«Ерлікке тағзым!» Тәрбие сағатының мақсаты



бет2/3
Дата19.01.2023
өлшемі21.55 Kb.
#468546
1   2   3
ұлы отан

(1 минут еске алу)

Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге , нұрлы күнді қаратүнекке айналдырмақ болған соғыс 1941 ж 22 маусым күні таңғы сағат төрттер шамасында, фашистік Германия тұтқиылдан шабуыл жасады, бейбіт тыныш ұйқыда жатқан Отанымыздыңіргесіне опасыздықпен басып кірді. Отан-Ана шақыруымен еліміздің миллиондаған аяулы ұлдар мен қыздары ел шебіне тиген жауға қарсы шешуші айқасқа аттанды.


Бұл туралы ақын жазушыларымыздың өлеңдері қаншама? Ендеше өлеңге кезек
берейік.


Жанна:
Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамды
Тұтқиылдан жау тиіп
Қырғын соғыс басталды.
Аңсат
Жерден , көлден. Аспаннан
Соқты жауды ел күнде
Отан үшін от кешіп
Жақындай түсті Берлинге!
Альбина
Тылдағы ел де ерледі
Тынымсыз күн-түн терледі
Ерлердің жоғын білдірмей
Жауды да жеңіп кел деді 

Соғыс кезінде басқа туысқан республикалардың өкілдерімен бірге Қазақстаннан майданға аттанған жауынгер ұл-қыздар да асқан қаһармандықтың, өшпес ерліктің үлгісін көрсетіп, туған елді сүйсінтті. Оларды ұлы ерлікке бастаған құдыретті күші-туған жерге, елге, Отанға деген шексіз махаббат, зор сүйіпеншілік еді.


Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында көрсеткен Кеңес Қарулы Күштерінің, халқының қаһармандық ерлігіне бүкіл прогресшіл адамзат әрқашан да ризашылықпен қарап, құрметпен тағзым етпек. Уақыт өтіп, сол бір қиын күндер тарих керуенімен алысқа ұзағанымен, оның ауыртпалығы, қатерлі кезеңдер-ұрпақ зердесінде мәңгі бақи өшпейді, естен кетпек емес.
Олай болса сабағымыздың келесі кезегін, Музейдегі «Ерлікке тағзым» бұрышымен жалғасақ. Өздеріңіз білесіздер балалар, ұлы отан соғысы дегенде ойымызға өзіміздің аталарымыз, әжелеріміз оралады. Ал осы Өлеңті ауылында арнайы тақта қойылған, ерлікке тағзым атымен. Осыны ашып айтар оқушы болса мархаббат ортаға.
Алапат ауыр соғыс өз салмағын иыққа 1418 күн мен түн, яғни 4 жыл салды. Фашизм жер шарына соғыс алапатын алып келді. Бұл тарихта «Ұлы Отан соғысы» деген ерекше атпен қалды
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 69 жыл болды. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділктерін паш ететін, тарихта қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды.
Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз-өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділкпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды , өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып , бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы Жеңістің құрдастары тойлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет