына және жариялануына үлкен мүмкіндік туғызып, әлемдік деңгейде аталған ескерткіштерге қызығушылықты арттырып отыр.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Адрианов А.В. К археологии Западного Алтая (из поездки в Семипалатинскую область в 1911 году) // Известия Императорской Археологической Комиссии. – СПб, 1916. – Вып. 62. – С. 1-94.
2 Сорокин С.С. Памятники ранних кочевников в верховьях Бухтармы // АСГЭ. – Л., 1966. – Вып. 8. – С. 35-57.
3 Арсланова Ф.Х. Новые материалы VІІ-VІ вв. до н.э. из Восточного Казахстана // Бронзовый и железный век Сибири. – Новосибирск, 1974. – С. 77-83.
4 Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской ГЭС.
– Алма-Ата: «Наука», 1987. – 278 с.
5 Төлеубаев Ә.Т. Ертедегі үйсіндердің Тарбағатайдың теріскейіндегі ескерткіштері // Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы. – 1999. – № 12. – 23-38 - бб.
6 Самашев З.С. Древние номады казахских степей // Материалы 2-ой Международной конференции «Историческая роль Александра Гумбольдта и его экспедиций в развитии мировой, региональной и национальной науки». – Алматы, 2004. – С. 145-157.
7 Самашев З.С., Толеубаев А.Т., Джумабекова Г.С. Сокровища степных вождей. – Алматы: ОФ «Берел», 2004. – 176 с.
8 Тишкин А.А. Создание периодизационных и культурно-хронологических схем: исторический опыт и современная концепция изучения древних и средневековых народов Алтая. – Барнаул: АлтГУ, 2007. – 355 с.
9 Шульга П.И. Этнокультурная ситуация в Горном Алтае и северо-западных предгорьях в VII-Ш вв. до н. э. // Итоги изучения скифской эпохи Алтая и сопредельных территорий. – Барнаул, 1999. – С. 245-250.
10 Черников С.С. Загадка золотого кургана: где и когда зародилась скифское искусство. – М: «Наука», 1965. – 188 с.
11. Жолдасбайұлы С. Жетісу тарихы (XVI-XVIII ғғ.) (Тарихи және палеоэтнологиялық зерттеу). – Алматы: «Қазақ университеті», 1996. – 299 б.
12 Төлеубаев Ә.Т. Шілікті патша обалары және сақ проблемасының кейбір түйінді мәселелері // Каспий–Арал өңірінің тарихи-мәдени мұралары. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция матиериалдары. 1-бөлім. – Ақтау, 2007. – 229-235 - бб.
13 Самашев З., Сұңғатай С., Жұмабекова Г., Базарбаева Ғ. Қазақ Алтайының скиф-сақ дәуiрiндегi мәдениеті (Берел қорымындағы тың зерттеулер) // Отан тарихы. – 1999. – № 4. – 60-70 - бб.
14 Смағұлов О. Ата баба (тек) // Қазақ. – Алматы, 1994. – 6-31- бб.
15 Исмагулов О. Антропологическая характеристика усуней Семиречья. // ТИИАЭ АН КазССР. – Алма-Ата, 1962. – Т. 16. – С. 168-191.
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің Білім мен ғылым саласындағы бақылау комитетінің ұсынған басылымдарындағы мақалалар:
1 Базар шаты қорғандары // Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы. – 1999. – № 12. – 81-89 - бб.
2 Археология және этнологиясы кафедрасының көне дәуір археологиясы тобының зерттеулері // Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. – 2004. – № 4 (34). – 161-163 - бб.
3 С.С.Черниковтың Шығыс Қазақстан ерте темір дәуірін зерттеуге қосқан үлесі // Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы. – 2008. – № 4 (51). – 138-141 - бб.
4 Алтай мен Тарбағатай көшпелілер мәдениеттеріндегі кейбір ортақтастықтар мен ерекшеліктер // Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы. – 2008. – № 4 (51). – 142-145 - бб. (Р.С. Жұматаевпен бірге)
5. Алтай-Тарбағатай сақ тайпалары ескерткіштерінің кезеңделуі мен мерзімделуі хақында // ҚР ҰҒА Хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы.
– 2009. –№ 1. – 34-38 - бб.
Конференция жинақтарында:
6 Некоторые итоги археологического исследования Восточного Казахстана // Проблемы сохранения исторического наследия. – Алматы, 1998. – С. 9-70. (соавт. Оразбаев А.М.)
7 Могильник раннего железного века в предгорьях Тарбагатая // Проблемы сохранения исторического наследия. – Алматы, 1998. – С. 225-239.
8 Тарбағатай көшпелілерінің б.э.д. 1 мыңжылдықтағы мәдениеті жөнінде // Проблемы сохранения исторического наследия. – Алматы, 1998. – 253-259 - бб.
9 Исследования культуры древних кочевников Казахстанского Алтая // Проблемы сохранения исторического наследия. – Алматы, 1998. – С. 174-202. (соавт. Самашев З.С, Франкфорт А.Т., Ермолаева А.С. и др.)
10 Курганы с каменными грядами на северных склонах Тарбагатая // Проблемы сохранения исторического наследия. – Алматы, 1998. – С. 218-224. (соавт. Толеубаев А.Т., Бейсенов А.З.)
11 К проблеме этнокультурных связей регионов Восточного и Центрального Казахстана в раннежелезном веке // ХІV Уральское археологическое совещание. Тезисы докладов. – Челябинск, 1999. – С. 142-143. (соавт. Толеубаев А.Т., Бейсенов А.З.)
12 Продолжение исследований на могильнике Берел // Қазақстан археологиясының зерттеулері. «Марғұлан оқулары-14» ғылыми-практикалық конференцияның еңбектері. – Шымкент: М. Әуезов атындағы ОҚМУ. – 21-22 тамыз 2002 ж. – Шымкент-Алматы, 2002. – С. 132-139. (соавт. Самашев З. Толеубаев А., Исин А., Жумабекова Г., Базарбаева Г., Онгар А., Киясбек Г.)
13 Шығыс Қазақстан ерте темір дәуірі ескерткіштерінің егемендік алғанға дейінгі зерттелу тарихы // Каспий–Арал өңірінің тарихи-мәдени мұралары. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция матиериалдары. 1-бөлім. – Ақтау, 2007. – 263-269 - бб.
14 Шілікті және Шағаноба қорғандарының зерттелуінен (С.С.Черниковтың жарияланбаған 1959 жылғы архив материалдары негізінде). // әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 75 жылдығына арналған «Қазақстандағы этностардың дәстүрлі мәдениетіне қатысты музей жинақтары: зерттеу мәселелері мен сақтау перспективалары» атты республикалық ғылыми-практикалық семинардың материалдары (28-29 қараша 2008 жыл). – Алматы: Қазақ университеті, 2009.
– 82-84 - бб.
15 Берел қорымының зерттелу тарихынан // Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 75 жылдығына арналған «Қазақстандағы этностардың дәстүрлі мәдениетіне қатысты музей жинақтары: зерттеу мәселелері мен сақтау перспективалары» атты республикалық ғылыми-практикалық семинардың материалдары (28-29 қараша 2008 ж.). – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 84-89 - бб. (Б. Бесетаевпен бірге)
16 Шығыс Қазақстан ерте көшпелілерінің антропологиялық кескін-келбеті // «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарының «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыруға қосқан үлесі: жетістіктері мен даму бағыттары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (27 ақпан 2009 ж.). – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 46-48 - бб.
17 Марқакөл өңірінің археологиялық зерттелу тарихнамасы // «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарының «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыруға қосқан үлесі: жетістіктері мен даму бағыттары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (27 ақпан 2009 ж.). – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 68-69 - бб. (Ұ.Ү. Үмітқалиевпен бірге)
18 Ерте көшпелілердің дүниетанымындағы қос жылқы бейнесі мен семантикасы. // «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарының «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыруға қосқан үлесі: жетістіктері мен даму бағыттары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (27 ақпан 2009 ж.). – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 69-72 - бб. (Б. Бесетаевпен бірге)
19 Ә.М. Оразбаевтың Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірін зерттеуге қосқан үлесі // «Оразбаев оқулары – 2» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы. – Алматы: Қазақ университеті, 2010. – 122-128 - бб.
20 Ф.Х.Арсланова – ежелгі және орта ғасырлар тарихының зерттеушісі. // «Оразбаев оқулары - 2» атты халықаралық ғылыми конференция материалдары. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. –195-206 - бб. (Д.С. Байгунаковпен бірге)
21 Ойжайлау ерте темір дәуірі обасының зерттелуінің кейбір мәселелері // «Жансүгіров тағылымы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Талдықорған, 2009. – 48-52 - бб. (Ә.Т. Төлеубаев, Н.Қ. Байғабатова, Р.С. Жұматаев, Қ.А. Искаковпен бірге)
Басқа басылымдарда:
22 К изучению торевтики кочевников Евразии І тыс. до н.э. (оленья бляшка из Семиречья) // Евразийское сообщество. Экономика. Политика. Безопасность. – 1998, – № 6. – С. 98-107. (соавт. Самашев З.С., Ольховский В.С.)
23 Раннесакские наконечники стрел из Казахстанского Алтая // Военная археология. Оружие и военное дело в исторической и социальной перспективе. Государственный Эрмитаж ИИМК РАН. – Санкт-Петербург, 1998. – С. 155-160. (соавт. Самашев З.С., Жумабекова Г.С., Ермолаева А.С.)
24 Продолжение исследований на могильнике Берел // Шыңғыстау, Берел, Шілікті, Абыралы. Археологические исследования 1999-2003 гг. – Семей, 2004. – С. 24-37. (соавт. Самашев З. Толеубаев А., Исин А. и др.)
25 Изучение археологических памятников в Восточном Казахстане // Комплексные исследования древних и традиционных обществ Евразии. – Барнаул. – 2004. – С. 183-190. (соавт. Ковалев А.А., Дашковский П.К., Самашев З.С. и др.)
26 Шілікті қорымының зерттелуі // Мемлекеттік «Мәдени мұра -2004» бағдарламасы бойынша археологиялық зерттеулер жайлы есеп. – Алматы, 2005. –27-29 - бб. (Ә.Т. Төлеубаев, Ж. Шайкен, Ұ. Үмітқалиев, С. Самашевпен бірге)
27 Исследования могильника Чиликты // Отчет об археологических исследованиях по государственной программе «Культурное наследие - 2004».
– Алматы, 2005. – С. 123-125. (соавт. Толеубаев А.Т., Шайкен Ж., Умиткалиев У.У., Самашев С.)
28 Отчет Шиликтинской археологической экспедиции за 2006 год // Отчет об археологических исследованиях по Государственной программе «Культурное наследие» 2006 г. - Алматы, 2007. – С. 199-201. (соавт. Толеубаев А.Т., Умиткалиев У.У., Иргебаев Г.Д., Майданбекова М.М., Кожахметов Б.)
29 Шілікті даласындағы алтын қорған // Алаш. Тарихи-этнологиялық ғылыми журнал. – 2008. – № 5 (20). – 58-68 - бб.
ОМАРОВ ГАНИ КАЛИХАНОВИЧ
Археологические памятники раннего железного века межгорья Алтая и Тарбагатая (хронология, периодизация и культурная атрибуция)
РЕЗЮМЕ
диссертации на соискание ученой степени кандидата исторических наук по специальности - 07.00.06 – археология
Актуальность темы. В древней истории Евразии земли Алтая и Тарбагатая имеют особое значение, так как эти историко-культурные области с древних времен были тесно связаны со сложными процессами развития человечества.
Несомненно, памятники раннего железного века Алтая дают возможность решить немало трудных и спорных проблем в истории цивилизации Евразии. Сложные исторические процессы, к примеру, как Великое переселение народов, берущее начало на Алтае и на территории Восточного Казахстана, в корне изменили этническую, политическую и историческую карту Евразии. В итоге в рассматриваемых областях трансформировалось культурное развитие, этнический состав населения и материальная культура.
На протяжении многих веков на земле Алтая и Тарбагатая существовали археологические культурные общности майемер, шиликты, берел, кулажорга, и др. которые последовательно сменяли друг друга. Однако, до сих пор в отечественной науке не решены вопросы их взаимоотношений, этнокультурной и генетической преемственности, культурного взаимовлияния.
В последние годы в Казахстане археологические исследования на пике своего развития и как следствие получены новые уникальные данные, осуществляются плановые исследования новых памятников. В этом свете презентация итогов проделанной работы, интерпретация полученных результатов получают актуальное значение.
Вместе с тем исследовательская работа соответствует национальному стратегическому проекту «Культурное наследие».
Цель исследования. Систематизация памятников раннего железного века Казахского Алтая и Тарбагатая, осуществление их детального описания и выяснение культурно-этнической атрибуции. Из этой цели вытекают следующие задачи:
– систематизировать археологические исследования раннего железного века Алтая-Тарбагатайского межгорья;
– охарактеризовать круг раннесакских памятников и памятников берельского времени, проанализировать их культурно-генетическую эволюцию;
–
характеристика сложения и развития кулажоргинского и усуньского типа памятников, определение их места среди археологического наследия региона раннего железного века;
– анализ антропологических данных о населении региона раннего железного века, разъяснение некоторых этногенетических вопросов;
– разработка вопросов абсолютной и относительной хронологии памятников раннего железного века региона;
– определение места памятников раннего железного века Казахского Алтая и Тарбагатая в системе культур Центральной Азии изучаемой эпохи.
Научная новизна исследования. Впервые масштабно рассматриваются проблемы раннего железного века межгорья Казахского Алтая и Тарбагатая, в результате чего достигнута следующая научная новизна:
– впервые составлена полная история археологического изучения Казахского Алтая и Тарбагатая, причем дан анализ и оценка некоторым устаревшим взглядам и интерпретациям;
– памятники майемерской культуры и берельского периода подвергнуты научному анализу и разделены по этапам развития. Определены основные группы майемерской культуры на основе местных примеров;
– на основе открытий последних лет в Шиликтинском могильнике обосновывается гипотеза о формировании и развитии некоторых самостоятельных археологической культур;
– проанализированы особенности наземных и внутримогильных конструкций погребальных и поминальных памятников кулажоргинской и усуньской культур;
– систематизированы антропологические данные о древних кочевниках региона, на основе которых дано разъяснение некоторых этногенетических процессов в исследуемом регионе;
– осуществлена периодизация археологических культур и памятников, введен в научный оборот значительный по объему материал по археологии раннего железного века и определена их культурно-этническая атрибуция;
– впервые введены в научный оборот материалы более 20 памятников в открытии и раскопе которых автор принимал непосредственное участие, а также материалы более 30 памятников других исследователей.
Положения выносимые на защиту:
– анализ собранного материала дает возможность систематизации памятников и результаты полученные являются составляющей мировой историографии раннего железного века;
– на основе составления карт археологических памятников раннесакского и берельского периодов выяснено, что они концентрировались в нескольких историко-культурных областях, стабильные и постоянные связи сохранялись на протяжении многих веков;
– выяснено, что на протяжении нескольких столетий регион населяли близкородственные народы, оставившие сходные по облику памятники материальной культуры. Культурная идентичность более четко прослеживается в конструкциях погребальных памятниках рядовых членов общества;
–
в результате исследований выяснено, что в рассматриваемый период население региона в целом сохраняет и продолжает развивать антропологический тип андроновского облика;
– материалы Шиликтинских курганов дают основание для обоснования возможности выделения их в качестве самостоятельной культуры, но с определенной оговоркой;
– обосновано мнение, что археологические памятники раннего железного века Алтая и Тарбагатая имеют генетическую связь как с предыдущими, так и последующими историко-культурными традициями.
Структура работы. Диссертация состоит из двух частей. Первая часть включает текстовый материал исследования, состоящий из введения, четырех разделов, заключения и списка использованных источников, вторая часть – приложение, где представлен иллюстративный материал работы.
OMAROV GANI
Archaeological sites of the early Iron Age intermountain of Altay and Tarbagatay (chronology, periodization and cultural attribution)
SUMMARY
Dissertation on competition of a scientific degree of the candidate of historical sciences on speciality – 07. 00. 06 – аrchaeology
Relevance of research: In the ancient history of the Eurasian region of Altai and Tarbagatay has a particular importance as the special historical and cultural region, where since ancient times, there are a complex ethno-cultural processes, migrations and diffusions.
Many events that radically influenced the historical fate of many nations and changed ethnical appereance beyond recognition of vast Eurasian continent (for example, the Great Migrations, etc.), had a direct impact on the region studied by us, which essentially is in the midst of forming the so-called Hun-Sarmatian cultural complex. During the first millennium B.C. there were various cultural communities and archaeological cultures (mayemer, shilikty, berel, kulazhorga, etc.) that have consistently succeeded one another, transformed and created the basis for subsequent development of cultural phenomena.
However, despite the bright discoveries of recent years, so far there is no holistic view of the cultural complexes of the early Iron Age in science , in the region that we are studying; chronological attribution and interpretation, and use of them as a good source in the reconstruction of cultural and historical processes still remain as the actual problems.
The aim of research: Systematization the early Stone Age of the Altai and Tarbagatay, the implementation of a detailed description and elucidation of cultural and ethnic significance. This implies the following tasks:
– systematic archaeological survey of the early Iron Age of the Altay and Tarbagatay;
– define the terms early Saks and Berel monuments, analyze cultural evolution;
– characteristics of development of Kulazhorga and Usun type of monuments;
– analysis of anthropological data about the population of the region early Iron Age;
– development of issues of absolute and relative chronology in the region of the early Iron Age;
– defining the place of the early Iron Age of Altay and Tarbagatay in the cultures of Central Asia of the studying era.
Scientific novelty of the research: For the first time considered the most common problems associated with the study of the early Iron Age of Kazakh Altay and Tarbagatay. As a result, the following scientific innovations achieved:
– history of research of archaeological positions of the Altai and Tarbagatay were given on the basis of the methodological approach developed under the independent Republic of Kazakhstan;
– monuments of mayemer culture and Berel version of Pazyryk were subjected to a new scientific analysis, and justified by other development options of this cultures. Main groups of monuments of mayemer culture were Identified and mapped;
– based on recent discoveries in the Shilikty barrow Baygetobe, hypothesis about the formation and development of some of the archaeological cultures were justified; The features of land and structures within the burial and memorial monuments of kulazhorga and usun cultures were analyzed;
– anthropological data about the ancient nomads of the region were systematized;
– periodization of archaeological cultures and sites were implemented , and were introduced into scientific circulation for a considerable amount of material on the Early Iron Age Archaeology and Cultural attribution.
The author was directly involved in the excavation of more than 20 sites.
The positions which are taken out on protection:
– based on the mapping of archaeological sites of the early-sak and Berel periods, it has been revealed that they were concentrated in several historical and cultural areas, stable and permanent relations have persisted for many centuries;
– it was clarified that for several centuries the region was inhabited by closely related people, who have left similar in appearance sites of the material culture. Cultural identity can be traced quite clearly in the construction of funerary monuments of ordinary members of communities;
– as a result of studies, it was found that during the reporting period, the population of the region as a whole remains an anthropological type of andronov appearance;
– materials of Shilikti mounds provide a basis to justify the possibility of allocating a new archaeological culture;
– there were substantiated the opinion that the archaeological monuments of the early Iron Age of the Altai and Tarbagatay have a genetic link with the previous and subsequent historical and cultural periods.
The structure of work. The thesis consists of two parts. The first part includes a study text material, consisting of an introduction, four sections, conclusion and list of sources used, the second part – the application, where there is illustrative material work.
ОМАРОВ ҒАНИ ҚАЛИХАНҰЛЫ
Алтай-Тарбағатай аралығындағы ерте темір дәуірінің
археологиялық ескерткіштері
(кезеңделуі, мерзімделуі және мәдени атрибуциясы)
07.00.06 – археология
Тарих ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
05.10.2010 қол қойылды. Пішімі 60х841/16.
«SvetoCopy» қағазы. Көлемі 1,5 п.л. Таралымы 100 дана.
Тапсырыс № 79.
«Тарих тағылымы» баспасы
050008, Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 175 үй
Байланыс тел.: +7 (727) 277 53 49
Достарыңызбен бөлісу: |