Аурухана ішілік инфекция көздері:
Науқастар (әсіресе стационарда ұзақ уақыт қалғандар)
Медициналы жұмыскерлері
Ауруханаға келіп – кетушілер.
Берілу мехаизмдері:
Фекальді – оральды
Ауа - тамшылы
Трансмиссивті
Жанасу арқылы
Берілу факторлары:
Контаминирлі: медициналық құралдар, құрылғылар, төсек орын заттары, науқастарға күтім, таңу материалдары, эндопротездер мен дренаждар, трансплантаттар, науқастардың және медициналық жұмыскерлердің аяқ киімі.
«Сулы нысандар» - инфузиялық ерітінділер, раковиналар, ішетін су, антибиотиктер мен атисептиктер ерітінділері.
Қауіпті топтар:
Егде жастағы адамдар
Ерте жастағы балалар.
Иммунитеті төмен науқастар
Медициналық жұмыскерлер
Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар: алдын алу шаралары
АІИ алдын алу, инфекция көзін анықтауға, аурухана ішілік ортаның ластануының алдын алу, әр түрлі жолдармен қоздырғыштардың берілуінің алдын алуға, қоздырғыштарды жоюға және ауру адам ағзасының резистенттілігін арттыруға бағытталған шаралар кешені болып саналады.
Спецификалық емес алдын алу:
Сәулеттік-жоспарлау - секцияларды, палаталарды, операция блоктарын, бөлімдерді оқшаулау · Жүретін жолдарды таза және лас жолдарға бөлу · Аурухана аумағын зоналарға бөлу · Қабылдау бөлімін ұтымды орналастыру · Бөлімдерді ұтымды орналастыру
Санитарлық- эпидемияға қарсы - инфекция көздерін, оның ішінде бактерия тасымалдаушыларды да, анықтау · Бактерия тасмалдаушыларды жұмысқа жібермеу және оларды санациялау (тазалау) · Ауруларды оқшаулау · Ауаны, заттың беттерін, саймандарды және басқаларды дезинфекциялау және стерильдеу · Қызметкер мен аурулардың гигиеналық тәртіпті сақтауы · Стационардың санитарлық жағдайы мен режимін, ауруханаішілік ортаның бактериялармен ластануын бақылау. · Қызметкер мен аурулар арасында санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |