Ергали Сериктин аудармасы бабылдык бай


Кім де кім мүмкіндікті пайдаланса, сол адам сəттілік пірінің



Pdf көрінісі
бет18/35
Дата25.04.2023
өлшемі0.87 Mb.
#472748
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
Ежелгі Бабылдағы ең бай адам. Джордж Клейсон

Кім де кім мүмкіндікті пайдаланса, сол адам сəттілік пірінің
назарын өзіне аударады.Ол кім өзіне қызмет етсе, соған
жəрдемге даяр.Ал, оған бəрінен бұрын іскер адамдар қызмет
етеді.
СƏТТІЛІК ПІРІ ІСТІҢ АДАМЫН ЖАҒАЛАЙДЫ


Байлықтың бес заңы
- Егер алдарыңнан алтын толы қап пен даналық жазылған сазбітік٭
шықса, қайсысын таңдар едіңдер?
Аспа шамның сəулесіне құлпыра түскен тыңдаушылардың жүзінен
барынша ықылас сезіледі.
- Алтынды,əрине, алтынды таңдар едік,- жиырма жеті адамның
даусы жамырай шықты.
Қ
арт Қалабаб түсінген кейіппен күлімсіреді. Ежелгі Бабылда алтын
мен байлық сөздері өзара мəндес еді.
- Қане, мені тыңдаңыздар,- деді ол.- Түн ортасында қасқырдың
ұ
лығанын естігендерің бар ма? Олар аш болғасын ұлиды. Оларға қорек
беріңдерші, одан əрі не істер екен.Ертеңгі күнді ойламастан бір бірімен
не алысады, не жата қалып ұйықтайды.
Адам баласы да сол секілді. Оларға алтынды болмаса қалауына орай,
білімді беріңіздер -не істер екен? Білімнен теріс айналып, алтынға
жармасады. Келесі күні ұлып шыға келеді, өйткені, алтыннан ештеңе
қ
алмайды ғой. Алтын болса, ол кім де кім оның заңын біледі,соған ғана
жағады.
Қ
алабаб түнгі салқыннан қорғанып, желбегейіне қымтана түсті.
- Сендер маған ұзақ жолда сенімді серіктерім болдыңдар, түйелеріме
жақсы қарадыңдар, ыстық құмды кешіп, қиналыс білдірмедіңдер,
тонағысы келген қарақшылармен де батыл шайқастыңдар,енді мен
соның өтеуіне сендерге бүгін алтынның бес заңы туралы хикая айтып
берейін.Ондай əңгімені бұрынды-соңды естіген емессіңдер.
Қ
алт жібермей тыңдаңдар, айтқанымды ұқсаңдар, онда келешекте
сендер мол алтынға жолығасыңдар.
Ол
ү
нсіз
қ
алды.
Қ
аракөк
аспанды
жұлдыздар
жайлаған.
Жиналғандардың артын ала найзаға мықтап керілген шатырлардың
қ
арасы көрінеді.Шатырлар артында мұқият текшеленіп таңылған
терілер дөңкиіп жатыр.Одан əрі құмға шөккен түйелер анда-санда
пысқырынып қойып, тоқтаусыз күйіс қайыруда.
- Бізге талай хикаяны айтып бердің, Қалабаб,- деді керуен жетекші.-
Ертеңгі күні сендегі қызметіміз біткенде, жол көрсетердей сенің
даналығың бізге зор пайдасын тигізеді.
- Бұған дейін сендерге шалғай да бейтаныс елдерде бастан


кешкенімді айтып келдім, енді бұл жолы Арқат байдың ілімін
жеткізбекпін.
- Ол туралы көп естігенбіз,- деді керуен жетекші,- Ол Бабылдағы
ө
мір сүрген байлардың ішіндегі ең айтулысы болыпты.
- Иə, ол байлардың байы болатын, өйткені, сол ғана алтынның
жолын жақсы білетін.Бүгін түнде оның ұлы Номасар бұдан бірнеше
жыл бұрын Ниневияда маған айтқан даналығын айтып берем.
٭


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет