Абай халқымыздың ұлы ұстазы, тәлімгер педагогі. Оның өлеңдері мен қара сөздерінің ең басты объектісі — адам, басты мақсаты — адам тәрбиесі. Ғалым Мекемтас Мырзахметовтің зерттеуінше, адам болғанда да «өзі үшін оттаған хайуанның» бірі емес, адамдар үшін еңбек ететін, «ақыл, қайрат, нұрлы жүректі тең ұстайтын» жан – жақты жетілген адам. - Абай халқымыздың ұлы ұстазы, тәлімгер педагогі. Оның өлеңдері мен қара сөздерінің ең басты объектісі — адам, басты мақсаты — адам тәрбиесі. Ғалым Мекемтас Мырзахметовтің зерттеуінше, адам болғанда да «өзі үшін оттаған хайуанның» бірі емес, адамдар үшін еңбек ететін, «ақыл, қайрат, нұрлы жүректі тең ұстайтын» жан – жақты жетілген адам.
- Абайша айтқанда, «толық адам». Ал «толық адам», «жетілген адам» дегендердің мағынасы – терең философиялық ұғымдар. Абайдың мұраты – адамды адамгершілік, кісілік жағынан жетілдіру арқылы қоғамды жетілдіру, қазақ қоғамын ілгері дамыған мәдениетті елдер қатарына қосу. «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын» деп, адам атына терең мән беріп, жоғары талап қойған Абай өз шығармаларында адамның жаратылысы мен өсіп-жетілуін, адам болу жолы мен адамдықтан шығатын жаман істерді атап көрсетеді.
«Толық адам» бейнесін көрсететін, дәлірек жеткізетін басты өлеңдерінің бірі – «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек» өлеңі. Абайдың 1898 жылы жазған өлеңдерінің бірі. Тақырыбы: Ақыл, қайрат, жүрек бірлігі. Идеясы: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаған» адам ғана «толық адам» бола алады. «Біреуінің күні жоқ, біреуінсіз, ғылым сол үшеуінің жөнін білмек». - «Толық адам» бейнесін көрсететін, дәлірек жеткізетін басты өлеңдерінің бірі – «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек» өлеңі. Абайдың 1898 жылы жазған өлеңдерінің бірі. Тақырыбы: Ақыл, қайрат, жүрек бірлігі. Идеясы: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаған» адам ғана «толық адам» бола алады. «Біреуінің күні жоқ, біреуінсіз, ғылым сол үшеуінің жөнін білмек».
- Бұл жерде жүрек –қағылез, сергек сезімде, ал қайрат –байсалды сабырлылық пен табанды төзімділікті тудыратын қасиет. Тәрбиелілігі: Қазіргі кезде біреу жүрекке бағынса, біреуі ақылға бағынса, біреуі қайраттың жетегінде кетеді. Ақыл, қайрат, жүрек бірлігі ғана адамды «толық» етеді. Ақын бұл өлеңінде ақылды бәрінен бұрын қойған.
Достарыңызбен бөлісу: |