Эпидемиологиялық процесске әсер ететін факторлар


Вирусті гепатиттің эпидемиялық процессінің көрінісі. Инфекцияның



бет41/49
Дата24.11.2022
өлшемі170.3 Kb.
#465657
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49
лекция по эпид

48.Вирусті гепатиттің эпидемиялық процессінің көрінісі. Инфекцияның
берілу жолдары (жасанды және табиғии). Инфекцияның берілу факторлары.
Вирустық гепатиттердің 7 қоздырғышы белгілі. Олар А, В, С, D, Е, F, G, TT, SEN деп белгіленеді. В вирусты гепатиті, ТТV және SEN – ДНҚ-лы вирустары, қалғандары РНҚ-лы вирустар.
Вирустық гепатиттер бүкіл әлемде таралған, антропонозды инфекциялар. Вирусты гепатиттердің инфекция көзі – науқас адам. Берілу механизмі – вертикальды (анадан балаға), парентеральды, яғни, берілу жолдары – қан құю, инъекциялық манипуляциялар, сонымен қатар гинеколог, хирург, стоматолог дәрігерлерінің қабылдауында берілуі мүмкін. Табиғи берілу жолдары: жыныстық қатынас, кәсіптік қатынас (биоматериалдармен жұмыс), тұрмыстық заттар (маникюр заттары, қырыну заттары, тіс щеткасы және т.б.). Вирусты гепатиттердің берілу факторлары болып биоматериалдар,биологиялық сұйықтықтар, яғни қан, сперма болып табылады.
49.Ішек инфекциялары тобына эпидемиологиялық сипаттама, алдын алу және күресу шаралары.
Ішек инфекцияларына іш сүзегі, парасүзектер, сальмонеллез, шигеллез, эшерихиоз, вирусты А, Е гепатиттері, тырысқақ, және тағы басқа инфекцияларды жатқызамыз.
Асқорыту жолдардағы сілемейлі қабаты- ішек инфекцияларының кіру қақпасы болып табылады.
Ішекті инфекциялардың инфекция көзі – науқас адам, тасымалдаушы, кейбір ішек инфекцияларда – үй жануарлары, үй құстары болып табылады.
Берілу механизмі – фекальды-оральды, берілу факторлары – нәжіспен ластанған су, тағамдық өнімдер, тұрмыстық заттар, лас қол, шыбын болып табылады. Ішек инфекцияларының, негізінен, жаз-күз айларында өршіп олардың тіркелген сандары көбейеді. Эпидемиялық процесстің ағымы санитарлық-гигиеналық жағдайымен, адамдардың санитарлық сауаттылығымен тығыз байланысты.
Алдын алу шаралары инфекция көзіне қарсы, таралу механизміне қарсы және қабылдаушы организмге қарсы жүргізіледі. Науқастарды ерте және дер кезінде анықтап, ауруханаға госпитализациялып емдеу, – бұл инфекция көзіне қарсы шаралар. Инфекция көздері жануарлар болатын ауруларды болдырмау үшін жануарларды бақылауға алу.
Таралу жолдары зақымдалған су мен тағам болғандықтан, халықты сапалы сумен қамтамасыз ету және тағам өнімдерін өңдеу, дұрыс сақтау , бақылаудан өткізу – берілу жолдарына қарсы шаралар.
Тұрғылықты жерді өз уақытында жинап, тазарту, жеке бас гигиенасын сақтау, санитарлық – ағарту жұмыстарын жүргізу арқылы адамдар өздерін аурулардан профилактика жүргізеді.Тұрғындардың өздері күнделікті дезинфекция жасап, сауығу кезеңінде қорытынды дезинфекцияны арнайы қызметкерлердің жүргізуін қадағалау. Сонымен қатар, иммунизациялау жүргізу, науқас адамдармен қатынаста болған адамдарды анықтап, бақылап отыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет