Ерекше білім беру қaжеттіліктері бaр бaлaлaрды әлеуметтендіру мен тәрбиелеуде педагог пен отбaсының байланысы


Сауалнама Сіз қандай ата-анасыз?



бет2/2
Дата25.11.2022
өлшемі69 Kb.
#465787
1   2
БӨЖ 10 апта ио

Сауалнама
Сіз қандай ата-анасыз?

  1. Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?

  2. Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?

  3. Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?

  4. Өз қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?

  5. Балаңыздың ісі ашуландырған кезде, өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?

  6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?

  7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге болады ма?

  8. Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?

  9. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?

10.Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?
11.Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?
12.Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе көңіл аудармайсыз ба?
13.Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?
Жауабы:

  1. Әрқашан жасаймын,келісемін — 3 ұпай

  2. Кейде ғана келісемін — 2 ұпай

  3. Келіспеймін — 1 ұпай

  • 0-16 — Бала тәрбиесі — сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.

  • 17-30 — Балаға қамқорлық жасау — бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда тәрбиелік қабілет бар, тәжірибеде әрқашан бір қалыпты, бір бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.

  • 31-39 – Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

Ата-анаға психологиялық көмек көрсете отырып, өз баласының кемістігін түзету жолында сауаттандыру — қысқа мерзімде жоғары нәтижелерге жетудің негізі.
Ата-аналардың белсенділіктерін арттыру, олардың назарын балалармен жүргізілетін түзету жұмысының міндетін іске асыру барысына аудару мақсатында «Ана, бала және маман» үштік одағы құрылды, Ербасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Үш тілдің патшалығы» тақырыбында іс-шара, «Менің ұшқыр балақайым» тақырыбында дөңгелек үстел, «Танымдық процестерін дамыту» тренингтері, «Мен дарынды баламын…» атты дарындылар байқауы, сауалнама сұрақтарына жауап беру сияқты шаралар өткізілді.
Осы шараларды өткізудегі басты мақсат — ата-аналармен байланысты нығайту, ата-анаға балабақша жұмысының барысымен таныстыру, ата-ананың баласының болашағына сенімін ояту. Ата-аналар жиналыстарының көтеретін мәселелері мынадай болуы мүмкін:

  • Отбасының баланың тілін дамытудағы көмегі.

  • Баланың сөздік қорын қалай молайтуға болады?

  • Баланың танымдық қызметін дамыту.

  • Баланы қалай тыныштандыруға болады?

Ерекше балаларға ата-аналар тарапынан психикалық зорлық көрсеткені де бала денсаулығына зор ықпалын тигізеді. Мұндай зорлық түріне мыналар жатады:
-балаға үнемі сын көзбен қарау;
-баланы кемсіту;
-баланы қорқыту;
-баланы шектеу;
-баланың мүмкіндіктері мен жасына сай емес талаптар қою;
-үлкендердің сөздерін орындамау.
Осындай психикалық зорлық көрсетпеу туралы ата-аналарға психологиялық кеңес беру арнайы психолог маманының міндеті болып есептеледі.
Тәжірибеге жүктелетін болсақ, егер сөйлеу кемістікті уақытымен түзетіп игертпесе, бала балабақшада қиындыққа кездеседі. Бала үшін жанұя не істеуі керек? Ең алдымен өз баласына тән қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін анықтап алу керек. Бұл тиімді емдеу мен реабилитация жолын таңдауға көмектеседі, баланың жанұяда жеке өмірге бейімделу мүмкіндіктерін анықтайды. Дамуында ерекшеліктері бар балаға ең жақсы реабилитация — бұл оларды күнделікті өмірге тарту екенін ата-анаға түсіндіретін де , ұйым мен отбасының бірлескен қарым-қатынасын жүзеге асыратын да педагог мамандар, яғни сіз бен біз!
 
Әдебиеттер жиынтығы:
1.Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы-Алматы 2015.
2.Ерсарина А.К. Дети с трудностями в обучении. Алматы, 2007
3.Балабақша меңгерушісі және әдіскері: басқару және оқу-тәрбие жұмысы – Алматы, 2015
4.Тілашар. Логопед.> Республикалық әдістемелік журнал. №4. 2011.
5.Тілашар. Логопед.> Республикалық әдістемелік журнал. № 6. 2011.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет