Ерте жастағы балаларға антропометриялық тексерулер жүргізу



бет20/23
Дата12.05.2023
өлшемі0.61 Mb.
#473617
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Ерте жаста ы балалар а антропометриялы тексерулер ж ргізу

Гипертермиялық синдромды қызбаның патологиялық түрі деп санауға болады, ол кезде дене температурасының жылдам және оқыс көтерілуі байқалады да, бұл микроциркуляциялық, метаболикалық бұзылыстармен және өмірлік маңызды мүшелер мен жүйелер қызметінің үдемелі бұзылуымен өтеді.
Клиникалық диагностика
Баладағы қызбаның диагностикасы барысында тәжірибелік тұрғыдан «қызыл» және «ақ» гипертермияны ажырату, сонымен қатар оның себебін анықтау өте маңызды.
Балаларда көбінесе болжамы қолайлырақ болып табылатын «қызыл» гипертермия кездеседі (жылудың өндірілуі жылудың шығарылуына сәйкес келеді): терісі шамалы гипермияланған, ыстық, ылғалды, аяқ-қолы жылы; пульс пен тыныстың жиілеуі дене температурасының көтерілуіне сәйкес келеді (370С жоғары әрбір градусқа ентігу минутына 4 рет тыныс алуға, ал тахикардия - минутына 20 рет соғуға артады); температураның фебрильдік және гипертермиялық сандарға дейін көтерілуіне қарамастан, баланың жүріс-тұрысы кәдімгідей болды.
«Ақ» гипертермия келесі белгілермен сипатталады:
- терісі бозарған, «мәрмәр тәрізді», тырнақтары мен еріндері көгерген, «ақ дақ» симптомы оң;
- аяқ-қолы суық;
- шамадан тыс тахикардия, ентігу;
- баланың жүріс-тұрысының бұзылуы - немқұрайдылық, салбырлық, қозуы, сандырақтауы, тырысулардың болуы ықтимал. «Ақ» гипертермия кезінде қызуды басатын дәрілердің көмегі жеткіліксіз болады.
«Қызыл» гипертермия кезіндегі жедел жәрдем:

  1. Баланың үстін ашып, барынша шешіндіру қажет; желсіз таза ауаның келуін қамтамасыз ету керек.

  2. Сұйықтықты мол ішуді тағайындау қажет (тәулігіне жасқа сай қалыпты мөлшерден 0,5-1л артық) .

  3. Суытудың физикалық тәсілдерін қолдану:

- желдеткішпен ауа үрлеу;
- маңдайына салқын компресс қою;
- ірі қантамырлар тұсына суық (мұз) басу;
- жылудың шығарылуын жақсарту үшін бөлме температура сумен баланың үстін сүрту.
- салқын сумен клизма (10-200С) газ шығару түтікші арқылы 2-5 мин баланың жасына қарай 10-150 мл су енгізу. Процедураны дене температурасы 37,50С түскенше өткізеді.
4. Ішуге (немесе ректальды) тағайындау: парацетамол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет