Дезинфекция – сыртқы қоршаған ортадағы патогенді микроорганизмдерді, яғни вирустар, бактериялар, токсиндер мен саңырауқұлақтарды жою блып табылды. Француз тілінен «des» деген қарсы және теріс, «infection» инфекция деген сөзінен құралады. Эпидемияға қарсы жұмыстардың ішінде инфекция қоздырғыштарының берілу механизміне қарсы бағытталған маңызды шаралардың бірі – дезинфекция. Ол негізгі 3 бөлімнен тұрады:
Стерилизация – әр түрлі инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын олардың спораларын жою болып табылады.
Дезинсекция – инфекциялық ауруларды тасымалдайтын жәндіктер мен шіркейлерді жою.
Дератизация – инфекциялық ауруларды таратушы және зиян келтіргіш кеміргіштерді жоюға бағытталған бөлім.
Дезинфекциялық шаралар инфекцияның көлеміне, түріне, таралу аймағына, инфекциялық ауру түріне, қоздырғыштың қоршаған орта төзімділігіне, берілу механизміне байланысты жасалады. Соның ішінде мақсатына байланысты дезинфекция 2 түрге бөлінеді:
Ошақтық дезинфекция
Алдын алу дезинфекциясы
Ошақтық дезинфекция – инфекциялық ауру ошағы болған жерге жасалады. Оның өзі қоздырғыштың бар жоқтығана байланысты дезинфекцияның қортынды және күнделікті түрлері бар.
Қорытынды дезинфекция – инфекция ошағынан инфекция көі кеткеннен кейін жасалынатын, яғни науқас сауыққан соң, қастыс болғаннан соң немесе басқа жаққа ауысқаннан кейінгі қалып қойған инфекция қоздырғышын жою мақсатында жасалатын дезинфекция.
Күнделікті дезифекция – науқастан сыртқы ортаға бөлініп шыққан қоздырғыштарды сол мезетте жою болып табылады.
Алдын алу дезинфекциясы – инфекциялық аурулар болуы мүмкін болатын маңызы бар заттарға жасалынатын және қоздырғыштың көзін жою мен кетіруге арналған шаралар.
Дезинфекцияның 3 әдісі бар: