Ерте замандағЫ Қазақстан кіріспе. Қазақстан тарихы курсының мақсаты мен міндеттері Жоспар Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері. «Қазақстан тарихы»



бет24/44
Дата18.02.2024
өлшемі0.83 Mb.
#492319
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44
Лекция (1)

Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ хандығының құрылуы туралы деректер
2. Бұрындық хан тұсындағы Қазақ хандығы
3. Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы
4. Жеті жарғы
5. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті


Әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы. Бес томдық. 3 том. –Алматы, 2002.
2. Қазақ ССР тарихы. Бес томдық. 3 том. –Алматы, 1979.
3. Тынышпаев М. История казахсого народа.-А.,1993,79-б.
4. Тынышбаев М. Великие бедствия (Ақтабан шұбырынды).-А.,1992, 146-б.
5. Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. –Алматы, 1994, 67-б.
6. Қозыбаев М. Аңырақай шайқасы- Отан тарихының жарқын белесі. //Егемен Қазақстан, 1999, 25 тамыз.
7. Қозыбаев М. Қазақтың данқын асырған. //Егемен Қазақстан, 2000, 1 ақпан.
8. Әлиев Ө.Ә. Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихы. – Шымкент, 2005, 85 б
Лекция №12
Қазақ хандығының ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. экономикалық, шаруашылық, әлеуметтік жағдайы. Қазақ халқының мәдениеті.
Жоспар:
1. Қазақ хандығының ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. экономикалық- шаруашылық жағдайы.
2. Қазақ хандығының ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. әлеуметтік жағдайы..
3. ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ Қазақ халқының мәдениеті .

ХVII ғ. аяғында Қазақстан аймағында бiрнеше феодалдық мемлекет, яғни хандықтар құрылды. Олардың әрқайсысы сұлтандардың, жеке iрi феодалдардың иелiктерiне бөлiндi. Қазақ хандықтарының күрделi мемлекеттік аппараты болған емес. Басқару мақсатында феодалдық қатынастарға бейiмделген патриархалдық институттар пайдаланылды.


Хан шексiз билiк жүргiздi. Хан мемлекет басқарушысы, қарулы күштердiң басшысы және жоғарғы төре саналды. Сұлтандар мен билер ханға жүгiндi.
Қазақ хандықтарында әскери ұйым күрделi емес едi. Тұрақты әскер болған жоқ. Оған әрбiр азамат-жауынгер өз атымен, қару-жарағымен келуге тиiс болды.
Қазақ қоғамында да материалдық байлықты өндiрушiлер халықтың көпшiлiгiн құраған қазақ шаруалары едi. Шаруалардың экономикалық жағдайы бiрдей болған жоқ, сондықтан феодалға тәуелдiлiк дәрежесi де әр түрлi болды (жай шаруа, кедей шаруа, жатақтар). Iшiнара құлдар да кездестi.
Феодалдық қанау көптеген салық салуды әдетке енгiздi. Олардың негiзгiлерi: малшылардан зекет, егiншiлерден – ұшыр жинау, бұған қосымша шаруалар үстем таптың пайдасына жұмыс iстеуге және борышын еңбекпен өтеуге тиiстi болды.
ХV-ХVII ғасырлардағы қазақтардың қоғамдық қатынасын зерттеушiлердiң көпшiлiгi оны патриархалдық қарым-қатынас деп санайды. Әсiресе, ол көшпелi және жартылай көшпелi мал шаруашылығы аймақтарында басым болған. Ал, экономикалық жағынан неғұрлым дамыған Қазақстанның Оңтүстiк аудандарында феодалдық қарым-қатынастардың көбiрек қанат жайғандығы атап көрсетiледi.
Қазақ жерлерiнiң жоғарғы басқарушысы хандар болатын. Олар тек Шыңғыс хан ұрпақтарынан шыққан, өздерiнiң сұлтандарымен бiрiгiп билiк жүргiздi. Демек, көшпелi халық бұқарасына малдарын жайып бағуға берiлетiн жерлер билеушi әулеттiң меншiгi болып саналды. Қазақ қоғамын әлеуметтiк-таптық топтарға бөлу негiзiне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрi, әлеуметтiк шығу тегi алынды. Жоғары аристократтық топ-ақсүйектерге Шыңғыс әулеттерi: хандар, сұлтандар, оғландар немесе төрелер, билер, бектер сондай-ақ, қожалар жатты. Шыңғыс әулеттерi қазақ рулары мен тайпаларының ешқайсысына жатпайтын, олар қоғамның басқарушы тобын құрады. Ал бүкiл өзге халық әл-ауқаттылық жағдайына қарамастан төменгi топқа-қара сүйекке жатқызылды. Қарапайым халық қатарына - шаруалар, малшылар, егiншiлер мен қолөнершiлер, жатақтар мен қала халықтары, ұсақ саудагерлер мен ауыл адамдары, т. б. кiрдi.
Мал шаруашылығы. Қазақтардың XVI­XVII ғасырлардағы шаруашылығының басты саласы, бұрынғысынша, көшпелі және жәртылай көшпелі қой, жылқы және түйе өсіру болды. Қазақтардың шаруашылық қызметінде аң аулау мен балық аулаудың біршама маңызы болды.
Егиншілік. Бірқатар аймақтарда қазақтар егіншілікпен де шұғылданған. Егіншілік мәдениетінің дәстүрлі ошақтары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда, әсіресе Сырдария, Арыс, Шу, Талас өзендері аудандарында, Қаратаудан басталатын өзендердің аңғарларында, сол сияқты Ұлытау төңірегінде, Атбасар даласында шоғырланды.
Қалалары. XVI­-XVII ғасырларда Қазақстан территориясындағы, ең алдымен Сырдария ауданындығы қалалар өмір сүріп, жекелеген реттерде тіпті ұлғая түскен. ХV ғасырдың аяғында ­XVI ғасырда Сығанақ Шығыс Дешті Қыпшақтың ірі экономикалық және саяси орталығы ретіндегі манызын сақтап қала берді. XVI-­XVII ғасырларда Ясы қаласы бүкіл Оңтүстік Қазақстанның, немесе сол заманғы деректемелер бойынша, Түркістан өңірінің аса ірі орталығы болған. Қалалық орталық ретінде Сауран өз маңызын сақтап қалды. XV ғасырдың 80-ші жылдарында Сауранды қазақтың алғашқы хандарының бірі – Жәнібек ханның баласы Еренші сұлтан билеген. Қазақ хандары мен Шайбани әулетінің Түркістан үшін күресінің алғашқы кезеңінде, XV ғасырдың үшінші ширегінде ­XVI ғасырдың басында Отырар өлкенің әлі де болса ірі әкімшілік орталығы болып тұр еді. Отырарды билеу Сырдария бойындағы бүкіл өңірге билік құруға дәмеленуге мүмкіндік берді. Кейінгі орта ғасырларда Сайрам Мауараннахрдан Дешті Қыпшақ пен Жетісуға келетін сауда жолдарының түйіскен жерінде жатқан, халық жиі қоныстанған егіншілікті ауданға айналған.
Деректемелерде Сырдария өңіріндегі егіншілік аймағы бар басқа да қамал-қалалар – Аркөк, Үзкент, Аққорған және басқа қалалар аталады.
Тұрғын үй. XVI-XVII ғасырлардаға Қазақстанның көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын халқының басым көпшілігі көші-қонға ынғайлы тұрғын үйлерде тұрды. Малшылар «жер үй», «қара там», «шошала» деп аталатын жертөлелер мен жер бетіне салынған үйлерде тұрды. Қазақтардың жазда тұратын үйлері екі типті: киіз үй және арбаға ортылған жылжымалы үй (күйме) болды.
Ақындар, салдар, серілер, жыраулар. XV-­XVII ғасырларда қазақтардың тақырыбы мен жанры жағынан алуан түрлі ауызша творчествасы өрістеді. Халық арасынан шыққан талантты адамдар – ақындар, салдар, серілер, жыраулар болды. Ерлікті, жауынгерлік жорықтарды жырлаған Доспамбет жырау (XVI ғ.), сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғасы – Шалкиіз жырау болды. XVII ғасырда жырау поэзиясының дәстүрлерін Марғасқа мен Жиембет жалғастырды.
Қазақтар көктемде 22-ші наурызды, күн мен түннiң теңелетiн кезеңiн "наурыз тойы" – деп атап өтудi ертеден әдетке айналдырған. Бұл тойда қазақтар ағайын-тума, ауыл-аймағын аралап, жаңа жылмен құттықтап, молшылық пен егiндiктiң түсiмдi болуына тiлектестiк бiлдiрiп, бата бердi.
ХVI-ХVII ғасырларда қазақтар арасында ислам дiнi кеңiнен тарады. Оны таратуға Сығанақ, Түркiстан, Хорезм, Бұқара, Самарқанд сияқты қалалар айырықша рөл атқарды. Алайда, ислам дiнi еңбекшi халық арасында терең тамыр жайған жоқ. Оған себеп дүркiн-дүркiн жүргiзiлiп отырған қақтығыстар, соғыстар және түрлi саяси қарама-қайшылықтар. Сондықтан халықтың бiр бөлiгi ислам дiнiн көпке дейiн қабылдамай, тәңiрге табынуға негiзделген нанымды ұстады. Қазақтар өмiрiнде отты қасиеттеу үлкен рөл атқарды.
Қазақтың батырлар жыры эпосқа тән аңыз сияқтанғанымен, олардың бәрi дерлiк тарихи оқиғаларға құрылған. Мәселен, Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтiк-тұрмыстық дастандары да /"Қозы Көрпеш-Баян сұлу", "Қыз Жiбек" т.б./ феодалдық-рулық қоғамның өмiрiн үлкен шеберлiкпен көрсетедi.
Қазақтар жазуда араб әлiп-биiн тұтынды. ХVI-ХVII ғасырларда, негiзiнен алғанда, феодалдық жоғарғы топтың өкiлдерi - хандар, сұлтандар, билер, молдалар және қожалар сауатты болды. Халық арасында ана тiлiндегi жазба әдебиет дiни және тарихи мазмұндағы кiтап түрiнде тарады.
Сонымен, ХV-ХVII ғасырларда қазақ хандығында шаруашылықтың және мәдениеттiң дамуында елеулi iлгерiлеушiлiк орын алды. Оның басты бiр себебi, қазақ халқының бiртұтас мемлекет болып бiрiгуге ұмтылуымен байланысты едi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет