Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмысты қашықтан жүргізуді


Мектепке дейінгі арнайы білім беру ұйымдары



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата31.10.2023
өлшемі0.49 Mb.
#481968
1   2   3   4   5
Арнайы білім беру

Мектепке дейінгі арнайы білім беру ұйымдары. Мектепке дейінгі білім беру 
ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен қашықтан жұмыс істеуді 
ұйымдастыру кезінде мынадай іс-шаралар ұсынылады. 
1. Мектепке дейін арнайы білім беру ұйымдарының әкімшілігі: 
- қажетті дидактикалық материалдарды пайдаланып, шағын сабақтардың 
бейнетүсірілімдерін ұйымдастырсын; 

ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
пайдалана 
отыра 
тәрбиеленушілердің ата-аналары үшін кеңес беру мүмкіндіктерін қарастырсын. Оқу 
тапсырмалары, демалыс, қозғалыс белсенділігін орындауға арналған уақытты белгілей 
отырып, балалар үшін нақты күн тәртібін құрастыруға ата-аналарға көмектессін; 
- тәрбиеленушілердің үй жағдайында тапсырмаларды орындауларының жүйелілігі 
және табысты болуына мониторинг жүргізу мақсатында кері байланыс амалдарын 
анықтасын.
2. Мектепке дейін арнайы білім беру ұйымдарының педагогтары мен әдіскерлеріне: 
- күнтізбелік-тақырыптық жоспардан жаңа тараулар мен тақырыптарды оқыту 
алынып тасталсын; 
- тәрбиеленушілердің игеру ерекшеліктерін ескере отырып, Білім беру салалары 
бойынша дағдылары мен алған білімдерін бекіту және қайталауды ұйымдастыру үшін аса 
маңызды тақырыптарды таңдау қажет. 
- ата-аналардың үй жағдайында балалармен жұмысын ұйымдастыру мақсатында 
Білім беру салалары бойынша дағдылары мен алған білімдерін бекіту және қайталау үшін 
түрлі деңгейдегі тапсырмалар, жаттығулар жүйесін әзірлесін; 
- зерде бұзылыстары бар тәрбиеленушілер үшін шаруашылық еңбек, тұрмыстық 
жағдайлар, үйде, жер телімінде әлі келгенше ата-анасына көмек көрсетуді қосқанда үй 
жағдайында орындау мүмкін болатын практикалық сипаттағы тапсырмалар ұсынсын. 
Мұндай тапсырмаларды үйрету мақсатында есептеу және балаларды өздігінен жұмыс 
істегені, тырысқаны және сапалы орындағандары үшін көтермелеу. Кері байланысты 
смартфондарды пайдаланып, бейне-байланыстар көмегімен іске асыруға болады; 
- қажет болғанда тәрбиеленушілерге жеке оқу бағдарламалар бойынша дербес 
тапсырмалар дайындау және олар үшін қолжетімді түрде ұсынсын; 



- балаларға карантин кезінде санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, құрбы-
құрдастары және ересектермен байланысты шектеудің маңыздылығы туралы ата-
аналарды ақпараттандыру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет