Әож қолжазба құқығында



бет12/18
Дата05.02.2024
өлшемі55.09 Kb.
#490892
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
stud.kz-15190

Жарасып ақ үйлердің қияфаты.
Көкорай шалғындарға бие байлап...»
Үкі лингвомәдени бірлігінің мифтік танымға сәйкес өзіндік мәні бар. Тіл-көзден, ауру-сырқаудан сақтайды деген сенімде болған қазақтар оны киелі санаған. Ақ үй тіркесі ұлттық баспана атауына ие лингвомәдени бірлік. Ұлт тіліндегі ақ орда, ақ үй, қара үй, қараша үй, отау, қос атаулары - ұлт тұрмысынан, тұрмысынан хабар берер лингвокультуремалар.
«Қиял» өлеңінде: Тағы да көз алдымда бір жиын-той
Үй тіккен, ошақ қазған, сойылған қой
Ат шапқан, палуан түскен, серке тартқан
Шаттанған, күлімдескен, толқыған ой...
Осындағы үй тіккен, ошақ қазған, сойылған қой, ат шапқан, палуан түскен, серке тартқан сөз тіркестері қазақ халқының рухани мәдениетіндегі мәдени коннотацияға ие лингвомәдени бірліктер.2.2.Ағартушылық еңбектеріндегі лингвомәдени бірліктер. «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт - оқуда. Теңдікке жетсек те, жұртығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз- оқу. Надан жұрттың күні қараң, келешегі тұман»,- деп ағартушы халқын оқу, білімге шақырады [ІІт,130]. М.Дулатұлының “Есеп құралы” оқу құралы жөнінде А.Байтұрсынұлы: “Бұл күнге шейін қазақ тілінде әліппе, қирағат кітаптары болса да, есеп кітабы жоқ еді... Кітап ең соңғы жаңа тәртіппен шығарылып, таза қазақ тілінде қазақ емлесімен басылған, мысалдары да қазақ тұрмысынан алынған” деп баға берген [“Қазақ” газеті, 1914ж]. Ағартушы ретінде Міржақып өз ұлтының болашағын алыстан болжап, халқымыздың ғұмыр бойы келе жатқан мәдениетінен ажырап қалғысы келмейді. Ұлттық мәдениет ұлттық тәрбиеге тікелей қатысты екенін тереңнен сезе отырып, өскелең ұрпақты есепке үйреткенде бейне бір әдебиет сабағын оқытқандай үйретеді. Мәселен, «Есеп құралының» алғашқы беттерінен-ақ ұлттық таным тіні сезілгендей болады: «Жылқыбайдың 4 айғыр үйір жылқысы бар еді, тағы бір қысырақ матады. Жылқыбайдың жылқысы неше үйір болды?» [ІҮ,114]. Міне, осындағы ұлттық таным мен ұлттық мәдениетті аңғартып тұрған лингвомәдени бірліктерге тоқталайық: 1. Жылқыбай антропонимі. «Мыңдаған кісі аттары әдет-ғұрып, салт-сана, ырым мен дәстүрлерге байланысты қойылып отырған. Ауыз әдебиетінің түрлі жанрларында төрт түлік мал көбірек айтылып отырады. Онда көшпелі тұрмыстағы түйенің маңызы, жылқының адам өміріндегі орны ерекше бейнеленеді. Сөйтіп, төрт түлік атауына байланысты ат қою дәстүрі кеңінен етек алады» [14,26]. Жылқыны қазақ өзге малынан артық көріп, ерекше қастерлейді. Жылқыбай есімі «Жылқылы бай болсын» деген тілекпен қойылғаны айқын аңғарылады. Өйткені, байлықты бұрын халқымыз ақшамен емес, қылқұйрық санымен есептеген. Шортанбай жырауды еске алайық: «Сауып ішер сүті жоқ, Мініп көрер күші жоқ, Ақша деген мал шықты».
2. Айғыр үйір жылқы лингвомәдени бірлігі. Төрттүлік халқымыздың көшпелі өркениетінің басты бөлшегі. Халқымыз мал шаруашылығына тәуелді болғандықтан М.Дулатұлы мал атауларын ұлттық мәдениет бірліктері ретінде алып, жиі мысал келтіреді. Мысалы, үйір тек жылқыға қатысты болса, табын сиырға, матау түйеге қатысты тіркесілімдікке ие болады. Айғыр үйірдің бастаушысы ретінде қабылданады. Өйткені, мұнда «күшті» узуалды семасы бар. 3. Қысырақ матады. Осындағы «матады» сөзі екі түрлі позицияда қолданады: 1. Өз еркімен беру, ұсыну. 2. Тыпырлатпау. Мысалы, байлап, матап тастады. Негізі қазақша күресте қолданылатын әдістің аты. 2.3 Көсемсөз, әдеби сын зерттеу мақалаларындағы лингвомәдени бірліктер. М.Дулатұлының ұлттық мәдениеттің құрсағынан жаралған тілдік тұлға ретінде көрінер тұсы – оның көсемсөз, публицистикалық ой-толғамдары. «Сәулелі жарық жолға ұмтылсам - ұлтыммен қосыла ұмтылып бағамын» деп талпынған ұлтжанды қаламгердің осы мақсатты жолда қалам тартқан мақалаларының барлығында ұлттың табиғатына, қазақы бітім-болмысқа ғана тән ерекшелікті бейнелейтін лингвомәдени бірліктерді кездестіре аламыз. М.Дулатұлы ұлт тіліндегі лексикалық байлықты өз орнымен шебер қолданады. Қаламгер сол кезеңнің шындығын бейнелеп, ұлт дүниетанымын, ұлт мінезін, өткені мен қазіргісін ұлттық тілдегі лингвомәдени бірліктер арқылы танытады. М.Дулатұлы «Сана қайда?» атты мақаласында өз танымдағы қазақ халқының бітім-болмысын былайша баяндайды: «Қазақ деген халық едің. Еділ-Жайық, Есіл, Нұра, Арқа,Сыр, Ертіс, Орал, Алатау, Алтай мекенің еді. Ту ұстап, тұлпар мінген ерлерің бар еді. Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін билерің бар еді. Ел бастайтын көсемің бар еді. Сөз бастайтын шешенің бар еді. Ақ киізге көтерген хандарың бар еді. Ізгі қария шалдарың бар еді. Сауық-сайран жиының бар еді [ІІт,312]. «Қазақ», «Алаш», «Үш жүз» т.б. лингвомәдени бірліктер ұлт танымдағы қасиетті ұғымдарды білдіретін тілдік атаулар. М.Дулатұлының тілдік тұлғасындағы ерекше орын алар «ұлтжандылық», «атамекен» концептілері осы бірліктердің аясынан көрінеді.
Қазақ танымдағы қасиетті ұғымдардың бірі – шежіре. Қазақта Жеті атасын білген ұл, Жеті жұрттың қамын жер, Өзін ғана білген ұл, Құлағы мен жағын жер деген мәтел бар. М.Дулатұлы «Қазақтың тарихы» атты мақаласында «шежіре» сөзіне тоқталады: «Қазақ ішінде әр үйдің отағасы, әр ауылдың ақсақалы – тұрған бір шежіре. Бұрынғы өткен-кеткеннен естіген-білгені болса, кейінгі жастарға соның бәрін айтып отырады [ІІ.59]. Қазақтың әдет-ғұрпындағы қонағасы, жиендік қылу, сүйінші алу, барымта, қалыңмал атаулары мәдени коннотацияға ие лингвомәдени бірліктер. М.Дулатұлы «Сот қайтсе түзеледі?» деген мақаласында «елдің әдет-ғұрпымен санасатын, қазақтың салтына жетік, қандай нәзік мінездерін білетін, түзу билік айта алатын, қазақтан сайланған» әділ сот иелерінің қажет екенін айтады. Мәтін деңгейінде қарастырсақ: «Қазақ өзінің әдетінше, қонағасы бермей тағы тұра алмайды. Сондықтан сот жатқан ел еріксіз шығындалады. Мәселен, қазақта жиендік қылу сықылды әдеттер бар. Жиен нағашысының малын ұстап алған болса, мұны қазақтың ғұрпын білмейтін сот ұрлық иә зорлық деп қарар еді; қазақтың ежелгі бір әдеті және шынға сүйінші алу; [ІІІ,167]. М.Дулатұлы көсемсөзіндегі оның тілдік тұлғасын айрықша танытып, өзіндік ғалам бейнесін жасауда ерекше қызмет еткен фразеологиялық тіркестер мен рухани-діни сөздер ерекше назар аударуды қажет етеді. 2.3.1 Фразеологизмдердің лингвомәдени мәні. Ұлттың рухани дүниетанымын, салт-санасын, ұлттық мінезін өн бойына жиып, сан ғасырлар өтсе де санадан өшпейтін ұлт тіліндегі асыл қазыналардың бірі – фразеологизмдер. Біз көбінесе М.Дулатұлының публицистикасында кездесетін фразеологизмдерге тоқталдық. Қаламгерді толғантып, қаламға жүгіндірген халқының надандығы, жайбасарлығы, ұлтының өзге жұрттан жәбір көрген халі, оның қаналуы, тоналуы еді. Осындай елдегі жағдай туралы ойын айтып жеткізу үшін халықтың тілінде жиі қолданылатын тұрақты сөз тіркестерін тиімді пайдалана біледі. Яғни, публицист өз заманындағы халқының таным-түсінігін, қабылдау, білім деңгейін ескеріп отырған. Мысалы: Әрбір ақыл иесі адам қара қазан, сары баланың қамын ойламай, бұрынғыдай пайдасыз дүрмекпен кете берсе, құдай алдында мойындарынан үлкен борышты түспей, кейінгі нәсілінен де қарғыс алуында шибһе жоқ (ІІт.40). Оқығандарымыз бар – қалтасы тесік, байларымыз бар – төбесі тесік (ІІт.41). Қазақ баласы енді оянбасаң, мәңгіге шейін ұйқың ашылмай, қараңғыда, құлдықта, тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кеткенің [291.]... 2.3.2. Рухани-діни сөздердің лингвомәдени мәні. Рухани мәдениет адамдардың қоршаған дүниеге көзқарасы, діни танымы, наным-сенімі, мінез-құлқы, қабілеті т.б. ұғымдар арқылы танылады. Адамның рухани болмысының қалыптасуында тіл мен діннің маңызы зор. «Діни лексиканы зерттеу - дінді зерттеу емес, ол тіл арқылы халықтың ертедегі рухани байлығын жан-жақты қарастыру, байымдау болып табылады. Қазақ даласына араб мәдениеті тараған соң қазақ халқының рухани өміріне үлкен әсер етті. Ислам әлеміне тән көптеген сөздер мен ұғымдар кірді» [15,10]. М.Дулатұлы тіліндегі қолданылған рухани-діни лексика сол кезеңдегі қазақ халқының рухани дүниесін, қоғамдық ойлау жүйесін, наным-сенімін, таным-түсінігін, әлеуметтік қызметін байқатар лингвомәдени бірліктер болып табылады. Мысалы, Алла, дін, милләт, рухани идарада, мешіт, шариғат, никах, талақ, мирас, жаназа оқу, харам, нәфсі, бенде, тәңірі, илаһим, молла, дүние, мәзһәп, иман, намаз, бақсыға сарнату, тұмар тақтыру, т.т. 2.4. М.Дулатұлы шығармаларындағы кірме сөздердің лингвомәдени (прагматикалық) мәні. М.Дулатұлы шығармаларындағы кірме сөздерді екі топқа бөліп, лексика-семантикалық талдау жасаймыз. 2.4.1 М.Дулатұлы шығармаларындағы араб-парсы кірме сөздеріне лексика-семантикалық сипаттама беріліп, лингвомәдени мәнін ашу көзделді. М.Дулатұлы алғашқы жазған шығармаларында шығыс тілдерінен енген сөздерді молырақ қолданған. Қаламгердің мұсылманша сауат алғандығы және сол кездегі әдеби тіл нормаларынан тыс кете алмағандығынан болар. М.Дулатұлының дүниетанымында, тілдік тұлғасында қалыптасқан діни ұғымдар оның шығармалары бойынан сипат алады. Ақынның «Тәртіпті медресе жоқ бұл қазақта», «Қазақ халқына діни бір уағыз» өлеңдерінде кездесетін шариғат, қирәат, қағида, фарыз, уәжіп, құран, низам, никах, талақ, мирас, мұсылман, ислам, дін, ғибадат, ләкиін, муафиқ, машауарат, хадим, сахаби, мұхаббат сөздері араб сөздері ұлттық рухани мәдениеттің көрсеткіші. Қазақ халқының өміріне енген ислам шариғатын дұрыс ұстанып, ұлт пайдасына, оқу, ғылымға жасауға үндейді. Ақын ойын былайша білдіреді: «Ортаға жарар еді мешіт салсаң, Намазды қаза қылмай барып тұрсаң; Медресеге сайлансын екі молла, Бірі оқытсын мұсылманша, бірі орысша» [Іт,47]. М.Дулатұлы араб-парсы сөздерін саналы түрде орнымен қолданған. Мысалы, ақын ұлт өміріндегі болып жатқан өзгерістерді баяндау, оқу-ағарту, білімді сөз ету, адамгершілік, мінез-құлық, дін, дүниеге көзқарасын білдіру мақсатында жұмсаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет