Ергали Сериктин аудармасы бабылдык бай


ЕКІНШІ ДАУА Шығынды қадағала



Pdf көрінісі
бет10/35
Дата25.04.2023
өлшемі0.87 Mb.
#472748
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
Ежелгі Бабылдағы ең бай адам. Джордж Клейсон

ЕКІНШІ ДАУА
Шығынды қадағала
- Кейбіреулерің маған мынадай сауал қойдыңдар: «Табыстың оннан
бір бөлігін қалай сақтауға болады, егер де тапқан табыстың өзі де
солайымен тірлікке жетпесе?» - деп бастады екінші күні Арқат өз
сөзін.- Кеше кімнің əмияны бос болып еді?
- Бəріміздің де,- шу етті шəкірттер.
- Сендер əртүрлі табыс табасыңдар ғой. Біреуі көп, енді бірі аз
дегендей. Біреулерің көпбалалы, енді біріңде жанұя үлкен.Соған
қ
арамастан, бəріңде де əмиян бірдей босаған. Енді мен сендерге
қ
арапайым емес ақиқатты ашайын. Ол мынау: сендердің бəрің
айтатын «күнделікті қажеттілік» табыстарың өскен сайын
артып отырады, егер оған өздерің қарсы тұра алмасаңдар.
Күнделікті қажеттілік пен өздеріңнің нəпсілік құмарларыңды
шатастырмаңдар. Əрқайсыңда тапқан табысқа сəйкес қажеттіліктен
гөрі құмарларың басым.Сондықтан да жиналған ақша əлгі қаптаған
құ
марды
қ
андыруға
шығындалып
жатады.Соған
қ
арамастан,
қ
анағаттандырылмаған құмардың шегі бəрібір де болмайды.
Шамасына қарамастан адамның бəрінде де құмар көп болады. Мен
шылқыған бай болсам да, ойлағанымның бəріне қолым жетеді деп
ойлайсыңдар ма? Тіпті де, олай емес. Оның бəріне қол жеткізуге
уақытым да жоқ. Күшім де жетпейді. Жүретін жолым да шектеулі.
Жегім келген астың бəрін де жей алмаймын. Жаным құмар өмір
лəззəтының бəрімен бірдей рахаттанып үлгере алмаймын.
Мынаны ескеріңдер: шаруаның қопсытқан алқабында, тамырына
жеткілікті жерде қаптайтын арамшөп секілді, адамның ниетінде де
арамшөп қаптайды, егер оның бəрін қанағаттандыруға мүмкіндік
табылып жатса. Адамның айналасы қаптаған құмарлық, бірақ оның аз
ғ
ана бөлігіне қанағаттануға тура келеді.
Ө
здеріңнің өмірлеріңе қажетті əдетке бас қатырыңдар. Адам үшін
шығынның басты бөлігін солар құрайды. Оларды салауатты түрде
қ
ысқартуға да, тыюға да болады. Сондықтан да өздерің ақша
жұмсайтын нəрсенің тізімін алдын ала жасағандарың мақұл. Олардың
ішіндегі ең қажеттісін ғана іріктеп, оған табыстың оннан тоғызын ғана
жұмсау керек. Қалғанын сызып тастап, оларды орындалмайтын
тілектерге жатқызып, оған өкінбеген абзал.
Содан соң барлық қажетті шығынды ойластырыңдар.Əмиянды


толтыруға тиіс оннан бір бөлік табысқа қол тигізбеңдер. Ол сендердің
орындалуға тиісті ең басты тілектерің болсын.Ал шығын кестесі əмиян
қ
ампайтуға қажетті ең бірінші көмекші болуы керек.
Осы кезде алтынмен əдіптелген қызыл шапанды шəкірт орнына
тұрып, былай деді:
- Мен ерікті адамын. Меніңше, өмірдің бар рахатын тұшынған дұрыс.
Сондықтан да, маған нені шығындап, нені тұтынуды нұсқайтын есеп-
қ
исаптың құлы болғым келмейді.Ол жағдай менің өмірімді
жадыратпайды əрі өзімді жүк артылған есекке айналдырады.
- Ендеше, ол шығындардың бəрін кім айқындайды, шырағым-ау?-
сұрады Арқат.
- Өзім,- деді шəкірт.
- Егер жүк артылған есек қанарға салынған нəрселерді талғайтын
болса, оның ішіне ап-ауыр асыл тастар мен кілемді, алтын құймасын
салар ма еді? Жоқ. Ол өзіне жем-шөп пен шөлден өтуге қажетті су толы
мес артқан болар еді ғой.
Шығын кестесі əмияныңды толтыруға көмекші ғана. Ол саған
барлық қажетті нəрсе мен атқарылуы мүмкін басқа да тілекті
орындайды ғой. Оның жəрдемімен сен өзіңе нағыз керек нəрсені
кездейсоқ құмардан ажырата аласың. Ол түнектегі сəуле секілді,
қ
аржының текке жұмсалу жолына жарық түсіреді де, пайдасыз
шығынды доғартады.
Сонымен, қабысқан əмиянға қажетті екінші дауа мынау: табыстың


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет