Ерте жастағы балаларға антропометриялық тексерулер жүргізу


Шала туылған нәрестені жылытқыштармен жылыту



бет3/23
Дата12.05.2023
өлшемі0.61 Mb.
#473617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Ерте жаста ы балалар а антропометриялы тексерулер ж ргізу

Шала туылған нәрестені жылытқыштармен жылыту

Жабдықтар:



  1. Үш жылытқыш.

  2. +450С су.

  3. Үш жөргек.

  4. Көрпе.

Орындалуы:



  1. Анасына мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріп, келісімін алады.

  2. Жабдықтарды тексеріп, дайындайды.

  3. Медбике қолын жуып, құрғатады.

  4. Үш жылытқышқа жартылай толтырып +450С су құяды.

  5. Жылытқыштардың ішіндегі ауаны шығарады.

  6. Жылытқыштардың аузын қақпағымен бұрап, жабады және

герметикалық жағдайын тексеру үшін, төңкеріп, қалпына келтіреді.

  1. Жылытқыштарды төрт қабатқа бүктелген жөргекке орайды.

  2. Нәрестенің денесінен 8-10 см арақашықтыққа орналыстырады: біреуін аяқ жағына, екеуін денесінің екі жағына.

  3. Нәрестенің үстін көрпемен жабады.

  4. Көрпенің астында температура + 28-300С болу керек.

  5. Медбике қолын жуып, құрғатады.

Жылытқыштардағы суды кезекпен ауыстырады.


2 айға дейінгі нәрестеге күтім жасау. «Жылу тізбек».
(Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеу бағдарламасы бойынша)

Әр нәрестеге қажет негізгі күтім: жылу (нәрестенің киімі таза әрі құрғақ болуы), емізу (нәрестені емшекке дұрыс орналастыру мен төсеу; талап еткен сайын емізу, күндіз-түні; емшек сүтінен басқа ешқандай тамақ не сұйықтық бермеу), сүйіспеншілік пен қауіпсіздік, тазалықты сақтау арқылы инфекцияның таралуын бақылау (кіндік қалдығын тазалықта ұстау, көз инфекциясының алдын алу үшін 1% тетрациклин жақпамайын қолдануы, қолдың тазалығы, ортаның тазалығы, киімнің тазалығы), вакцинациялау(В гепатитінің алдын алу – ВГВ вакцина, туберкулезді алдын алу – БЦЖ вакцина), нәрестелердің жағдайларын дер кезінде танып алу.


Жаңа туылған нәрестенің денесінің қалыпты дене қызуы 36,5-37,50С.
«Жылу тізбек» - бұл жаңа туылған нәрестені жылытуға бағытылған бірқатар іс-шаралар. Бұл іс-шараларға жатады: медицина қызметкерлерін дайындау;жылы босану бөлмесі (температурасы 250С төмен емес); жаңа туылған нәрестенің денесін дүниеге келе салысымен кептіру және «тері-теріге» байланысы; шомылдыру мен салмақ өлшеу кейінгі қалдыру;жаңа туылған нәрестеге кең киім кигізу; анасы мен баласының бірге болуы; жылы жағдайда тасымалдау; жылы жағдайдағы реанимация жүргізу.
Тізбектің кез келген үзілуі, жаңа туылған нәрестенің дене қызуының төмендеуіне (гипотермияға) алып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет