39.Стерилизация туралы түсінік: анықтамасы, ұйымдастыру, әдістері. Стерилизация және медициналық бұйымдардың стерильділігін бақылау әдістері. Стерилизация – әр түрлі инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын олардың спораларын жою болып табылады. Негізгі мақсаты – медициналық заттар мен дәрілердегі болуы мүмкін споралар мен микробтарды толығымен жою. Стерилизация әдістері әртүрлі салаларда гинекологиялық, хирургиялық, стоматологиялық, емдеу-сауықтыру, таңатын, тігетін материалдарды залалсыздандыру үшін қолданылады.
Стерилизация 2010ж. ДСМ №828 «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптарға» сәйкес жүргізіледі.
Асептика – теріде, жаралар мен қуыстарда қоздырғыштардың қоныстануы мен көбеюінің алдын алу тәсілдерінің жиынтығы. Хирургиялық емдеу мен манифуляция жасау кезінде науқас жарасына микроорганизмдерді түсірмеуге бағытталған шаралар.
Антисептика – түрлі инфекциялық процестің дамуының алдын алу мақсатында теріде, қуыстар иен жараларда микроорганизмдердің тіршілік етуіне кедергі жасау шаралары және антисептикалық заттарды қолдану арқылы қолды, теріні, жараларды залалсыздандыру.
Антисептика мен асептика бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтырып тұрады. Дұрыс залалсызданбаған медициналық аспаптардан АИТВ инфекциясы, В, С, Д гепатит, безгек аурулары жұғуы мүмкін.
Стерилизация 3 кезеңнен тұрады:
1 кезең: Медициналық аспаптарды дезинфекциялау.
2 кезең : Стерилизация алдындағы тазалау.
3 кезең: Стерилизация.
Стерилизация үшін 2 әдіс қолданылады:
Физикалық – ыстық ауа, су булары, инфрақызыл және радиациялық сәулелер.
Химиялық – химиялық ерітінділер, газдар.
Булы әдіспен стерилизациялау үшін жоғары қысымдағы су буларын қолданылады және ол автоклавта жүргізіледі. Онда шыны, резеңкелі бұйымдар, металдар, латекстер 120-140 градуста 20-45 мин стерилизацияланады. Автоклавтың жұмысын бақылау әдістері:
-Химиялық бақылау – арнай индикаторлар, яғни тест ленталар түсін өзгертетін ленталар қолданылады.
– Бактериологиялық бақылау -2-3 топырақ сынамасын қағазға орап бикске салып, стерерилизация біткен соң зертханаға жіберілу арқылы жүреді.
– Механикалық бақылау – термометр мен манометр жұмысын қадағалау, техника қауіпсіздігін бақылау, қызметкер білімін тексеру.