Ерте замандағЫ Қазақстан кіріспе. Қазақстан тарихы курсының мақсаты мен міндеттері Жоспар Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері. «Қазақстан тарихы»



бет38/44
Дата18.02.2024
өлшемі0.83 Mb.
#492319
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44
Лекция (1)

Бақылау сұрақтары:
1. Ауыл шаруашылық реформасы
2. Сталиннің жеке басына табынуды айыптау
3. Экономиканы басқаруды реформалау
4. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру
5. Демографиялық жағдай

Әдебиеттер:


1. Қазақстан тарихы. Очерк. ,Алматы.,1993
2. Күзембайұлы. Қазақстан Республика-ның тарихы. Алматы., 1998
3. К.Рысбаев Қазақстан Республикасының тарихы. А., 2002 ж.
4. Қазақстан тарихы : ақтаңдақ беттерінен. А., 1991 ж.
5. Ч.Мусин Қазақстан тарихы А., 2003 ж.

Лекция №25


Брежнев билігі кезіндегі Қазақстан
Жоспар:
1. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының экстенсивті сипаты
2. Экономиканы реформалаудағы сәтсіздіктер
3. Қазақстандағы тоқырау, оның себептері

60-шы жылдардың бірінші жартысындағы қоғамдық өзгерістердің саясаттың ерекше белгісі, оның қайшылығы мен жеке адамға табынуды жою процесінің нақты жетістіктері, сондай-ақ экономикалық дамудың белгілі бір табыстары еді.


Партияның XXII съезінде (1961 ж.) КОКП-ның жаңа Бағдарламасы туралы айта келіп, Хрущев: "бұл коммунизмнің материалдық-техникалық базасын салу бағдарламасы, бұрынғылардан оның өзгешелігі - ол 20 жылға есептелген шынайы бағдарлама" - деп мәлімдеді. Бұл кезеңнің соңында коммунизмнің базасы жасалып бітеді, сөйтіп "кеңес адамдарының қазіргі ұрпағы коммунизм тұсында өмір сүретін болады". Хрущев бүгінгі қиындықтар уақытша, 20 жылдан кейін кеңес адамдарын тек жақсы өмір ғана емес, коммунизмнің басталуы күтіп тұр деп дәмелендірді.
Қалыптасқан жағдайды түзеу және жол берілген қателіктерді жою жөнінде кезек күттірмейтін шұғыл шаралар алған КОКП Орталық комитетінің Қазан /1964 ж/ Пленумы өтті. Пленум Н. С. Хрущевті КОКП Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы және КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы міндеттерінен босатты. Оның орнына КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы етіп Л. И. Брежневті сайлады, ал Кеңес үкіметінің басшысы етiп КСРО Жоғарғы Кеңесі А. Н. Косыгинді тағайындады. Осының артынша партия кеңес және басқа қоғам ұйымдарын 1962 жылы жүзеге асырылған өндiрстік принцип бойынша бөлу ойластырылмаған іс деп бағаланып, олардың территориялық-өндірістік принцип бойынша құрылуын қалпына келтіру ісі қолға алынды.
Еліміз әміршіл-әкімшіл жүйе жағдайында, оның партия, мемлекет басшысының толық билігімен өмір сүріп жатты. Хрущевтің айтуымен, республика басшылығының аударыс-төңкерісі жиіледі. Көп жыл Қазақстан партия ұйымының басшысы болып келген Ж. Шаяхметов орнынан алынып, оның орнына келгендер қолғапша ауыстырылды. Шаяхметовтың орнына келген П. К. Пономаренко /ХІ.1954-Ж VII. 1955 ж/, оны ауыстырған Л. И. Брежнев /VII. 1955 ж-ІІІ.1956 ж/, одан кейін И. Д. Яковлев /III. 1956 ж-ХІІ.1957 ж/, ол түсірілгеннен кейін келген Н. И. Беляев /XII. 1957 ж-ХІІ.1960 ж/, оны ауыстырған Д. А. Қонаев /XII. 1960 ж-XII. 1962 ж/, одан кейін Хрущевтің ұнатуымен болған И. Ю. Юсупов /XII. 1962 ж-XII. 1964 ж/ республикада партия басшылығының қалыпты жұмыс істеуіне ықпал жасай алмады.
Бұл кезде экономикалық реформаларға жасалған сәтсіз талпыныстар, өндіріс күштерінің тиімсіз орналастырылуы, халық шаруашылығын басқару жүйесінің ат үсті және жиі-жиі өзгертілуі республиканың экономикалық дамуына кері зардаптарын тигізді.
Бүкiлодақтық халық санағының мәлiметтері бойынша 1970 жылы 15 қаңтарда республикада 13 миллионнан аса адам болған, олардың қалаларда 51 пайызы, селолық жерде 49 пайызы тұрды. Басқа республикалардан халықтардың көптеп келуімен байланысты республикада қазақ халқының саны едәуір азайып кетті. Ол республиканың демографиялық әлеуметтік жағдайына және ұлттық тілдің жойыла бастауына әсерін тигізді.
Бұл кезде Қазақстан жұмысшыларының қатары сан және сапа жағынан өсті. 1970 ж. 3,4 миллионнан астам жұмысшы болды, бұл 1940 жылдан 5 есе көп еді. Жұмысшы табының ұйтқысы өнеркәсіп жұмысшылары екені мәлім. Қазақ жұмысшыларының аз болуының басты себебі: жоғарғы басшы органдар жерілікті халықтан маман кадрлар дайындауға қамқорлық жасамады, олар жұмысшы күшiн сырттан әкелудi артық көрді.
Қазақстанның экологиялық жағдайы төмендей түсті. Республиканың барлық өнеркәсіпті қалаларында, әсіресе, Өскеменде, Шымкентте, Жамбылда, Алматыда ауыр экологиялық жағдай қалыптасты. Қазақстан жеріне ядролық каруларды сынаудың аса ауыр зардабы тиді. 1948 ж. КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша үш облыстың: Семей, Павлодар және Қарағанды облыстарының түйіскен жеріне орналасқан ядролық полигон салынды. Оның қоршаған табиғатқа, адамдардың денсаулығына әсері өте қауіпті болды, бұл аудандардың тұрғындары радиациялық сәуледен үлкен зардап шекті. Бірақ осыған қарамастан КСРО Денсаулық сақтау министрлігі бұл өңірде дәрігерлік тексеру жүргізуге тыйым салды, ал әскери дәрігерлер алған мәліметтер қатаң құпияда сақталып, ядролық полигонның қызметі келтірген зиянның бәрін жасырып отырды. Радиацияға ұшыраған адамдардың денсаулық жағдайын ішінара зерттеу тек 1962 жылдан ғана басталды.
Тек, сегізінші бесжылдық жылдарында Қазақстанның ұлттық табысы 63 пайыз, жан басына шаққанда 48 пайыз, айлық орташа жалақы 25 пайызға артты. Қалада да, селода да қызметкерлердің төмен және орташа ақы төленетін категорияларының жалақысын арттыру жүзеге асырылды. Жалақы минимумы айына 60 сомға дейін, ал қызметкерлердің кейбір категориялары бойынша 70 сомға дейін көтерілді. Колхозшылардың табыстары көбейді. Бірақ 60-шы жылдардың басында мәдениеттің дамуында қарама-қайшы айқындамалар пайда болды. Мәдени ортаға жалпы көзқарас бұрынғысынша оны әкімішіл-әміршіл идеологияға қызмет еткізуге ұмтылуымен ерекшеленді.
Кеңес Одағы бойынша өнеркәсіп өнімінің жылдық өсімі 1961-70 жылдары орта есеппен 8,7 пайыз болған болса, 1981-85 жылдарда 3,7 пайыз болып құлдырады. Қазақстанда 1981-86 жылғы бесжылдық жоспарды әрбір 4 кәсіпорын орындамады, 1986 жылға дейінгі 9 жылдың ішінде республикадағы 334 кәсіпорынның тең жартысы нормативтік қуатына жетпеді. Мұндай көріністі ауыл шаруашылығынан да байқауға болады.
Тоқырау саяси салада да болды. 30-жылдардан қалыптаса бастаған әкімшілдік-әміршілдік жүйе тоқырау жылдарында күшейе түсті. Демократия дамымады, үкімет билігі халық кеңестері қолынан партия комитеттерінің қолына өтті. Конституцияда көрсетілген азаматтардың құқығы бұзылды, басқаша ойлаушылар қудаланды, сөз, баспасөз бостандығына қатал цензура қойылды.
Әлеуметтік-рухани салада да тоқырау көрінісін байқауға болады. Экология саласындағы құлдырау халық денсаулығына ерекше зиян әкелді. Арал қасіреті, Байқоңыр, Семейдегі ядролық қару сынау халқтың денсаулығына орны толмас зиян келтірді.
Тоқыраудың негізгі себептері Кеңестер Одағына саяси салада бір партияның үстемдігі, экономикалық салада орталықтан басқарылатын жоспарлы экономиканың үстемдігі, идеология саласында бір ғана марксистік идеологияның үстем болуы, т.б. себептерді айтуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет