Әож қолжазба құқығында



бет13/18
Дата05.02.2024
өлшемі55.09 Kb.
#490892
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
stud.kz-15190

2.4.2. Орыс сөздері (русизмдер). Қазақтың әдеби тіліне молынан енген орыс сөздерінің Міржақып тілінде көрініс табуы заңды еді. Яғни, көркем сөз дүниесіне ұлт мәдениетіндегі барлық өзгеріс айнадағыдай өз бейнесін түсіріп отырады. «Бақытсыз Жамал» романында кездесетін орыс сөздері қазақ қоғамындағы әлеуметтік қатынас, ел билеу ісіне қатысты жағдайларды, қазақ өміріндегі болып жатқан өзгерістерді, шынайы дүниенің тілдік бейнесін беруде қолданылған. Мәтіннен мысал келтірсек: «Хақиқатында бұл қыз Жұман Байжанұғлының некелі қатыны екен, растығына үшбунің илән бірге жіберілген указной молда Ахметжан Аямасұғлының метрический книгадан берген куәлігі дәлел һәм билердің билігінен законлы срок, яғни он бес күннің ішінде келіп копия алмады, соның үшін билікті орнына келтіруге әмір етсеңіз екен» [І,236]. М.Дулатұлы шығармаларында кірме тіл элементтерін жаңа дүние жаңалықтарымен, ғылым мен мәдениет саласымен таныстыру мақсатында қолданған. Мысалы, «Һүнермен хасыл болған нәрселер» өлеңінде пароход, бомба, мина, пистолет, револьвер, браунингтер, граммафон, телескоп, завод, фабрика, газет, журнал, машина электрический сөз бен сөз тіркестері ұлт мәдениетіне еніп жатқан қоғамдық өзгерістерді танытар мәдени бірліктер. Дегенмен, қаламгер ұлт тілінің тұнық болуына аса сақтықпен қараған. Сол себепті де орыс сөздерін шығармаларында мейлінше аз пайдаланған. М.Дулатұлы тіліндегі кірме сөздердің өзге мәдениеттен хабар берер тілдік деректер сипатында болғанын аңғарамыз.
Қорыта келгенде, зерттеу барысында М.Дулатұлы тілдік тұлғасының вербалды–семантикалық, лингво-когнитивтік, прагматикалық қырларын нақты дәйектер негізінде ашуға тырыстық. Осымен байланысты Міржақып Дулатұлы тілдік тұлғасының мәтінге түскен таным әлемі, «ғаламның тілдік бейнесі» мәселесінің зерттелу жағдайы, қазақ тіл біліміндегі айқындалу деңгейі сараланып, анықтамаларына талдау жасалынды.
Міржақыпты тілдік тұлға ретінде танытатын және тілдік тұлғаның қозғаушы күш екендігін айғақтайтын сала – оның публицистикасы мен көркемсөзі, мақалалары. М.Дулатұлының шығармаларындағы басты ерекшелік ретінде ХХ ғасыр басында пайда болған ағартушылық ниеттен туған жаңа мәдени концептілер жүйесінің, тілдік тұлғасының мынадай концептілік құрылымдары анықталды: «ұлтжандылық»; «ислам діні»; «әйел теңдігі»; «оқу-білім»; «надандық»; «ғылым»; «өнер»; «қазақ тілі». М.Дулатұлы шығармаларын лингвомәденитанымдық аспектіде зерттеу ұлттың дүниетанымынан, психологиясынан, тарихынан хабардар етер лингвомәдени бірліктердің мәнін ашу арқылы жүзеге асады. Осымен байланысты көркем шығармаларындағы, ағартушылық еңбектеріндегі заттық, рухани мәдениет атауларын білдіретін лингвомәдени бірліктердің ағартушы бойындағы ұлттық таным деңгейін көрсетудегі маңызы ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет