Табысының оннан бір бөлігін тұрақты түрде жинап, оны іске
ақылмен салған адам, өз болашағына жететіндей əрі
артында қалған
жанұясына жеткілікті тірлік көзін қалдырып, лайықты байлыққа қол
жеткізеді. Бұл заң осындай адамның қолына əруақта алтын құймасын
бұйыртады. Бұған куə ретінде мен өз өмірімді мысалға келтіре аламын.
Маған неғұрлым
алтын көп жиналған сайын, соғұрлым ол маған мол
көлемде келді. Жиналған алтын, мен ойлағаннан артық табыс
ə
келді.Ал, жиналған қор еселене түседі екен.
Бірінші заңның осындай
күші бар.
БАЙЛЫҚТЫҢ ЕКІНШІ ЗАҢЫ
Ө
зіне табысты іс тапқан адамның байлығы
ғ
ана тұрақты да қалқысыз жұмыс істеп,
ө
рістегі малдай көбейеді.
Жинақ – шынында да қалтқысыз еңбекқор. Ол мүмкіндік
туғанда
құ
лшыныспен молаяды. Байлық жыйған əр кісі осындай табысты
мүмкіндікке ие. Жыл өткен сайын ол табыс еселеніп, қайран қаларлық
мөлшерге жетеді.
БАЙЛЫҚТЫҢ ҮШІНШІ ЗАҢЫ
Білікті адамдардың кеңесіне құлақ асып,
ақылмен іске жаратқан кісінің байлығы еселенеді.
Жинақ шынында да, есуастан қашқан жандай, қамқор қожайынға
сытылып кетеді.Байлықпен ісі болған адамның
кеңесіне құлақ асатын
жан, өз жинағын тəуекелге салмайды, оған қауыпты жолатпай,
молаюына қуана қол жеткізеді.
БАЙЛЫҚТЫҢ ТӨРТІНШІ ЗАҢЫ
Ө
зіне бейтаныс іске ұрынған адамның байлығы қолдан сусыйды.
Жинақ көрмеген адамның
қолындағы байлық кез келген
мүмкіндікті пайдалы етіп көрсетеді.Алайда, ол мүмкіндіктердің
көпшілігі жинаққа қатер төндіреді. Егер де ол мүмкіндіктерді
тəжірибелі кісілер сараптайтын болса, олар пайдаға жарайтын
мұрсаттың аз екеніне көз жеткізер еді.Сондықтан да өздігімен өзіне
бейтаныс іске қол артатын жинақ иесі көбіне тəжірибесіздігі
салдарынан қолда барын шашып тынады.Істің мəнісін
білетіндер
кеңесіне жүгініп жинағын жаратқан жан ғана даналыққа жол салады.
БАЙЛЫҚТЫҢ БЕСІНШІ ЗАҢЫ