Мимика станциясы.
Сонымен мимика дегеніміз не болды?
Адамның түр- әлпеті. Біздің көңіл -күйімізді білдіреді.
Не көріп тұрсыңдар?
Олар бірдей ма?
Қандай көңіл-күйді олар береді?
Мынау қандай маска?
Қуанышты қимыл көрсету.
Ал,мынау қандай маска?
Көңілсіз қимылды көрсету.
Маскалар бір бірімен амандасады.
Көмекке бір баланы шақыру.
Әр адамның көңіл- күйі әр түрлі болады екен.Ал қазір мен сендерге әртүрлі көңіл- күйлерді айтамын, ал сендер маған сол көңіл- күйлерді мимика арқылы көрсетіп бересіңдер.
-Маған әкелеріңнің қатты ашуланған кезін көрсетіңдерші.
-Ал енді маған бір нәрсені бүлдіріп алып, нестерін білмей тұрған баланың кейпін көрсетіңдерші.
-Ал егер де сендерді аналарың мен әкелерің қонаққа апармай тастап кетсе, сендердің көңіл- күйлерің қалай болады?
-Ал енді аналарың сендерге көптен бері қызығып, армандап жүрген ойыншықтарыңды әперді не істейсіңдер?
Әрине қуанасыңдар.Қане,ендеше, қатты қуанған кезімізді көрсетейік.
Саяхатымызды жалғастырамыз.
(паровозға отырады, паровоз әніне қосылып саяхатқа аттанады )
Ойын жаттығулары станциясы.
(тотықұс сөйлейді)
Тотықұс: Сәлеметсіңдер ме,балалар. Біздің станцияға қош келдіңдер!
Балалар, қараңдаршы мынау тотықұс қалай анық сөйлейді.Ия балалар, актер болу үшін дұрыс сөйлей білуіміз де өте қажет. Олай болса, бізде тілге арналған ойын жаттығуларымызды жасап жіберейік.
Достарыңызбен бөлісу: |