Балаларға қыша қағазын қою
Әсері: эфирлі қыша майы тері рецепторларын тітіркендіреді, соның әсерінен қан тамырлары кеңейіп, қан айналымы жақсарады да қабыну процесін қайтарады және ауырсынуды басады.
Көрсеткіштері: жоғарғы тыныс алу жолдарының аурулары, бронхит, пневмония, миозит, невралгия.
Қарсы көрсеткіштері: тері аурулары, дене қызуының көтерілуі, науқастың қышаға сезімталдылығы аса жоғары болуы, өкпеден қан кету, қатерлі ісіктер.
Жабдықтар:
Қыша қағаздары.
40 - 450С су құйылған лоток.
Жөргек.
Көрпе.
Орындалуы.
Анасына процедураның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріп, келісімін алады.
Қыша қағаздың сақтау мерзімін тексереді.
Медбике қолын жуып, құрғатады.
Баланы беліне дейін шешіндіреді.
Қыша қағазын 40-45оС суға 5-10 сек малып алады.
Қыша қағазының саны баланың кеуде қуысының көлеміне байланысты қойылады.
Жөргекпен қыша қағаздарын жабады.
Жөргектің сыртынан көрпеге орайды.
Әр 2-3 мин сайын жөргектің шетін ашып көреді, егер терісі қызарса қыша қағазын алып тастайды.
Баланы тез киіндіріп, төсекке жатқызады.
Медбике қолын жуып, құрғатады.
Баланың құлағына жылытатын компресс қою
Әсері: жылыту, ауырсынуды басады, қабынуға қарсы.
Көрсеткіштері: отит.
Қарсы көрсеткіштері: дене қызуының көтерілуі, терінің зақымдануы, сыртқы және ортаңғы құлақ қуысындағы іріңді процесі.
Жабдықтар:
6-8 қабатты дәкелі салфетка.
Компресс қағазы (полиэтилен).
Мақта, дәке.
Қайшы.
Этил спирт ерітіндісі (3 жасқа дейін балаларға 20 – 25% ерітіндісі, одан үлкенірек балаларға - 45%), өсімдік майы, майлы-спирт ерітіндісі 1:1.
Лоток – 2 дана.
Ыдыс.
Орындалуы.
Анасына процедураның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріп, келісімін алады.
Медбике қолын жуып, құрғатады.
Дәкелі салфетканың ортасын құлақ өлшеміне қарай кеседі.
Баланының ауырған құлағын үстіне қаратып,бір жағына жатқызады. Үлкен жастағы балаларға компресті отырғызып жасауға болады.
Ерітіндініыдысқа құйып, 38 - 390С жылытады.
Дәкелі салфетканы жылы ерітіндіге малып алады, сығады және құлақ қалқанына кигізеді.
Дәкелі салфетканың үстіне компресс қағазын (полиэтилен), содан соң жылуды сақтайтын қалындығы 2-3 см мақта қояды. Әрбір келесі қабаты астыңғысынан 2 см артық болуы керек.
Компресті дәкемен орап, байлайды. Уақытты бақылап, жазып алады. Майлы компресті 6-8 сағатқа, спиртті компресті 4 сағатқа қояды.
2 сағаттан кейін компрестің дұрыс қойылғанын тексеру үшін сұқ саусақты компрестің астына кіргізіпбақылайды. Егер компресс дұрыс қойылса, тері және дәкелі салфетка жылы және ылғалды болады.
Медбике қолын жуып, құрғатады.
Достарыңызбен бөлісу: |