ПМПК қызметкерлерінің қашықтан жұмыс істеу режиміндегі лауазымдық
міндеттері
ПМПК меңгерушісі психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация
жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады. Бұдан ары білім беру бағыты, білім беру
бағдарламасының түрі және баланың жеке психикалық-дене ерекшеліктерін ескере
отырып, түзете-дамыта оқытуды ұйымдастыру талаптарын анықтау үшін
алқалық
талқылауды ұйымдастырады. Әдістемелік жұмысты басқарады, құжаттаманы дұрыс
жүргізу және ПМПК-ны арнайы құралдар және компьютерлік техникамен жабдықтау
үшін жауап береді. ПМПК мамандарының сапалы жұмыс істеуі, олардың өмірі мен
денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайлары, ұжымда жағымды психологиялық атмосфера
құруды қамтамасыз етеді. Қажетті есептерді дайындау және есеп беруді қамтамасыз етеді.
Психолог психологиялық анамнез жинауды жүзеге асырады,
балаларды
психологиялық тексерістен өткізеді, зерттеу нәтижелерін талдайды, баланың
психологиялық даму ерекшеліктері: эмоционалдық-коммуникативтік және зерде дамуы
туралы қорытынды жасайды, ата-аналарға баланың психологиялық
дамуы және оны
тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңес береді, үй жағдайында жүзеге асыру бойынша
ұсыныстар құрастырады. Ата-аналар үшін балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу
бойынша, жалпы білім беретін және арнайы білім беру ұйымының мұғалімдері,
мамандары үшін ЕБҚ ететін балалардың түрлі санаттарының ерекшеліктері туралы
әдістемелік нұсқаулықтар жасайды.
Логопед сөйлеу тілінің анамнезін жинап, балаларды логопедиялық тұрғыдан
тексереді, зерттеу нәтижелерін талдайды, баланың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
туралы қорытынды жасайды, сөйлеу тіліндегі бұзылыстарды анықтап,
жіктейді, ата-
аналарға баланың сөйлеу тілін дамыту бойынша кеңес береді, үй жағдайында жүзеге
8
асыру бойынша ұсыныстар құрастырады. Ата-аналарға баланың сөйлеу тілінің дамуы
бойынша, жалпы білім беретін және арнайы білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен
мамандарына сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балалардың ерекшеліктері туралы
әдістемелік нұсқаулықтар жасайды.
Педагог дефектолог, сурдопедагог, тифлопедагог балаларды педагогикалық
тексерістен өткізіп, зерттеу нәтижелерін талдайды, жалпы білім қоры және қоршаған орта
туралы түсініктері, білім бағдарламаларын игеру деңгейі туралы қорытынды жасайды,
ата-аналарға ЕБҚ ететін балаларды тәрбиелеу және оқыту бойынша кеңес беріп, үй
жағдайында жүзеге асыру бойынша ұсыныстар құрастырады. Ата-аналарға баланы
дамыту бойынша, жалпы білім беретін және арнайы білім беру ұйымдарының мұғалімдері
мен мамандарына ЕБҚ ететін балалардың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқаулықтар
дайындайды.
Әлеуметтік педагог отбасына әлеуметтік қолдау көрсету және балаларға
әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері бойынша ата-аналарға кеңес береді,
олардың
арасында жәрдемақы, жеңілдіктер, әлеуметтік көмек алу бар. Әлеуметтік педагог
мүгедектікті рәсімдеу, қалалық/аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімдерінде МӘС-ның ОЖБ-н жүзеге асыру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау
органдарының түрлі бөлімдеріне және мамандарына құжаттар тапсыру бойынша кеңес
береді.
Статистик тексеруге алын ала жазылу, балаларды тіркеу және құжаттаманы
есепке алу, ерекше білім беруді қажет ететін балалар туралы жиынтық есепті
құрастыруды жүзеге асырады.