Ергали Сериктин аудармасы бабылдык бай



Pdf көрінісі
бет20/35
Дата25.04.2023
өлшемі0.87 Mb.
#472748
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
Ежелгі Бабылдағы ең бай адам. Джордж Клейсон

БАЙЛЫҚТЫҢ БЕС ЗАҢЫ
1. Табысының кемінде оннан бір бөлігін өзі мен жанұясының
болашағына жинайтын адамның қолына ғана байлық қонады жəне
көбейеді.
2. Өзіне табысты іс тапқан адамның ақшасы ғана тұрақты да
қ
алқысыз жұмыс істеп, өрістегі малдай молаяды.
3. Білікті адамдардың кеңесіне құлақ асып, ақылмен іске жаратқан
адамның байлығы еселенеді.
4. Өзіне бейтаныс іске салған адамның ақшасы қолдан сусыйды.
5. Қолдан келмейтін іске ұрынған болмаса алаяқтар мен қулардың
қ
армағына түскен немесе тəжірибесіздігі мен қиялилығы кесірінен тез
баюға ұмтылған адам байлығының берекесі қашады.
Маған жазып берген əкемнің байлыққа арналған бес заңы осы
болатын.Мен бұның құны алтыннан да қымбат екеніне көз жеткіздім,
оны келесі хикаяларымда баяндайын.
Ол тағы да əкесіне қарады:
- Мен саған өзімнің тəжірибесіздігімнен ұрынған шарасыздығым
мен уайымым жөнінде айттым. Бірақ кез келген жаманат тізбегінің
соңы болады екен. Менің қайғым қала дуалын тұрғызып жатқан
құ
лдарға қараушы қызметін тапқанымда сейіле бастады.
Жинақтың бірінші заңына сүйеніп, табысынан түскен бақырларды
алғашқы күміс ақша тапқанша жинай бердім, жинай бердім. Бірақ
жинағым өте баяу жүрді, өйткені, табысымның көбі күнделікті
тірліктен ауыспады.Соған қарамастан, талмай ақша жинай бердім,
ө
йткені, əке, он жыл бұрын сен берген алтынды қайтаруды қатаң
түрде мақсат еттім. Құлдардың қожайынымен достасып үлгергем, ол
бір күні маған: «Сен тығылықты түрде ақша жинап жүрсің. Сенде
алтын бар ма?» - деді.
«Иə, - дедім,- маған бір кезде əкем берген алтынды жойып алдым,
соны қайтару үшін көп жинауым керек».
«Мына ықыласың мақтауға тұрарлық. Ал, сен қолда бар алтынның
саған жұмыс істейтінін жəне оның үстеме пайда əкелетінін білуші ме
едің?»
«Өкінішке орай, менің ауызым күйген тəжірибе бар, соның кесірінен
ə
кем берген алтыннан айырылдым.Енді тағы сондайға ұшыраудан


қ
орқам».
«Маған сенсең, мен саған қандай жолмен ақшаны пайдалы салым
етуді үйретем,- деді ол – Бір жыл ішінде қаланың дуалы біту
керек.Патшаның жауларынан қорғану үшін оған бірнеше қола қақпа
орнатылмақ.Ниневияны шарласаң да, қақпа жасайтын темір таба
алмайсың. Ал, патша оны тапсыруды ойластырмапты.Менде жоспар
бар: бірнеше адам үлестерімізді қосып, алысқа мыс пен қорғасын
құ
ймаларын əкелуге керуен жөнелтеміз.Патша қақпа жасауды
тапсырғанда, біз əлгі құймаларды сатып,пайдаға кенелеміз. Тіпті,
патша бізден алмаған күннің өзінде келген тауар өз құнын жоймайды,
одан бəрібір жақсы пайда табамыз.»
Бұл ұсыныстан мен дана адамдар кеңесі бойынша жинақты салу
жазылған үшінші заңының орындалуын аңғардым.Қателеспеппін.
Біздің ортақ ісіміз жемісті болды, нəтижесінде менің шағын жинағым
айтарлықтай өсіп шықты.
Сосын сол адамдармен келесі іске қатыстым. Олар алтынның
қ
адырын жақсы білетін жəне пайда табудың қыр-сырын меңгерген
жандар еді.Олар ақша салудан бұрын кез келген жоспарды жан-жақты
талдайтын.Олар негізгі жинақтарын тəуекелге салмайтын əрі
пайдасыз мəмілеге аяқ басқан емес. Əлгі атжарыс ойыны болмаса
түсімсіз дүкен сатып алу сықылды менің тəжірибесіздігімнен барған
істерге, ешқашан бастарын сұқпастан, осал жерін олар бірден
аңғаратын.
Соларға байланысу арқылы мен алтынды пайдалы кəсіпке салуды
меңгердім. Жылдар өткен сайын менің байлығым еселене түсті. Мен
жоғалтқанымды қайтарып қана қоймадым, одан да бетер көп табысқа
жеттім.
Түрлі сəтсіздіктер мен сынақтарға ұрынсам да, жетістікке жетсем де,
ешуақта байлықтың бес заңына күдігім болған емес.Кім де кім бұл бес
заңды білмесе,алтын оған сирек ұшырасып, тез арада ғайып болады.
Бұл заңдарға сүйенген адамнан байлық қашпайды, ол еңбекқор құл
секілді иеленушіге қызмет етуден танбайды.
Номасар үнсіз қалды да, кең бөлменің алыс жағында тұрған құлына
бет бұрды. Ол бөлмеге үш үлкен былғары қапшықты кіргізді.Оның
біреуін Номасар əкесіне ұсынды.
- Сен маған он жыл бұрын бір қап алтын берген едің.Ол Бабылдық
алтын болатын. Мен дəл сол мөлшердегі ниневиялық алтынды
қ
айтарамын.Оның əділ қайтарым екенімен бəріңіз де келісетін
боларсыздар.Сонымен бірге маған даналық жазылған сазпарақтар
бергенсің. Оның орнына мен екі қапшық алтын беремін.- Осы сөздерін
айтып, ол құлдың қолынан екі қапшықты алып, əкесінің алдына


апарып өз қолымен қойды.- Бұныммен, əке, сенің даналығыңды
алтыннан да ардақтайтынымды көрсеткім келді.Бірақ алтынмен
даналықты өлшеуге бола ма? Ақылсыз алтынның қолда тұрақтауы
мүмкін емес. Алайда, адам əуелі даналыққа бет бұрса, оны алтын
айналып өтпейтінін мына үш қап көрсетіп тұр ғой.Əке, мен бүгін
алдыңда осылай тұрғаныма қуаныштымын, жəне де айтарым, сенің
даналығың арқасында мен бай-қуатты əрі құрметті кісі болдым.
Ə
кесі Номасардың басын елжірей сипады.
- Сен сабақты жақсы игеріпсің.Енді мен өз байлығымды сеніп
қ
алдыратын сендей ұлым болғанына бақыттымын.
Қ
алабаб əңгімесін тəмəмдады да, тыңдармандарды жағалай шолып
ө
тті.
- Номасардың бұл тарихы сендерге нені білдірді?- деп сұрады ол.-
Ə
кесіне болмаса қайын атасына осылайша өз əрекеттерің мен
табыстарың жайлы есеп беретінің бар ма, араларыңда? Егер де келіп,
қ
арттарға: «Мен біршама жерді аралап саяхат жасадым, біраз нəрсені
ү
йрендім.Көп жұмыс істедім, көп табыс таптым,бірақ менің алтыным
аз. Оның бір бөлігін ақымақтықпен шығындадым, ал қалған бөлігін
ақылсыз əрекетпен жоғалттым.» десеңдер, олар не ойлар еді?
Біреуде көп алтын болып, келесі біреуінде ештеңе боламаса, оны
тағдырдың тəлкегі санамай-ақ қойыңдар.Байлыққа ие болғандар -
байлықтың бес заңын біліп, соны ұстанғандар.
Бұл заңдарды мен жастайымнан меңгергендіктен,оларды ылғи да
бұзбай келгендіктен -байыдым.Мендегі байлық сыйқырдың күшінен
жиналған жоқ.
Жылдам келген байлық, дəл солай жылдам кетеді.Егер де байлық
білім мен тыңғылықты еңбектің арқасында келсе,онда ол иесіне бақыт
сыйлап, ұзақ уақытқа сіңеді.Ақылды адам үшін байлық жинау қиын
емес.Ол міндетті ұзақ жылдар бойы ұстану - күрделірек.Бірақ та,
байлықтың бес заңын ұстану кез келген адамды несібеге кенелтеді.
Бұл бес заңның əрқайсысы терең мəнге толы,оны ұғынбасаңдар,
хикаяны айтып бітіргенше, мен тағы да қайталаймын. Мен оларды жас
кезімнен жатқа білемін, əрі оларды талай істе тексергенім бар.
БАЙЛЫҚТЫҢ БІРІНШІ ЗАҢЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет