Ереже куратор жұмысы е 127 2020



бет2/6
Дата10.06.2022
өлшемі138.5 Kb.
#459062
1   2   3   4   5   6
Е 127-2020 Куратор жұмысы

1 Тарау. Қолдану саласы

1. "Куратор жұмысы" Ережесі (бұдан әрі – ереже) кураторға білім беру процесінің субъектісі ретінде қойылатын талаптарды белгілейді, оның негізгі функционалдық міндеттері мен құқықтарын айқындайды, студенттің жеке тұлғасын қалыптастыруда және ұйымшыл студенттік ұжымды құрудағы оның рөлін ашады.


2. Осы Ереже университеттің нормативтік-анықтамалық құжаттамасының құрамына кіреді, орындау үшін міндетті болып табылады және А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-ның барлық құрылымдық бөлімшелері шегінде әрекет етеді.


2 Тарау. Нормативтік сілтемелер

3. Осы Ережеде келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер қолданылған:


1) 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы;
2) Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңы 27.07.07 ж. № 389-III ҚРЗ (13.02.2012 ж. өзгерістер мен толықтырулармен);
3) ҚР СТ ИСО 9000-2017. Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі ережелер мен сөздік;
4) ҚР СТ ИСО 9001-2016. Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар;
5) Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
6) Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі Тәрбие тұжырымдамасы (ҚР БҒМ 2009 жылғы 16 қарашадағы №521 бұйрығы);
7) 2013 жылғы 27 ақпандағы №191 "Қазақстан 2020: болашаққа жол" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы;
8) Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін. (ҚР БҒМ 30.10. 2018ж № 595)
9) ТЕ 092-2019. Ішкі тәртіп ережелері;
10) ҰС 004-2020 жж. Ұйым стандарты. Іс қағаздарын жүргізу;
11) ҚР 003-2020. Құжатталған рәсім. Құжаттаманы басқару.


П 127 - 2020


3 Тарау. Анықтамалар

4. Осы Ережеде Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңына, жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасына сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады:


1) куратор (лат. cura - "қамқорлық") - белгілі бір жұмыстың немесе басқа процестің барысын бақылайтын адам. Оқу орындарында куратор деп - студенттік топтың қызметін ұйымдастыратын, оларға жаңа, ерекше жүйеге бейімделуге көмектесетін, оларды оқу-тәрбие процесімен таныстыратын, ынтымақтастық пен серіктестікке негізделген өзара қарым-қатынас жүйесін пайдалана отырып, оқу орнының түрлі іс-шараларына (мәдени, ғылыми-зерттеу, спорт) қатысуға тартатын оқытушыны атайды;
2) студенттік шақ-топтың бірлесіп қызмет еткен табыстылығына және ондағы өзара қарым-қатынасқа әсер ететін белгілі бір психологиялық ерекшеліктері бар жастардың неғұрлым зияткерлік, шығармашылық тұрғыдан дамыған және прогрессивті бөлігі;
3) студенттік топ-құрамы жағынан салыстырмалы түрде тұрақты және саны аз, ортақ мақсаттармен байланысты әлеуметтік қауымдастық, онда оның мүшелері арасында тікелей байланыс жүзеге асырылады, ол ең маңызды жеке және қоғамдық қажеттіліктерді: білім, денсаулық, қоғамдық қызмет, демалыс, тіршілік әрекетінің күнделікті мағынасын құрайтын ойын-сауықты қанағаттандыруды қамтамасыз етеді;
4) тәрбие процесі - осы процесс субъектілерінің өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасауға бағытталған педагог пен білім алушылардың мақсатты өзара іс-қимылы;
5) тәрбие жұмысы – білім алушылардың бойында жеке басының жағымды қасиеттерін дамыту барысында оқудан тыс уақытта арнайы ұйымдастырылатын педагогикалық қызмет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет