2 ТАРАУ. ХАТ
§ 1 Жай хат
1.1 Халықаралық жай хатқа салым
Жай хатта жеке және қызметтік жазбаша хат-хабарлар мен келесі құндылығы аз салымдар жіберіледі: түбіртектер, шоттар, фотосуреттер, көркем суретті открыткалар және басқа да ұқсас қағазды өнімдер. Хаттар үшін буып-түю ретінде конверттерді пайдаланады.
1.2 Халықаралық жай хатты қабылдау
Жай хаттарды қабылдау операциялық терезелерде, өндірістік объектінің операциялық залында және көшеде орналасқан почта жәшіктерінде, жеткізу учаскесінің почташыларымен жүзеге асырылады.
Операциялық терезелер арқылы жай хаттарды қабылдап аларда өндірістік объектінің жұмыскері міндетті:
хаттың салымға, көлемге және буып-түю бүтіндігіне сәйкес келуін көзбен шолып қарауға;
мекен-жайдың дұрыстығын тексеруге;
жіберу әдісін (әуе немесе жерүсті көлігі) анықтауға;
хат қабында қажетті белгілердің бар болуын және олардың дұрыс орналасқандығын тексеруге:
● «Үкіметтік» белгісі бар хатты қабылдау барысында жөнелтушіден осы Ережелердің 696 бетінде келтірілген тізімге сәйкес сол разрядында жай хаттарды жіберуге құқы бар болуын, сол жөнелтушілер санатына жататындығын растайтын құжаттың және «Үкіметтік» деген жазуының бар болуын тексеруге, жазба жоқ болған жағдайда оны жасауға ұсыныс беруге. Сол разрядында жіберуге құқы болмаған жағдайда хаттарды қабылдамауға;
● «Қызметтік» белгісі бар хатты қабылдау барысында осы Ережелердің 695 бетінде келтірілген тізімге сәйкес сол разрядында жай хаттарды жіберуге құқық берілгендігін және «Қызметтік» деген жазуының бар болуын тексеруге, жазба жоқ болған жағдайда оны жасауға ұсыныс беруге. Сол разрядында жіберуге құқы болмаған жағдайда хатты қабылдамауға;
өлшеуге, тарификациясын анықтауға немесе франкирлеу машинасының бедерін қоюға;
клиентпен франкирлеу машинасында ресімделген хаттардың салмағы мен тарификациясының сәйкестігін тексеруге. Салмағы сәйкес келмеген жағдайда хатты клиентке толық ресімдеу үшін қайтаруға;
тарифке сәйкес мекен-жай бетінің жоғарғы оң жақ бұрышына почта маркаларын жабыстыруға және оларды ПМ бедерімен өшіруге:
● почта маркалары ПМ бедерімен қайталап қолданылмайтындай етіп өшіріледі, ПМ бедері ашық, анық және оқылатындай етіп қойылады. Портреті бар почта маркаларын өшіру кезінде ПМ бедері адамның суретін кірлетпеу керек, ал көркем суретті карточка мен конверттерді ПМ бедерімен мөрлеу кезінде суретке қойылмау керек;
● жай қызметтік хаттарда ПМ бедері мекен-жай жағындағы бос орынға қойылады;
● халықтың өтініші бойынша әр түрлі филателия және басқа материалдарға (конверттерге, открыткаларға, маркаларға және т.с.с.) ПМ бедерін қоюға тыйым салынады, егер олар сол күні қабылдауға және жөнелтуге жатпаса;
● егер жөнелтуші екінші немесе арнайы өшіру өткізілгеннен кейін келесі күні арнайы мөрқалып бедерімен хаттарды өткізсе, онда оған міндетті түрде қабылдау күннің ПМ бедері қойылады, бұл кезде ПМ бедері арнайы почталық мөрқалып бедеріне салынбауға тиіс;
● франкирлеу машинасында ресімделген хаттарға ПМ бедері қойылмайды.
Операциялық залдарда және көшелерде орнатылатын почта жәшіктерінен жай хаттарды қабылдау Қоғамның өндірістік объектілері жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқауға сәйкес жүргізіледі.
Жеткізу учаскесінде почташымен жай хаттарды қабылдау Баспасөз бен почта жөнелтімдерін жеткізіп беру Ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Кестемен белгіленген мерзімде қабылданған жай хаттар өндірістік бақылау өткізілгеннен кейін өңдеуге беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |