Ересектерге арналған оқулық



бет4/12
Дата15.06.2016
өлшемі1.08 Mb.
#137360
түріУчебник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Етістік
тудырушы жұрнақтар

Баян
Мәлім


Ой
Жинақ
Сурет

-да/-де
-та/-те


-ла/-ле

Көмек
Сәлем


Дос
Аман
Сыр

-тас/-тес


-дас/-дес
-лас/-лес
Бар
Кел
Жаз

-ған/-ген


-мақ/-мек
-атын/-етін

КӨМЕКТЕС СЕПТІК


(Творительный падеж)

В казахском языке Көмектес септік соответствует русскому творительному падежу с предлогом «с» и без предлога, а также предложному падежу с предлогами «на», «в». Например: Мен досыммен кездесемін (Я встречусь с другом). Ағам пойызбен келеді (Брат приедет на поезде).

Вопросы Көмектес септік: кіммен? (с кем? кем?), немен? (чем? в чем? на чем? с чем?). Окончания:-мен, -бен, -пен.

Жалғау-лар


(оконча-ния)

Қолданылуы


(употребление)

Мысалдар
(примеры)


- мен

после гласных


после сонорных: л, м, н, ң, р, й, у

Қала + мен,


қол + мен,
шай + мен…
- бен

после звонких согласных з, ж

Қыз + бен,
сәбіз + бен,
тәж + бен…
- пен

после глухих согласных,


б, в, г, д

Бас + пен,


От + пен,
Биолог + пен…

< ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! – ЗАПОМНИТЕ!
Көмектес септік управляет послеслогом «бірге» (вместе, совместно). Мысалы: Біз бұл әйелмен он жыл бірге жұмыс істейміз (Мы с этой женщиной работаем 10 лет вместе).

Личные местоимения имеют следующие формы (Интерфикс).

1 л.
2 л.

3 л.


Мен - менімен (со мной)
Сен - сенімен (с тобой)
Сіз - Сізбен (с Вами)
Ол - онымен (с ним, с ней)

Біз – бізбен (с нами)


Сендер – сендермен (с вами)
Сіздер – Сіздермен (с Вами)
Олар – олармен (с ними)
Көмектес септік обозначает орудие действия, средство передвижения, лицо, с которым совместно совершается действие. В предложении является дополнением, обстоятельством.
Русскими эквивалентами окончаний творительного падежа являются предлоги: с, на, по
Ä Закрепите знания по теме «Барыс септік» при помощи следующей таблицы:
Конечный звук

Окончания

Примеры
Гласные

-мен, -менен

Қаулымен – с постановлением
Төрағамен – с председателем
Р, й, у

-мен, -менен

Сараймен – с дворцом
Л

-мен, -менен

Өкілмен – с уполномоченным
М, н, ң

-мен, -менен

Заңмен – с законом
Өкіммен – распоряжением
З, ж

-бен, -бенен

Негізбен – с основой/ на основе
П, ф, к, қ, т, ш, щ, с, х, һ, ч

-пен, -пенен

Хатпен – с письмом
Өкіметпен – с властью
Б, в, г, д

-пен, -пенен

Бағдадпен – с Багдадом
После притяж. окончаний
-сы/-сі, -ы/-і

-мен, -менен

Заң жобасымен –с законопроектом
Үкіметімен – с его правительством

С көмектес септік употребляются послелоги «бірге» (вместе), «қатар» (наряду, рядом): Бізбен /Достармен бірге; Заңмен/ Бізбен қатар.


Мына сөздерге Көмектес септіктің жалғауын жалғаңыз.
Куәлік, оқытушы, телефон, орынбасар, бас, көз, ауыз, жұбай, жүрек, пышақ, қасық, кесе, бор, сүт.
G Используя правильно окончания Көмектес септік, напишите поздравление. Выразите свои пожелания родным и близким, друзьям.

Құттықтау (Поздравление)


1. Құрметті Әсем!
Сізді туған күніңізбен құттықтаймын. Зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ өмір, жұмыста табыс тілеймін.
Игі тілекпен досың Алма.

2. Қадірлі Марат!


Сені Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Саған бақытты, ұзақ өмір, зор денсаулық тілеймін. Жұмысың жемісті болсын!
Досың Әлия

3. Құрметті Ермек!


Сені келе жатқан Жаңа 2006 жылмен құттықтаймын!
Өмірің ұзақ, денсаулығың мықты, еңбегің табысты болуына тілектес досың Ербол.

4. Аса құрметті Фарида!


Сізді 8 Наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Сізге бақыт, денсаулық, табысты еңбек тілеймін.
Досыңыз Арман
--------------------------------------------

Келе жатқан – наступающий, ұзақ – долгий, аса – очень, мықты – крепкий, табысты – успешный, жемісті – плодотворный, тілектес – желающий.


J Келе жатқан мерекемен досыңызды, әріптесіңізді құттықтаңыз - Поздравьте друга (подругу, коллегу) с наступающим праздником.
? Басқа қалада тұратын әпкеңізді жеделхат арқылы туған күнімен құттықтаңыз - На день рождения пошлите телеграмму Вашей сестре, которая живет в другом городе.

Телефон арқылы әріптесіңізді Наурыз мерекесімен құттықтаңыз - По телефону поздравьте коллегу с праздником Наурыз.

Запомните синонимы:
Керек – қажет, қуану – шаттану (радоваться), сәлемдесу – қол алысу, нашар – жаман, жұмыс – іс, жаңалық (новость) - өзгеріс, мәслихат – мәжіліс, уақыт – мезгіл, рақмет айту – алғыс айту (благодарить), талантты – талапты – дарынды, шыншыл - әділ, бастық – басшы, ақпарат – мәлімет (информация), уақыт – кез, көпшілік – жұрт (общество, масса), арнайы – арнаулы (специальный), еңбек – іс.

Антонимы:


Нашар – жақсы, қуаныш – реніш, кең – тар, қиын – жеңіл, жоғары – төмен, биік – аласа, алыс – жақын, ашық – жабық, ерте – кеш, келу – кету, апару - әкелу, бару – келу, иә - жоқ, күн – түн, ақ – қара, қысқа – ұзын, үлкен – кішкентай, бар – жоқ, көп – аз.

ҮСТЕУ-НАРЕЧИЕ


Разряды наречий:

Үстеу


Обозначает

Отвечает на вопросы


1

Мекен
үстеуі

Место, в котором совершается действие или указывает направление движения предметов.

Қайда? Қайдан? Төменде көл бар. Ол бізден алыс тұрады.

2

Мезгіл
үстеуі



Время, в которое совершается действие

Қашан? Қашаннан? Қашанға дейін? Бүгін ерте кел. Түске дейін әкел.


3

Себеп-салдар үстеуі

Причину действия

Неге? Неліктен? Не себептен? Олар білім алуға келеді. Сен маған босқа келме.


4

Сын-бейне үстеуі

Способ совершения действия

Қалай? Қалайша? Қайтіп? (каким способом?). Ол тез жазады.


5

Мақсат үстеуі

Цель действия

Не үшін? Не мақсатпен? (с какой целью?). Жас қыз қалаға оқуға түсуге келеді.


6

Мөлшер үстеуі

Количество и меру

Қанша? Қаншама? (как много?). Біз біраз кешігіп келеміз.


Жоғарыда берілген кесте бойынша білім деңгейіңізді тексеріңіз. Мысалдар келтіріңіз. - Проверьте свои знания при помощи вышеприведенной таблицы. Приведите примеры.

ҮСТЕУ


Ü
Ú
Ö
Û
Þ

Жауын
Қар


Найзағай
Бұршақ
Жел
Боран
Тұман

ылғи, бүгін, ертең, аздап, анда-санда, жиі, сирек, қазір, үнемі, көктемде, қыста, жазда, күзде, кеште, таңертең, түске қарай, қыстыгүні, жаздыгүні

жауады, жауып тұр, жауып жатыр, жарқылдай-ды, күркірейді, күркіреп жатыр, соғады, соғып тұр, түседі, түсіп тұр

Жанар


алдымен, әуелі, биыл, былтыр, күндіз, күні-түні, өткен жолы, үзбей, біраз, қыруар, көп, талай, кеше, күні бойы, кешеден бері

кітап оқыды

Машина

ілгері, кейін, әрі, бері, алға, жоғары қарай, төмен қарай, артқа қарай, жылдам, баяу, тез, әрең, зорға, шапшаң


жүріп келе жатыр

қозғалды

Сөздік – Словарь: сирек – редко, үнемі – постоянно, түске қарай – к обеду, қыстыгүні – зимой, ылғи – всегда, биыл – в этом году, былтыр – в прошлом году, кешеден бері – со вчерашнего дня, ілгері – вперед.


СЫН ЕСІМНІҢ ЖӘНЕ ҮСТЕУЛЕРДІҢ ШЫРАЙЛАРЫ
Степени сравнения прилагательных и наречий

В казахском языке различают три степени сравнения: жай шырай (положительная степень), салыстырмалы шырай (сравнительная степень), күшейтпелі шырай (превосходная степень).


Жай шырай по форме совпадает с основой Сын есім и называет качество предмета. Мысалы: ақ қар (белый снег), үлкен үй (большой дом), қалың дәптер (толстая тетрадь), ұзын шаш (длинные волосы).
Салыстырмалы шырай образуется от положительной степени с помощью суффиксов:
1) -рақ, -рек – если основа слова оканчивается на гласную: тәттірек, ащырақ.
2) -ырақ, -ірек, -дау, -деу – если основа слова оканчивается на звонкий или сонорный согласный: жеңілірек, тереңдеу.
3) күшейтпелі шырай обозначает высшую степень качества, образуется при помощи сочетания основной формы прилагательного с усилительными словами: ең (самый), өте (очень), аса (весьма), тым (слишком): өте биік үй, ең жақсы күн, тым ыстық шай
Күшейтпелі шырай образуется и следующим способом: к гласной первого слога прибавляется суффикс «п» - (дефис) + слово в положительной степени: жасыл – жап-жасыл, үлкен – үп-үлкен, қызыл – қып-қызыл, жақсы – жап-жақсы.
Глухие согласные к, қ, п в конце будут озвончаться: жарық – жарығырақ, биік – биігірек. Наречие: көп – көбірек.

Запомните. Ақ – ағырақ – аппақ, көк – көгірек-көкпеңбек, биік – биігірек – біп-биік.


? Определите, в какой степени употреблены прилагательные
1. Еділ – еліміздегі ең үлкен өзендердің бірі. 2. Алатаудың ең басында қар жатады. 3. Бүгін күн тым ыстық болды. 4. Ең жақсы үйлер қаланың орталығында салынған екен. 5. Сурет әп-әдемі. 6. Жұмыс өте ауыр.

Восстановите недостающие степени сравнения прилагательных


Қымбат –

– ең қымбат


Үлкен –

үлкенірек

– …
Ақ –

– аппақ


Қызық –

– өте қызық


… –

жақсырақ

– …

МОДАЛЬ СӨЗДЕР


модальные слова

Керек (қажет) – необходимо, нужно – Маған оның көмегі керек.


Сияқты – как-будто, как кажется – Ол сен сияқты. Қар жауатын сияқты. Алыста олар келе жатқан сияқты.
Мүмкін (вероятно, возможно, допустимо); шығар (может быть): Шешем үйде шығар. Мүмкін, ертең олар бізге қонаққа келер.
Рас – правда, верно: Рас, көп білген жақсы ғой.
Әрине – конечно, безусловно, бесспорно, несомненно: Әрине, Әсел ең жақсы қыз. Әрине, біздің студенттеріміз жақсы оқып жүр.

ВЫРАЖЕНИЕ МОДАЛЬНОСТИ


В КАЗАХСКОМ ЯЗЫКЕ

Значение модальности в казахском языке передает глагол «алу» (в сочетании с деепричастиями) с суффиксами -а, -е, -й. Личные окончания присоединяются к вспомогательному глаголу «алу», который в данном случае переводится на русский язык глаголом «мочь»: Біз қазақша жаз-а аламыз (Мы можем писать по-казахски). Сен ағылшынша жақсы сөйле-й аласың (Ты можешь хорошо говорить по-английски). Ол немісше еркін сөйлей алады (Он может свободно говорить по-немецки).


Отрицательная форма образуется таким образом: ал+ма+суффиксы и личные окончания глагола: Мен өлеңді айта алмадым. Ол келе алмады. При произнесении двух глаголов суффиксы -а,-е редуцируются: бара аласың (бараласың).
— Бұл іс-әрекетті Сіз де істей алатыныңызды айтыңыз - Скажите, что и Вы тоже можете сделать это.
Үлгі: Мен бүгін университетке келе аламын – Мен де университетке келе аламын.
1. Біз кешке теледидардан жақсы фильмді көре аламыз. 2. Жұмыстан соң біз қонаққа бара аламыз. 3. Қыста балалар коньки, шаңғы тебе алады. 4. Ол орыс, бірақ қазақша сөйлей алады. 5. Сіз мына сұраққа жауап бере аласыз. 6. Менің досым билей алады. 7. Дүкеннен азық-түлік алуға бара аламын. 8. Мен сені түсіне алмаймын. 9. Әлия көмектесе алады. 10. Жас маман жақсы дәріс бере алады. 12. Ертең Наурыз мейрамына көшеге қыдыруға бара аламыз. 13. Әріптесің Абайдың өлеңін жатқа айта алады екен. 14. Ол саған келе алады.
qМына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.
Ол жоқ сияқты. Олар қонақта шығар. Рас, маған жақсы білім керек. Әрине, ол бізді біледі. Әрине, уақытым болса, саған қонаққа келемін. Мүмкін, ол беске келер.
? Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз. Модаль сөздерді, демеуліктерді, шылауларды қолданыңыз - Переведите данные предложения на казахский язык, используя модальные слова, частицы, союзы.
Сегодня выходной, они возможно дома. 2. Правда, она хороший человек, но строгий начальник. 3. Что вам нужно? – Мне нужна ваша помощь. 4. Они, оказываются, хорошие друзья. 5. Конечно, я приду сегодня. 6. Наверное, они видели тебя на концерте. 7. Это же он! 8. Максим твой друг? 9. Если я не пойду, то сходи ты. 10. Ты знаешь только английский язык? 11. Студенты сдают экзамены и зачеты, поэтому сейчас у них мало свободного времени. 12. Он летом поедет или на Черное море, или на Балтийское море. 13. Дни были теплые, а ночи холодные. 14. На базаре продают и яблоки, и груши, и вишню, и дыни, но они дорогие. 15. Ее отец – врач, а мама – учитель. 16 Девушки и парни идут на дискотеку. 17. Ты похож на маму. 18. Она то письмо напишет, то телеграмму даст, но ответа нет. По-видимому, с ним что-то случилось.
Демеуліктер
Частицы

1. Усилительно-ограничительные: ғана /қана (только); ғой/ қой (же); әсіресе (особенно): Сен ғана боласың. Бүгін Иванов қана жоқ.


Модальные частицы «қой» («ғой») – «ведь» («же») подтверждают сказанное, напоминают собеседнику об известном событии, действии, фактах. Частица «ғой» употребляется после гласных, сонорных, звонких з, ж.: Бұл Алтын ғой. Бұл жақсы ғой. Сіз министрлікте істейсіз ғой.
Частица «қой» употребляется после глухих согласных, звонких б, в, г, д: Ол бастық қой. Ол тәжірибелі педагог қой.

2. Вопросительные: -ма-ме, па-пе, ба-бе (ли); ше (а). Мысалы: Ол келе ме? Сабақ бола ма? Ол жақсы қыз ба? Анау Болат па? Саған менің көмегім керек пе? Ертең сен келесің бе? Ал сен ше?

ЕСІМДІК – МЕСТОИМЕНИЕ

Разряды


Вопросы

Примеры
1. Жіктеу есімдіктері (личные)

Кім? Кімдер?

Ол кім? Мен отыздамын.


2. Сілтеу есімдіктері (указательные)

Бұл, мынау,


осы (этот самый),
анау, ана
(тот, та),
сол (тот самый)

Бұл – Арай. Мынау біздің үй. Ана жұмыс ауыр.


3.Өздік есімдік (возвратные)

Өз (свой), өзім (я, сама), өзің (ты сам),


өзіңіз (вы сами)

Мен өзім осында оқимын. Өзің қайдасың? Өзіңіз қызық екенсіз!

4. Жалпылау есімдік (определительные)

Бәрі (все), бүкіл (все), барша (весь),


барлық (все)

Олардың бәрі де келеді. Бүкіл халық тыңдап отыр.

5. Болымсыздық есімдіктері (отрицательные)

Ешкім (никто),


Ешқандай (никакой), ешқашан (никогда), ешбір (никого).

Түнде көшеде ешкім жоқ. Ешқандай сұрақ жоқ. Мен енді ешқашан келмеймін. Ешбір адамнан сұрама.

6. Белгісіздік есімдіктері (неопределенные)

әлдекім (кое-кто), әлдеқайда (где-то), кейбір (некоторый), бірнеше (несколько), әрбір (каждый), әлдеқандай (какой-то).


Кейбір адамдар әлдекімді білмейді екен. Олар бізге бірнеше рет келеді. Әрбір адамның өз мақсаты болады.

7. Сұрау есімдіктері (вопросительные)

Кім? Не? Неше? Нешінші? Қалай? Қайда? Қашан? Қайдан?

Неше теңге тұрады? Ол не дейді? Қалай айтасың? Қашан барады? Олар қайдан келеді? Кезекші кім екен?

СОЮЗЫ


В казахском языке употребляются следующие союзы:
Соединительные: және, мен, бен, пен, да, де, та, те (и, да). Мысалы: Сабақта оқытушы және студенттер отыр. Осында қыз бен жігіт те бар. Асан мен Үсен де келеді. Әсет пен Әсел келе жатыр.
Союз мен употребляется после: р, л, м, н, ң, й, у. Мысалы: Нан мен май; тау мен тас; қар мен жаңбыр; Жанар мен Анар;
Союз бен употребляется после: з, ж. Мысалы: Қағаз бен қалам да бар. Колледж бен университет – оқу орындары.
Союз пен употребляется после глухих согласных и звонких б, в, г, д. Мысалы: Иванов пен Омаров жоқ. Педагог пен шәкірт әңгімелесіп отыр екен. Үстелдің үстінде кітап пен қалам жатыр.
Противительные: бірақ (но), алайда (но, однако, тем не менее), дегенмен (но, однако). Мысалы: Мына кітап өте қызық екен, бірақ бағасы қымбат. Жұмыс әлі көп, дегенмен демалу қажет.
Разделительные: не, немесе (или), әлде (либо, или), біресе (то). Мысалы: Біресе күн жылы болады, біресе қатты аяз, жел соғады. Сен жұмысқа барасың ба әлде үйде қаласың ба?
Причинные: өйткені, себебі (потому что; из-за того, что; от того, что). Мысалы: Мен кеше жұмыста болмадым, өйткені ауырып қалдым. Ол таңертең телефон соқпайды, себебі уақыты болмайды.
Следственные: сондықтан (поэтому, ввиду). Мысалы: Сондықтан ешнәрсе істей алмаймыз. Біз қазақ тілінен тест арқылы емтихан тапсырамыз, сондықтан қазақ тілін жақсы үйренуіміз керек.
Условные: егер (если), онда (то). Мысалы: Егер олар келмесе, онда біз өзіміз барамыз.

ЕТІСТІКТІҢ КЕЛЕР ШАҒЫ


БУДУЩЕЕ ВРЕМЯ ГЛАГОЛА

Познакомьтесь с двумя видами будущего времени. Сравните формы переходного и предположительного будущего времени. Запомните их образование!


Будущее предположительное время (Болжалды келер шақ) означает вероятное действие (возможно): Мен кел-ер-мін. Образуется путем прибавления суффиксов -ар, -ер – после согласной, -р – после гласной и личных окончаний: Мен айт-ар-мын. Сен көр-ер-сің. Біз тыңда-р-мыз.

«КЕЛУ»

1. Мен келермін

Біз келерміз


2. Сен келерсің

Сендер келерсіңдер


Сіз келерсіз

Сіздер келерсіздер


3. Ол келер

Олар келер


Закрепите Ваши знания. Скажите, что вы будете делать завтра.
Что вы будете делать после окончания университета? – Получу диплом, женюсь, буду работать, зарабатывать много денег, поеду за границу, куплю машину, квартиру, поеду на море, встречусь с другом.

В казахском языке мақсатты келер шақ (будущее время намерения) означает, что действие будет проходить с каким-то намерением и образуется при помощи суффиксов -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек и личных окончаний.


-мақ, -мек – после гласной, сонорных р, л, й, у: Ол келмек. Сен тыңдамақсың.
-бақ, -бек – после звонкой, сонорных м, н, ң: Сіз жазбақсыз ба? Вы намерены писать?
-пақ, -пек – после глухих согласных: Сен өлең айтпақсың. Біз үйге кетпекпіз.

Көп нүктенің орнына қажетті етістікті қойып жазыңыз (мақсатты келер шақ, болжалды келер шақ) – Вместо многоточия вставьте нужный глагол (будущее время намерения, цели).


1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы … . 2. Әкім жаңа қаулыны … . 3. Мен жұмысты сағат тоғызда …. 4. Олар тапсырманы уақытында … . 5. Менің әріптесім мемлекеттік тілді … . 6. Демалыста қайда … ? 7. Бүгін біздің бастығымыз іссапардан ертерек … . 8. Менің досым мақаланы … .
(бастау, бару, келу, орындау, үйрену, жазу, жариялау, талқылау, кету).

Казахский язык богат благословениями – бата. Все искренние пожелания содержатся в них. Запомните некоторые из них и употребляйте их в своей речи (особенно в гостях). С помощью казахско-русского словаря переведите их.

1. Айдай жарқыра, жұлдыздай жылтыра. Маңдайың ашық болсын, дұшпаның қашық болсын.

2. Шаңырағың биік болсын, босағаң берік болсын.

3. Абайдың басын берсін, Жамбылдың жасын берсін. Сәкеннің сәнін берсін, Мұхтардың атағын берсін!

4. Жаңа жыл бақыт жылы болсын, ұлың назарлы, қызың ажарлы болсын!


5. Үй-іші, ауыл-аймақ аман болсын, тыныштық баршамызға заман болсын. Табиғат таусылмайтын риза беріп, тартулы дастарханың тағам болсын!

6. Жаныңда жақсы көрген досың болсын, ағайын, туған-туыс, жекжаттарың – баршасы сау-саламат өсіп-өнсін!

7. Жылың құтты болсын, денсаулығың мықты болсын!

8. Ұлысың оң болсын. Ақ мол болсын. Қайда барсаң жолың болсын!

9. Осындай ойын-сауық бола берсін, үй-іші той думанға тола берсін, өмірдің гүл жайнаған жәннатындай, бақшаңа бақыт құсы қона берсін!

МЕНІҢ ЖҰМЫС КҮНІМ


(Мой рабочий день)

С помощью данного лексического минимума, опишите свой рабочий день.

Тұру

-вставать, просыпаться


Дене шынықтыру
Жуыну

-делать зарядку


-умываться
Таңертеңгі тамақты (асты) ішу

-завтракать


Аялдамаға шығу (келу)

-выходить на остановку


Автобусқа отыру

-садиться в автобус


Жұмысқа келу

-приходить на роботу


Түскі асты ішу

-обедать
Үйге қайту

-возвращаться домой
Ас пісіру

-готовить (варить)


Кір жуу

-стирать


Жаңа сөздермен сөз тіркестерін (сөйлемдер) құрастырыңыз.
Үлгі: Ерте тұру – Мен ерте тұрамын.

Ал енді мәтінді тыңдайық – Послушаем текст.


Менің жұмыс күнім

Күнде мен сағат жетіде тұрамын. Дене шынықтыру жаттығуларын жасаймын. Жуынамын, тісімді тазалаймын. Төсегімді жинаймын. Сағат жеті жарымда таңертеңгі асымды ішемін. Аялдамаға сағат сегіз жарымда келемін, автобусқа отырамын, кейде жұмысқа жаяу барамын. Жұмыс сағат тоғызда басталады. Түскі үзілісте асханаға барамын. Жұмыстан кейін базарға немесе дүкенге барып азық-түлік сатып аламын, үйге сағат алтыдан кеткенде келемін. Кешкі тамақты пісіремін. Сағат сегізде кешкі тамақты ішеміз. Сонан соң азырақ демаламын, теледидардан көркем фильмді қараймын. Сағат он бірде немесе он екіде ұйықтаймын.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.


1. Сіз нешеде тұрасыз? 2. Дене шынықтыру жаттығуларын жасайсыз ба? 3. Таңертеңгі асты қашан ішесіз? 4. Аялдамаға сағат сегіз жарымда келесіз бе? 5. Жұмысқа немен барасыз? 6. Сіздің жұмысыңыз нешеде басталады? 7. Түскі үзілісте не істейсіз? 8. Жұмыстан кейін қайда барасыз? 9. Азық-түлікті қайдан сатып аласыз? 10. Кешкі тамақты кім пісіреді? 11. Көркем фильмдерді көресіз бе? 12. Сіз қалай демаласыз?

Ауыспалы осы шақта тұрған етістіктерді көрсетіңіз. Олармен сөйлемдер құрастырыңыз.


Үлгі: Тұрамын – Мен күнде ерте тұрамын.

Өзіңіздің жұмыс күніңізді қалай өткізесіз? Шағын мәтін құрастырыңыз.

Демалыс күнді қалай өткізесіз? Әңгімелеп беріңіз. Етістіктерді мақсатты келер шақта қойыңыз (-мақ/-мек, -бақ/-бек, -пақ/-пек жұрнақтарын дұрыс пайдаланыңыз).

Әріптесіңізбен «Жұмыс күні» тақырыбына сұхбаттасыңыз.


Берілген үлгі бойынша жұмыс күніңіз туралы мәлімет беріңіз.

Дүйсенбі
7.15. - дене шынықтыру жаттығуларын жасау.


7.40 - таңертеңгі тамақты ішу.
8.00 - аялдамаға шығу.
8.15 - автобусқа отырып, жұмысқа бару.
9.00 - жұмысты бастау.
9.30 - жиналыс өткізу.

13.00
14.00


18.00
18.30
19.00
20.00
23.00

-түскі тамақты ішу.


-іссапарға бару, мекеменің жұмысын тексеру.
-үйге қайту.
-достарға телефон соғу.
-кешкі асты ішу.
-демалу: газет, журнал оқу, теледидар көру.
-ұйықтау.
Сіздің құрбыңыз жұмыс істемейді. Ол Сізді қонаққа шақырып отыр. Ал Сіз жұмыс істеп жүрсіз, сондықтан оған қонаққа бара алмайсыз. Бара алмайтыныңыз туралы сыпайы түрде айтып беріңіз. - Ваша подруга не работает. Она приглашает Вас в гости. А Вы работаете, поэтому не можете прийти в гости. Вежливо обоснуйте Ваш отказ.

-Алтынай, сен маған қонаққа кел. Сағат екіге шақырамын.


-Рақмет, Айман. Бірақ екіде мен жұмыста боламын ғой.
-Онда төртке кел.
-Сағат төрттен беске дейін мен мәжілісте боламын.
-Ал сағат беске ше?
-Өкінішке орай, менің бастығым жиналыс өткізеді. Сондықтан мен бесте де жұмыста болуым керек.

ФОРМУЛА ВЫРАЖЕНИЯ НАМЕРЕНИЯ:

Основа глагола + суффикс -айын/-ейін + деп едім

1л. ед.ч.


3л.ед.ч.

1л. мн.ч.

3л. мн.ч.

Мен сізге айт + айын деп едім (Я хотел Вам сказать)


Ол жұмыстан сұранайын деп еді (Он хотел бы отпроситься с работы).
Біз жұмыстан сұранайық деп едік (Мы хотели бы отпроситься с работы)
Олар қонаққа келейін деп еді (Они хотели бы прийти в гости)
Выразите свое намерение, используя следующие глаголы: алғыс жариялау – объявить благодарность, қатысу – участвовать, есеп тапсыру – сдать отчет, қол қою – подписывать (ся), мөр басу – ставить печать, хабарлау – объявлять, көшіру – копировать, басу – печатать, көбейту – размножать, қабылдау – принимать.

Қазақ тіліне аударыңыз.


1.Я хотела бы объявить благодарность. 2.Я хотел бы знать. 3.Я хотела бы участвовать. 4.Я хотел сдать отчет. 5.Мы хотели бы участвовать. 6.Мы хотели бы объявить благодарность. 7.Мы хотели бы поставить печать. 8.Мы хотели бы подписать документ. 9.Он хотел бы напечатать. 10.Он хотел бы поставить печать.

Көп нүктенің орнына тиісті етістікті қойыңыз.


1. Таңертең мен … . 2. Сағат он төртте … . 3. Кешке жақын … .4. Жұмыстан кейін … . 5. Жұмыс бабымен бастыққа … . 6. Мәжілістен кейін … . 7. Жылдық есепті … . 8. Іссапардан кейін бөлім бастығына …


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет