Раундтың соңында роботы ринг ортасына жақын тұрған команда раунд жеңімпазы деп танылады.
Кезеңнің нәтижесі келесі жайдайлар бойынша анықталады:
ағымдағы кезеңде екі немесе одан да көп жеңіске жеткен команда келесі кезеңге көшеді. Қарсылас команда жарыстан шығарылады.
Кезеңдер 4 (3) команда қалғанша жалғасады. Бұл кезең жартылай финал болып табылады.
Финалдық кезеңде жеңіске жеткен команда жеңімпаз атанады. Оның соңғы қарсыласы екінші орын иеленеді. Үшінші орынды анықтау үшін жартылай финалда ұтылған екі команда арасында қосымша кезең өткізіледі.
"ARQAN TARTYS" санаты бойынша роботтар жарысының ережелері
Сайыстың шарты
«Робо Арқан тартыс» сайысына қатысу үшін, қатысушыларға қарсыласын тиімдіжолмен сызықтың бергі жағына тарта алатын әр команда екі автономды робот құрастырулары қажет. Сайыс екі команда арасында өтеді.
Раундтың өту ұзақтығы – 2 минут.
Алаңның түсі – ақ. Алаңда түрлі-түсті белгілер бар.
Алаңның өлшемі – 300х120 cм.
Алаң ұзындығының ортасынан қара сызық ені 50 мм.
Алаңда қызыл сызықпен екі роботтың старт орыны белгіленген.
Сайыс алаңының эл нұсқасы осында
Робот
Робот автономды болуы қажет
Роботтың максималды ұзындығы 250 мм
Максимал ені – 250 мм
Максимал биіктігі – 250 мм
Роботтың салмағы 1 кг аспауы қажет
Сайыс кезінде роботтың салмағы мен өлшемі өзгеріссіз болуы қажет.
Жарысқа кез-келген платформада жарысқа қатысушылар жинаған роботтар жіберіледі (әртүрлі жиынтықтардың бөлшектерінің, сондай-ақ қолдан жасалған роботтардың тіркесімі рұқсат етіледі). Барлық құрылымдық элементтер, соның ішінде қуат жүйесі роботтың өзінде болуы керек.
Робот қозғалысын іске қосқан сәттен 5 с-тан кейін бастауы қажет.
Роботта арнайы жарыс арқанын ұстай алатын (ілуге арналған) жасақтамасы болуы қажет.
Робот құрылысында сайыс алаңын бүлдіретін жасақтар болмауы керек. Төреші шешімі бойынша әдейі қарылас роботқа зиян тигізген немесе бүлдірген және сайыс алаңында бүлдірген немесе ластаған робот сайыс аяқталғанша алаңнан қуылады.
Робот құрылысында болмауы тиіс:
Дөңгелекке немесе денесіне жабысқақ сұйықтықты қолдануға.
Қарсылас роботқа қандай бір зат лақтыратындай механизм қолдануға.
Қарсыласроботқа және электрондық жабдықтарға инфрақызыл немесе басқада датчиктер арқылы кедергі келтіруге.
Жоғарда көрсетілген ережелерді бұзған робот сайысқа қатыспайды.
Сайыс басталар алдында көрсетілген ережелер бойынша техникалық байқау өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |