Он жыл өткен соң Номасар келіскендей үйіне оралды. Əкесі оның
құ
рметіне барлық достары мен туыстарының басын қосып үлкен той
жасады.Той біткенде, əкесі мен шешесі үлкен бөлменің бір басына
қ
ойылған таққа бергісіз орынтаққа жайғасты да, Номасар əкесіне
берген уəде бойынша, есеп беруге кірісті.
Кеш болған кез. Бөлмеге майлы шамның түтіні жайылған. Ақ
шапанды құлдар пальманың ұзын жапырағын бір қалыпты
желпуде.Барлық жағдай маңызды шараға лайықталыпты.Номасардың
ə
йелі
мен екі кішкентай ұлы, достары мен туыстары оның артына
кілем үстіне жайғасып, есепті мұқият тыңдауға көшкен.
- Əке,- деп құрметпен бастады сөзін Номасар.- Мен сенің
даналығыңа бас иемін.Он жыл бұрын мен кəмелет жастың
табалдырығында тұрғанымда,сен мені өзіңнің байлығыңа мөлиген
масыл етпей, тұрғыластырым ішінде лайықты азамат болып шығуым
ү
шін дүниені аралауға жібердің. Арқама алтынды аямай артып, білімді
қ
оса арқалаттың. Бірақ берген
алтыныңды мен лайық жұмсай
алмадым.Ол менің тəжірибесіз қолымнан ұстап алған балалардан
қ
ашқан жабайы қоян секілді ғайып болды.
Ə
кесі түсіністікпен күлімсіреді:
- Айта бер, ұлым. Сенің бастан кешкенің маған барынша нақты
деректерімен маңызды.
- Мен болашағы мол Ниневия қаласына барып, сонда тұрақтауды
шешкен едім. Мен сонда баратын керуенге ілестім де, жол бойы жаңа
достар таптым.Олардың арасында астарына желмен жарысқан
сəйгүлік мінген екі кісі болды.
Сапар барысында олар маған аттары бəйгіде алдына жан салмаған,
аса жүйрік жылқысы бар Ниневияда
бір бай кісі тұратынын
жеткізді.Атбегі өзінің аттарын бəйгіде озатын жылқының жоқтығына
сенімді еді. Сондықтан ол атжарыста Бабылдың бір де бір атын алдына
шығармайтынына сеніп, болжам ойынға қанша ақша салса да даяр
болатын.Алайда менің бір досым əлгінің аты өзінің сəйгүліктеріне
қ
арағанда ақсақ есек екенін айтып, бəйгіде өз аттарының алдына жан
салмайтынын жеткізді.
Ол маған достық құрметіне өз аттарын жақтап, ойынпұл салуымды
ө
тінді. Бұл ұсыныс менің бойымды мықтап биледі.Бірақ біздің
аттарымыз озбады да, мен біраз ақшамнан айырылдым.
Ə
кесі мəз бола күлді.
-
Кейінірек білдім, басымнан өткен жайт қитұрқы істің салдары
екен. Əлгі маған дос болғандар керуенмен бірге ілесіп, мен секілді
ашықауыздарды аңдитын болып шықты.Ал, Ниневиядағы атбегі де
ə
лгілермен ауыз жаласқан адам екен, ойынпұлды қылдай бөлісіп
алыпты.Осындай салқынқанды алаяқтық маған алғашқы ащы сабағын
осылай берді.Көп ұзамай, мен тағы бір өзек өртер жайтты бастан
кештім. Керуенде мен достасқан тағы бір жігіт болған.Ол да мен
секілді
бір бай баласы екен, Ниневияға өмірлік орын тебуге
шығыпты.Сапар кезінде ол маған Ниневияда бір саудагердің
қ
айтқанын, оның дүкенін тауарымен қоса түкке тұрғысыз ақыға сатып
алуға болатынын айтқан.Ол екеуміз бұл істе серіктес болатынымызға
уағдаластық, бірақ ол Бабылға барып алтынын алып қайтуы керек
болды.Сондықтан ол дүкенді мендегі бар ақшаға ала тұруды ұсынды.
Бірақ ол Бабылға сапарын кейінге қалдыра берді, оның үстіне сауда
ісінде білетіні аз болып шықты, қолда барын оңды-солды жұмсай
береді екен.Ақырында мен одан бас тартым,
бірақ ол кезде шаруам
кері кеткен еді.Дүкенде жарамсыз тауар қалды да, сату мүмкін
болмады, ал жаңасын алуға менде алтын түгесілді. Əйтеуір, əупіріммен
израилдік бір кісіге дүкенді өте арзан бағаға сатып кеттім.
Басыма ауыр күндер туды.Жұмыс іздегенмен, ештеңе таппадым,
ө
йткені қолымнан ештеңе келмейтін.Аттарымды саттым.Құлды да
саттым.Тамақ пен түнек орынға басы артық киімдерімді өткіздім, бірақ
күн артынан күн өтсе де, сəтсіздіктен құтыла қоймадым.
Сол ауыр күндерде, əке, сенің маған сенетінің есіме түсті.Сен мені
сапарға аттандырғанда,азамат болуымды қаладың ғой, мен соны
атқаруым керек болды.
Анасы болса, бетін орамалмен көлегейлеп кемсеңдеді.
- Сол кезде маған берген алтын заңы жазулы сазпарақтар есіме
түсті.Оқып шықтым да, əуел баста білімді
қолға алғанымда алтыннан
ажырамайтынымды ұқтым. Мен заңның бəрін əрпіне дейін жаттап
алдым да, егер де мені сəттілік пірі қолдай қалса, ісімді бала
тəжірибесіздікке емес, қарт даналыққа басқартам деп шештім.
Енді осында жиналғандарға мен əкемнің сазпарағында жазылған
оның маған он жыл бұрын берген даналығын оқып шығайын. Ол
мынау еді.