Қыпшақтар Сырдарияның орталық және төменгі ағысында Арал жағалауына орналасып, ондағы оғыздарды ығыстырған. Сөйтіп, ХI ғасырдың алғашқы кезінен қыпшақтардың саяси беделі өсіп, қимақтар оларға тәуелді бола бастаған.
Алғашында Қыпшақ мемлекеті қимақ жерлерін ғана қамтыған болса, ХI ғасырдың соңында оның құрамына орыс жерлерінің оңтүстік далалы аудандарыда (Дон өзеніне дейін) кірген. Орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болған.
Қыпшақ сөзі тұралы алғашқы мәліметтер б.з.б. III-П ғасырларда Қытай жазба деректерінде кездеседі. Қыпшақтар Қазақстан аумағында алғашқы пайда болған кезі VII ғасыр. VII ғасырда Алтай жеріндегі теле тайпаларының батысқа (Қазақстанға) жылжығандығын, олардың ішінде "хэ-си-сик" (қыпшақ) тайпаларының болғандығын Қытай тюркологы Цянь Чжунь Мянь жазған.
Х ғасырдан бастап шығысы Селенгі өзенінен, батысы Карпат тауына дейінгі аралықта өмір сүрген қьшшақ тайпалары әр түрлі аталып жүрді. Мұсылман авторлары оларды қыпшақтар деп, олар мекен еткен аймақты “Дешті Қыпшақ” (Қыпшақ даласы) деп атаған. Ал Батыс Европа деректерінде командар, орыс жылнамаларында половцылар деп аталған. Қыпшақ деген атау пайда болғанға дейін, олар әртүрлі деректерде книга, сары, хардиш, палоч, плавцы, куны т. б. деп те аталған.
XI ғасырдың екінші жартысынан бастап қыпшақтардың этникалық қүрамына қимақтар, байандулар, баяуттар, қаңлылар, ұран тайпалары кірген. Әбу-л-Ғазиз Ыстыкөл мен Талас жағалауына қоныстаған қаңлыларды да кіргізеді.
Қыпшақ мемлекетінің саяси жағынан күшейіп тарих сахнасына көтерілген кезі -XI ғасыр. Бұл кезде олар Орта Азия елдерімен, Русьпен, Каба бойындағы булғарлармен, Кавказ халықтарымен т.б. мемлекеттермен саяси жене экономикалық байланыстар жасап отырған. Қыпшақтардың саяси беделінің тез өрлеуіне Сырдария және Арал бойында оғыз қағандарын талқандап, ол жерлерге ие болып алғаны үлкен әсер етті. Сонымен қатар олар Оңтүстік орыс далаларын, Кавказ, Қырым жерлеріне иелік етіп, территориясын Донға дейін ұлғайтты.
Шаруашылығы: Қыпшақтардың шаруашылығында басты орын-мал осіру болды. Ибн Баттутаның жазуына қарағанда, “қыпшақтардың жер жағдайының малға қолайлы және олардың жеріндегі мал жейтін шөптің жұғымдылығының соншалықты пайдалы екендігін айта келіп, олар сондықтан да малдарына арпа сияқты жем бермейді, малдың көптігін айтып, мұндай жер ешбір елде жоқ шығар”,- деп таңданады. Барлық жерде бірдей болмаса да, қыпшақтар ірі қара да өсірген. Оны Ибн Баттутаның “қыпшақтар арбалардың ауыр, жеңілдігіне қарай өгіз бен түйе де жегеді”,- деген хабары аңғартады.
Қыпшақтардың өмірінде аса маңызды орын алған жылқы болды. Ол жазба деректерде хабарланса, археологиялық зерттеулерде де қымбат бағалы заттар бірге қойылған обалардан міндетті түрде тамаша жасалған ат - әбзелдер, аты бірге қойылған зираттар кездеседі. Қыпшақ жылқылары төзімділігі, жүріскерлігі, жорғалығының арқасында халықаралық сауда қатынасында ерекше бағаланған.
Мал шаруашылығын айтқанда, қыпшақтардың қалай болса солай, ретсіз көшіп жүрмей, өздерінің жаз жайлау, қыс қыстауларына, ертеден қалыптасқан тұрақты өз жерлерінде көшіп жүргендерін ескерген жөн. Деректер осы күнге дейін кейбір тарихшыларымыздың Қазақстанда мал өсірумен айналысқан тайпаларды “олар қысы-жазы тынымсыз қалай болса солай, шөбі шүйгін, суы мол жер іздеп көшіп жерді”-деген пікірлерінің дүрыс еместігін көрсетеді.
Қыпшақтарда үй-жай арба үстіне тігілетін жәңе тез арада қүрастырылатын киіз үйлер болған, қыстауларда жеркепелерде тұрған. ХII ғасырдың екінші жартысынан бастап қыпшақтардың кейбір бөліктері Сығанақ, Сауран, Жент, Құмкент сияқты қалаларда және олардың аумағына, Сырдарияның бойында отырақшылана бастайды. Малсыз кедейлер егіншілікпен айналыса бастаған. Әсіресе, тарыны көп өсірген. Қыпшақтарда үй кәсібі, қолөнер жақсы дамыған. Малдан алынған заттардан қажетті бүйымдарды өздері жасаған. Қыпшақтарда ағаш шеберлері, темір ұсталары болған, зергерлік өнері де жақсы дамыған.
Достарыңызбен бөлісу: |