Бақылау сұрақтары
Қазақстан тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері
Тарихтағы ақтаңдықтар ұғымының мәні
Қазақстан тарихының дерек көздері
Қазақстан тарихының кезеңдері
Тарихи сананы қалыптастырудың тұжырымдамасы
Әдебиеттер
1.Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1 т. –Алматы, 1996.
2.Қазақ ССР тарихы. 5 томдық. 1 т. – Алматы,1980.
3.Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана.-А.,1979.
4.Козыбаев М.К.,Байпаков К.М., Таймағанбетов Ж. История Казахстана с древнейших времен до наших дней. –Алматы,1993.
5.Маргулан А.Х., Акишев К.А.,Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. –Алматы, 1966.
6.Маргулан А.Х. Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана.-Алматы, 1979.
7.Кадырбаев М.К., Курманкулов Ж. Культура древних скотоводов и металлургов Сары-Арки. –Алматы,1992.
8.Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан.-Алматы,1995.
Лекция №2
Қазақстанның ежелгі тарихы
Жоспар
1.Адамның пайда болуы (антропогонез)
2.Тас дәуіріндегі Қазақстан (палеоліт ,мезолит, неолит, энеолит)
3.Қола дәуіріндегі Қазақстан.
Алғашқы қауымдық құрылыс адамзат тарихының ең алғашқы кезеңі. Бұл кезеңнің басталу мерзімін ғалымдар 1 млн. жыл бұрын , яғни ежелгі тас дәуірі -деп есептейтін. 1959 жылы Шығыс Африкадағы Олдувое мекенінен табылған адамның жақ сүйектері адамның пайда болуы түралы мәселеге үлкен жаңалық енгізді. Ғалымдар бұл адамды шартты түрде “зинджантроп” деп атады . Ол 1.750 000 жыл бұрын өмір сүрген деп саналады. 1960 жылы дәл сол жерден археологтар 11-12 жастағы баланың бас сүйегін қазып алды. Ол зинджантроп табылған қабықтан төменгі қабықта орналасқан екен. Зерттеушілер бұл ежелгі адамды оның дене бітіміне және онымен бірге табылған тас қарулар негізінде “епті адам” деп атаған.
Аталмыш жәдігер адамзаттың ежелгі әулеттері 2 млн. жыл бұрын пайда болғандығынан дерек береді. Оның бас миының көлемі 652 см³-ді құраған, яғни қазіргі маймылдардың миынан әлде қайда үлкен болған. Ол маймыл сияқты төрт аяқпен емес, екі аяқпен жүрген. Олардың негізгі еңбек қарулары тастан жасалған.
Адамзат дамуының кезекті сатысы “тік жүретін адамдар” кезеңі. Бұл адамдардың өкілдері питекантроп пен синантроп.
Питекантроп адамы бірінші рет 1891 жылы Ява аралынан табылған. Ол осыдан 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Қазіргі уақытта Европа және Азиядан, Шығыс және Оңтүстік Африкадан 10 питекантроп адамының сүйектері табылған. “Епті адаммен” салыстырғанда питекантроптың бас миының көлемі үлкен, яғни 950 см³ болған. Бас және жақ сүйектері кішірейген, аяғы ұзарып , қолы қысқарған.
Синантроп адамы 1927 жылы Пекин маңындағы Чжоу Коу Дянь үңгірінен табылған. Қазіргі ғылымда 50 синантроп мекендері зертелген. Синантроп адамдарының сүйектері мен олардың тас қарулары, отқа күйдірілген тастар табылған. Мүның өзі синантроптың отты пайдалана білгендігін дәлелдейді.
Адамзат дамуының кезекті сатысы неондерталь адамының дәуірі, ол алғаш Германияның Неондерталь қаласы маңынан табылған. Оны өзінің бұрынғы әулеттерімен салыстырғанда дене құрылымында едәуір өзгерістер болған: қас үстіндегі томпақ жоғалып, маңдайы тегістелген, иегі пайда бола бастаған. Бас миы қабығының көлемі 1300-1400 см³ болған.
Қазіргі тарих ғылымында Евразия және Африка аймақтарынан 120-дан астам неондертал адамының қалдықтары зерттелген. Сондай-ақ неондерталь адамы 1938 жылы Өзбекстан Республикасының Тесікташ үңгірінен де табылған.
Алғашқы адамдар бірге жүріп, өздеріне баспана, мекен-жай үшін үңгірлерді, апандарды жануарлардан тартып ала бастайды. Жыртқыш жануарлардан бірге жүріп қорғанады. Тапқан табыс ортақ болған. Бұлардың өмірі маркстік турғыдан қарағанда, алғашқы қауымдық “коммунизм” деп аталған.
Алғашқы қауымның өндіргіш күштері түралы мәліметті археология ғылымы береді. Олар:
бірінші – алғашқы адам;
екіншісі – оның тас құралы;
Археология ғылымы зерттеуді осы тас құралдардан бастайды.
Дүние жүзіндегі тас дәуірінің классификациясы бойынша көне тас дәуірі мен жаңа тас дәуірінің арасында өтпелі дәуір мезолит - (мезо-орта, лит-тас, яғни “орта тас”) дәуірі бар. Бұл дәуір б.з.д. 10 мың жылдықтан – б.з.д. 5 мың жылдыққа дейіндегі тарихи дәуірді қамтиды.
Мезолит дәуірінің өзіне тән бір ерекшелігі – адам баласының өмірінде ірі- ірі екі оқиға болды:
Біріншісі, - жаңа қарудың пайда болуы: Садақ пен жебе ойлап шығарылды және микролиттер – үшбұрыш, ромб, трапеция, сигмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды.
Екіншісі, - дәуірдің аса маңызды белгісі мал өсіру мен егіншілік, яғни өндіруші шаруашылық деп аталатын шаруашылық туды; бұл өндіруші шаруашылық табиғаттың дайын өнімдерін иемдену орнына: жиып – теру, аң аулаудың орнына келеді.
Шаруашылықтың жаңа түрлерінің шығуының адамзат қоғамының дамуы үшін орасан зор маңызы болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапа жағынан өзгертті. Адамның экономикалық қызметінен одан кейін талай мың жылдарға созылған бүкіл тарихы шаруашылықтың осы екі формасының даму, жетілу тарихы болып табылады.
Жаңа тас-“неолит” дәуірі б.з.б. бес мың жылдық пен б.з.б. үш мың жылдық арасын қамтиды.
Еліміздегі жаңа тас дәуірінің ескерткіштерін зерттеуде академик Ә.К.Марғұлан бастаған қазақ археологтарының еңбектері де айтарлықтай. Олардың ішінде, әсіресе тас дәуірдің маманы Х.Алпысбаевтың еңбегі зор. Ғалым Оңтүстік Қазақстанда жүргізген ғылыми барлау жүмыстарының барысында (1970-1977жж.) Жаңашелек 1,2,3, Маятас, Дермене 1,2,3, Арыс 1, Тасқотан жерлерінен және Жезқазған жерінен Щалқия 1 қаласын орта және жаңа тас дәуірлерінің ескерткіштерін зерттеген. Ғалым табылған тас құралдарға анализ жасай келіп, Оңтүстік Қазақстаннан табылған тас құралдар орта және жаңа тас дәуріне жататындығын айтса, ал Жезқазған өңірінен табылған тас құралдар жаңа тас дәуірінің соңғы кезіне жататын дығын дәлелдейді. Бұдан шығатын қорытынды, егер, Оңтүстік Қазақстан көне тас дәуірінің кезіндегі адамдардың Отаны болса, одан біртіндеп, орта және жаңа тас дәуірінің кезіндегі адамдар Қазақстанның басқа аудандарына тарай бастаған деген ой туғазды.
Қола дәуірінің соңғы кезінде аталық-рулық құрылыс әлеуметтік жағынан өзгеріске түседі. Біріншіден, металдан жасалған құрал-жабдықтың пайда болуының өзінен біртіндеп өндіргіш күштің өскендігін көрсетсе, екіншіден өндірістік қатынастың да дамығанын байқатады. Оның өзі Қазақстан жерінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырай бастағаны.
Қола дәуірінің қоныстарынан, молаларынан табылған үй жануарлары- ның сүйектері мал шаруашылығының дамығанын да көрсетеді. Ф. Энгельс “бұл дәуірде пайда болған, мал бағушы адамдар тағылар тобының арасынан бөлініп шыға бастаған – осының өзі алғашқы еңбек бөлінісінің пайда болғаны” – дейді.
Мал басының көбеюі алғаш рет өнім көзінің өсуін көрсетеді. Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы қатар дами бастайды. Қола дәурінде мал басы көбейіп, енді жайылым іздеп, жаз айларында жайлауға шығатын көшпелі мал шаруашылығы пайда болады.
Қоладан жасалған құрал-жабдықтың және әшекей бұйымдардың көптеп табылуына қарағанда, адамдар руда бар жерді тауып металл өндеуді игерген. Академик Қ. Сәтбаевтың айтуына қарағанда, ертедегі кеншілер құрамында 5 фаиз мысы бар рудаларды пайдаланған. Ертедегі Жезқазған рудасынан 1000000 тоннадай алынған. Сонымен қатар бұл кездегі адамдар әлі де болса тастан, сүйектен құрал жасаудан бас тартпаған. Оған дәлел қоладан жасалған құрал-жабдықтардың өзі өмірге деген қажеттілікті толық өтей алмағандығын көрсетеді.
Қазақстан территориясындағы қола дәуірі мәдениеті үш кезеңге бөліп зерттеледі:
-бірінші кезеңі - б.з.б. ХVIII--ХVI ғғ;
-екінші кезеңі - б.з.б. ХV – ХIII ғғ;
-үшінші кезеңі - б.з.б. ХII--VIII ғғ.
Қазақстан жеріндегі қола дәуірі кезінде өмір сүрген адамдардың мәдениеті Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті болып екіге бөлінеді.
Андронов мәдениетінің өзіне тән ерекшеліктері бар болғандығынан үш кезеңге бөлінеді:
Федоров кезеңі;
Алакөл кезеңі;
Замараев кезеңі;
Федоров кезеңінде адамды жерлегенде, мәйітті өртеп күл-көмірін қойған. Ал кейбір жерлерде өртемей оң жақ қырымен жайғастырылып, бас жағына ас салынған құмыра, біз, пышақ тағыда басқа әшекей заттар бірге қойылған. Жасалған көзелердің шығыңқы келген иықшалары болған.
Алакөл кезеңінде өлікті жерлегенде, жартылай өртеп қою етек алған, көзелердің сыртындағы иықшалары жойылып, оның жаны ернеуінен түбіне қарай күрт түседі. Ал сыртындағы өрнектер көзенің тұла бойында үш бөліктен салынған, ернеуінен мойнына дейін бір бөлек, бүйірінде екіншісі, түп жағында үшінші бөлік. Өрнектер көбінесе геометриялық сызықшалар, әсіресе, үшбұрышты және қошқар мүйізді үлгілерде де кездеседі. Қола дәуірінің осы екі кезеңінің қыштан жасалған ыдыстарының сыртындағы ою-өрнектердің үлгілері қазақ халқының тұскиіз, текемет, алаша, кілем, сырмақ сияқты бұйымдарының үлгі-өрнектері мен ұқсастығын көруге болады.
Замараев кезеңі – қола дәурінің соңғы кезеңі. Ғалымдар темір дәуіріне өтетін өтпелі кезең деп те атайды. Оның өзіне тән ерекшеліктері:
- адамды өртемей шалқасына жатқызып жерлеу;
- Замараев кезеңінде құмыралардың жасалу сапасы жағынан және сыртына салынған өрнектерінің әдемілігі жағынан нашарлай бастайды. Ал діни нанымдар сол алдыңғы кезеңдердегідей сақталады.
- Ғылыми пікірлерге қарағанда, жоғарыда көрсетілген кезеңдерде өмір сүрген рулар бірінің орнын екіншісі басып, екіншісінің орнын үшіншісі алмастырып дамып отырған.
Қола дәуірінің ескерткіштеріне жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстары - бұл кездегі өмір сүрген адамдардың шаруашылығынан әдет- ғұрып, наным – сенімдерінен ғана ақпар беріп қоймай, олардың саяси - әлеуметтік және қоғамдық құрылысынан да хабар береді. Қазба жұмысы жүргізілген молаларда, отбасылық, аталық рулық зираттар кездеседі. Олардың өзіне тән ерекшеліктері болған. Мәселен, отбасылық молалар бір қоршаудың ішіне жерленсе, ал аталық рулық қабырлерде ер адамның жанына оның әйелі қоса жерленген.
Қазақстандағы Андронов тайпаларының басқа аумақтардағы тайпа лармен айырбас сауда қатынастарын жасағандығын көруге болады. Мәселен, Оңтүстік Сібір жеріндегі Афанасьев мәдениетінің молаларынан Арал теңізінде кездесетін ұлулардың сүйектері табылған. Андронов тайпаларының молаларынан Мысыр, Месопотамия жерінде жасалган әйнек тәріздес моншақтар да табылған. Мұның өзі сауда қатынасының қола дәуірінің кезінде-ақ жандана бастағандығына дәлел.
Қола дәуіріндегі Қазақстан аймақтарына тән тағы да бір мәдениет Беғазы-Дәндібай мәдениеті болған. Бұл мәдениеттің алғашқы мекендері Қарағанды маңындағы Беғазы ауылынан және Балхаш көлінің солтүстік жағалауындағы Дәндібай ауылынан табылған. Бұл мекендерден табылған заттар бір дәуірге тиісті болғандықтан олар Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталады.
Беғазы-Дәндібай мәдениетін зерттеген ғалым қазақтың аса көрнекті археологы Әлкей Марғұлан.
Қола дәуіріндегі Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің өзара айырмашылықтары бар:
Достарыңызбен бөлісу: |