Көкжөтел қоздырғышын анықтау үшін «Жөтел пластинкалары» әдісі бойынша материалды бактериологиялық зерттеуге алу
Зерттеуге жатады:1) диагнозы «Көкжөтел» бар науқастар; 2) көкжөтел ауруы жұққан науқас баламен жөтелі бар байланыста болған балалар; 3) санация (ағзаны сауықтыру бойынша мақсатты емдеу-профилактикалық іс-шараларын жүргізу) жүргізгеннен кейін бактерия таратушылар.
Жалпы мәлімет. Материалды аш қарынға немесе тамақтан кейін 2-3 сағаттан соң алады. Петри табақшасын жөргекке орайды және бикс түбіндегі 37-380С суы бар жылытқыштың үстіне қойып, тез арада зертханаға жеткізу керек. Зерттеу нәтижесі 72 сағаттан кейін дайын болады.
Жабдықтар:
Бикс.
Жөргек, жылытқыш, термометр.
Стеклограф.
Зарарсыздандырылған қолғап, бетперде.
Жолдама.
Орындалуы.
Медбике жолдаманы тексеріп, журналдағы тіркелген нөмірін жазады.
Анасына процедураның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріп, келісімін алады.
Медбике қолын жуып, құрғатады, зарарсыздандырылған қолғапты және бетперде киеді.
Петри табақшасына стеклографпен журналдағы тіркелген нөмірін жазады.
Баланы жарыққа қарай отырғызады.Жөтел басталғанда Петри табақшасын науқас аузынан 10-12 см арақашықта ұстап, 8-9 рет жөтелгенін ұстайды. Жөтел болмаған жағдайда шпательмен тілдің түбін тітіркендіреді.
Петри табақшасын тез жауып және жөргекке орап, бикстегі жылытқыштың үстіне қояды.
Медбике қолғап және бетпердені шешіп, қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнерге (ҚЖКЖК) салады.Қолды жуып, құрғатады.
Жолдаманы полиэтилен пакетіне салады.
Алынған материалды бикстің ішінде тез арада бактериологиялық зертханаға жеткізеді.
Дифтерия қоздырғышын анықтау үшін жұтқыншақтың шырышты қабығынан
Достарыңызбен бөлісу: |